Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Киноиндустрияның экономикадағы үлесі қандай?

Киноиндустрияның экономикадағы үлесі қандай?

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Киноиндустрия – жай ғана өнер емес, экономиканың маңызды құрамдас бөлігіне айналған қуатты сала. Сол арқылы елге жаңа инвестиция тартылып, туризм саласы дамып, елдің халықаралық беделі де нығаяды. Сондықтан мемлекет кино өндірісін қолдауға мүдделі. Кинотеатрлар мен онлайн-платформалар арқылы түсетін прокат табысы, лицензиялық құқық, әлемдік нарыққа шығарылған өнімдер елдің экспорттық кірісін арттырады.

Инфографиканы жасаған – Зәуреш СМАҒҰЛ ,«EQ»

Қазір кинотеатрға бара қалсаңыз, отандық фильмдердің қарасына көз тоя­ды. Осыдан он жылдай уақыт бұрын көрермен қауымға бұл жай ғана арман еді. Бірінен-бірі асып, миллиардтаған касса жинап жатқан бүгінгі фильмдердің жанры да, сапасы да бөлек. Ел экономикасына қосып жатқан үлесі де аз емес. Мәселен, 2024 жылы отандық фильмдер көрсетілімінен 17,5 млрд теңге табыс түскен.

Әлем елдерінің тәжірибесі көрсеткен­дей, әйгілі фильмдер мен сериалдар түсірілген аймақтарға туристер ағылып, жергілікті экономиканың жандануына жол ашады. Мысалы, Жаңа Зеландия «Властелин колец» трилогиясынан кейін әлемдік туризм картасындағы ерекше бағытқа айналды. Сол сияқты Корея, Түркия, Үндістанның кино және телесериал индустриясы мәдени экспорттың негізгі көзіне айналып, экономикалық өсімге айтарлықтай үлесін қосып отыр.

Экономикалық зерттеулер институты Өңірлерді зерттеу және өмір сапасы орталығының аға сарапшысы Жанерке Рахманның айтуынша, кино өндірісі көптеген мемлекеттің ішкі жалпы өніміне (ІЖӨ) айтарлықтай ықпал етеді. Мысалы, Ұлыбританияда шығармашылық индустриясы 2,1 млн адамды жұмыспен қамтиды. Ал ІЖӨ-ге шамамен 153 млрд доллар көлемде үлес қосқан. Егер басқа да шығындарын қоса есептесек, жалпы экономикаға қосқан үлесі 235 млрд долларды құрайды. Ал Оңтүстік Кореяның креативті экономикасы фильм, видеоойын, драма және музыка саласында көшбасшылық танытып, қазір шамамен 680 мың адамды жұмыспен қамтып отыр. Сатылымнан ел шамамен 115 млрд доллар, экспорттан 10,3 млрд доллар пайда табады.

«АҚШ-та 2021 жылы креативті экономика деңгейі ІЖӨ-нің 4,4 пайызын құрады, бұл шамамен 1 трлн доллар. Ал мәдениет пен өнер секторын­дағы жұмыспен қамту 4,9 млн қызмет­керді қамтыған. Пандемияға дейін бұл көрсеткіш 5,2 млн болған еді. Стри­мингтік қызметтер және веб-публи­кациялар инфляцияны қоса есептегеннің өзінде 171,3 млрд доллар табыс әкеліп, АҚШ мәдениеті мен өнерінің ең ірі саласына айналған. Ал тек кино өндірісінің пайдасы 2021 жылы 68,9 млрд долларды құраған. Әлем бойынша шығармашылық тауарлар экспорты 2020 жылы 524 млн доллар болса, шығармашылық қызмет экспорты 1,1 трлн долларға жеткен», деді Ж.Рахман.

Бұл саланы дамытуға еліміз де білек сыбана кірісіп жатыр. Сарапшының айтуынша, бүгінде елдегі кино өндірісінің ірі индустрияға айналу әлеуеті жоғары. Киногерлерге мемлекет тарапынан қолдау шаралары көрсетіліп келеді.

«2023 жылы ел экономикасы жалпы кинокөрсетілімдерден 26,9 млрд теңге табыс көрді. Ал 2024 жылы бұл көрсеткіш 43,9 млрд теңгеге жетті, оның шамамен 24,2 млрд теңгесі шетелдік туындыларға тиесілі. Ал 17,5 млрд теңге отандық фильмдер еншісінде. Толық метражды фильмдер бойынша табыстың басым көпшілігі Алматы қаласында (15,8 млрд) тіркелген. Бұл Алматының ел киноөндірісінің маңызды орталығы екенін көрсетеді. Бұдан бөлек, бірлес­кен және шетелдік өндіріс үлесі де айтарлықтай нәтиже (974 млн) берді. Оларды мемлекеттік сектормен салыс­тыр­сақ, мемлекеттік сектор табысы 150 млн теңгені құрады», дейді сарапшы.

Осы ретте кино саласының қа­занында қайнап, оның қыр-сырын жетік меңгерген кинопродюсер Гүлнұр Мамасариповамен де тілдескен едік. Оның айтуынша, креативті индустрияға 2024 жылдан бастап енгізілген салықтық жеңілдік киногерлерге мемлекет тарапынан көрсетілген үлкен қолдау болып отыр. Бұл өзгерістің арқасында кәсіпкерлер корпоративтік табыс салығын, жеке табыс салығын, сондай-ақ қосылған құн салығын төлеуден босатылған. Оның орнына жеке кәсіпкерлерге 2–4 пайызға дейінгі, сондай-ақ ЖШС-ге 8 пайыз мөлшерінде бірыңғай салық енгізілген.

Кино нарығы қарқынды дамып жатқанмен, салада өзекті мәселелер де жетерлік. Г.Мамасарипова ең негізгі үш мәселені атап өтті. Оның айтуынша, кино түсіру барысында қаржы, локация, кей мекемелерге рұқсат алу жағы қиындық туғызады.

«Тәуелсіз продюсер болсаң, кино түсірерде есепке мықты болуың керек. Өйткені нарықта баға тұрақсыз. Шығынды қанша үнемдегенмен, барлығын нарық өзі реттейді. Бүгін арзандау бағаға алған техникаң ертең қымбаттап кетуі мүмкін. Сол сияқты актерлердің қаламақысы мен локациялардың бағасы да өзгеріп отырады. Көп жағдайда мектеп, аурухана, мемлекеттік мекемелер сынды ғимараттарға түсірілім тобымен кіру қиындық туғызады. Ал жабық түзету колонияларына мүлдем кіре алмаймыз. Сондықтан кино түсіруге лайықталған арнайы киностудия қажет-ақ. Мәселен, Ресейде, Голливудта киногерлерге жасалған арнайы декорациялар бар. Бізде мұндай мүмкіндік жоқ болғандықтан түсірілім тобымызбен белгілі бір мекемеге баруға мәжбүрміз. Ал мұндай жерлерге рұқсат алу қиын. Кірген күннің өзінде бағалары удай. Метро, көшеде түсірілетін сахналарға әкімдіктен рұқсат алудың да өз машақаты бар. Жол полициясының қолына түссеңіз, олар әкімдік рұқсатын мойындамайтын кездер болады. Осындай қиындыққа қарамастан, барлығын үйлестіре отыра түсірген киноң көрерменнен оң баға алғанда, бар қиындықты ұмытып кетесің», деді продюсер.

Расымен, бүгінде кино саласы үлкен бизнес көзіне айналып үлгерген. Бұл өнерге әркімнің таласы болғанмен, оның есебін өз мамандары ғана жете түсінеді. Шығынның бәрін үнемдеп, жай ғана бір ауылда кино түсіруге кем дегенде 150 млн теңге қажет. Ал шетелге барып кино түсіремін десеңіз, 400–500 млн теңге шығарасыз. Мұнша қаражатты қайтару үшін фильм шамамен 1 млрд 200 млн теңге жинауы керек. Өйткені оның 50 пайызы – кинотеатрларға, 10 пайызы – провайдерге, тағы бір бөлігі мемлекетке төлейтін салыққа кетеді. Бұған қарап, бұл салада тәуекел көп екенін аңғаруға болады. Ал қазақ: «Тәуекел түбі – жел қайық, өтерсің де кетесің, уайым түбі – тұңғиық, батасың да кетесің», дейді. Тәуекел етпей, әрекет қылмай, істің жемісін көрмейтінің тағы белгілі.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:208
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Желтоқсан 2025 03:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see173

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see165

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see162

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see161

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see154

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see154

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see144

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see142

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see142

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see138

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see135

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see134

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see132

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see131

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see128

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see125

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see119

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see119

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары