Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Транзиттік тасымал Экономиканың күретамырына айналады

Транзиттік тасымал Экономиканың күретамырына айналады

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Ақтөбеде  шетелдік инвесторлар, ірі бизнес өкілдері, орталық мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар мен қаржы институттарының  сарапшылары қатысуымен «AQTOBE INVESTMENT FORUM –2025» жиыны өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Австрия, Армения, Әзербайжан, Беларусь,  Малайзия, Үндістан, Хорватия, Эстония мемлекеттерінің  елшілері, Американдық   сауда палатасының Қазақстандағы атқарушы директоры Джефф Эрлих, Ресейдің өңірлік мемлекеттік органдарының ресми өкілдері, ҚХР-ның Ақтөбедегі Бас консулы қатысып, еліміздің бірнеше өңірлерінен қатысушылар бас қосты.  Халықаралық форумда Ақтөбе облысының инвестициялық әлеуеті таныстырылып, 17 меморандум мен келісімге қол қойылды. Экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық, өзара сауда, бірлескен өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық жобаларды дамыту, ауыл шаруашылығындағы терең өңдейтін кәсіпорындар құру мәселесі талқыланды. Назар аударарлық мәселе – Ақтөбе  әуежайының жанынан құрылған халықаралық еркін экономикалық аймақтың атқарушы компаниясы Үрімжідегі «Ганьцюаньбао» еркін экономикалық аймағымен келісім жасасты. Басқаша айтқанда, елімізде әуе жүк тасымалынан екінші орын алатын Ақтөбе әуежайы логистикалық хабқа айналады.   Гесоаяси ахуал күрт өзгерген қазіргі кезеңде жаһандық экономика бағдары да  қайта құрыла бастады. Халықаралық тауар тасымалы  құрлықтық Қазақстанда да логистиканың жаңа мүмкіндіктерін көрсетіп, шекаралас облыстарда  транзиттік тауар  хабтары ашылып жатыр. Алайда біздің  тасжолдар, теміржолдар мен әуе жолы тасымал көлемінің ұлғаюына шыдас бере ме? Көліктердің жарамдылығы, тасымал жүйесін ұйымдастыру деңгейі қандай? Үлкен сұрақ.  

Осы жағынан  өндірістік нысандары басым Ақтөбе облысында  да цемент зауыты, мұнай-химия, металлургия, химия, дәрі-дәрмек өндірісі, агрокешендер құру бағытында ірі жобалар қолға алынып жатыр. Логистикалық хабтар құру  – өнім өткізудің  тікелей платформасы.  «Аймақ экономикасына   инвестиция салуды жоспарлаған  инвесторға жан-жақты   қолдау мен көмек көрсетеміз. Ақтөбе облысында   19 мыңнан астам  кәсіпорын жұмыс істейді. Ал, құрылып жатқан арнайы экономикалық аймақта өңдеуші өнеркәсіп, көлік-логистика бойынша барлық бағыттағы  инвестициялық жобаларды  жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Тек биылдың өзінде   жалпы құны 110 миллиард теңгеден асатын сегіз жоба жүзеге асырылды», деді өңір басшысы Асхат Шахаров.

Инвесторларды прокуратураның келісімінсіз тексере алмайды

 Жаһандық экономика нақты өндіріс саласындағы инновациялық және әлеуметтік маңызды   жобаларға, тың ғылыми  әзірлемелерге, жаңа технологияларды енгізу бастамаларына зәру.  Сол себепті  технологиялық орталықтар, өнеркәсіптік хабтар, қаржы институттары, өңдеуші кәсіпорындар мен экспорттық әлеуеті бар агроөнеркәсіптік кешендегі ынтымақтастық бағыттары кеңінен сөз болды.   

Мәжіліс төрағасының орынбасары Дания Еспаева   қолданысқа енгізілетін Салық Кодексіндегі  инвесторларды қорғауға  қатысты  өзгерістерге тоқталды.   «Алдағы уақытта инвесторларға қатысты кез келген шектеу шаралары прокуратураның келісімінсіз жүзеге аспайды.  Бірде бір мемлекеттік органның прокуратураның рұқсатынсыз  инвесторларды тексеруге,   әкімшілік жауапкершіліке тартуға, шектеу шараларын қолдануға құзыреті болмайды. 

Екінші  маңызды жайт – ел Үкіметі   ұлттық цифрлық инвестициялық патформаны   жетілдіруге  күш салып жатыр.  Оның ішіне  инвестициялық келісім-шарттарды толық автоматтандыру да кірмекші.  Түпкі нәтиже –  инвестициялық жобаларға қатысты уақытша әкімшілік кедергілерді  азайтып, ашықтық пен жеделділікті қамтамасыз ету.  Ең алдымен   өңдеу өнеркәсібі мен агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық жобаларға арналған  «жасыл дәліз»  қолданысқа енгізіледі.  

Осы шаралар еліміздің инвестициялық саясат бағытының   ашықтығын айқындап, тұрақты құқықтық орта қалыптастырады және тез шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.  Елімізге келген әр инвестор   өзінің қорғалатынына сенімді болады», деді Дания Еспаева.

Елшілер Trans-Caspian  халықаралық көлік дәлізіне  назар аударды

 Австрияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Андреа Бахер 2024 жылы Австрия мен Қазақстан арасындағы тауар  айналымы  рекордтық деңгейге жетіп, 2,8 млрд евроны құрағанын, биылғы жылдың  9 айында  осы көрсеткіштің 11%-ға өскенін атап өтті. Оған Австрия мемлекетінің  Қазақстанмен тығыз байланыс орнатқан   400-ден астам компаниясы көп үлес қосқан.   Елші ханым  Еуропа мен Орталық Азияны қосатын   Trans-Caspian  халықаралық көлік дәлізінің инфрақұрылымдық жобасына қатысуға ықыласты екендіктерін де жасырмады. «Австрия  экономикасы  экспортқа бағытталған. Еліміздегі 10 евроның  алтауы   тауарлар мен қызмет көрсету экспортынан келеді» дей отырып, «Trans-Caspian»  тасымал дәлізінде контейнерлік көлік пен паром жолдарын дамытуға құрал-жабдықтар жеткізу мен машина жасау бойынша   қатысуға дайын екендіктерін айтты. Австрияның дауысы тұтас ЕуроОдақтың  дауысы деуге болады.  

Осы  жылы  контейнерлік тасымалдар мен паромдар арқылы «Trans-Caspian»  бағытын нығайту, цифрлық кабельдер жобасын құру бағытында қозғалыс жанданып, елдер арасындағы   автокөлік жолдары,  теміржол, әуедегі жүк тасымалын дамытуға,   логистикадағы  цифрландыру мен коммуникацияны жетілдіруге күш салына бастады.   Еуропа мен Азияның арасындағы тауар қозғалысына жол ашқан  Қытайдың «Бір белдеу – бір жол» стратегиясы бүгінгі күннің көзімен қарағанда өміршең бола бастады.  Өйткені, Қытай Еуропа бағытындағы   тауар тасымалында Қазақстанның аумағын тиімді пайдаланбақшы. Форумда сөз алған  ҚХР-ның Ақтөбедегі  Бас Консулы Го Юй Қазақстан Қытайдың  «Бір белдеу – бір жол»   жобасына  ең  бірінші болып келгендігін атады.  Ол  Қазақстан мен Қытай арасында байланыс  жақсы дамығандығын, қытай компанияларының  Қазақстанда ұзақ жылдан бері жұмыс істеп келе жатқанын,   соңғы жылдары  мұнай мен газ өндірісінен өзге салаларға басымдық беріп жатқанын атап өтті.   «Соның бәр дәлелі, жақында біздің елші мырза  Астанадағы Супер компьютердің ашылу рәсіміне  қатысты», дей отырып, қазақстандық мамандарды оқытуға үлес қосып отырғандығын атап өтті.  «Соңғы жылдары Ақтөбедегі біздің консулдық бөлімшемізден 300 маман Қытайда түрлі семинарларға қатысып, біліктілік жетілдіру курстарында оқып келді», деді Го Юй. 

Жиында сөз алған Қазақстандағы американдық сауда палатасының  басшысы Джефф Эрлих    американдық компаниялардың  мүдделерін қорғайтын қаржы ұйымының  бағыттары туралы айтып өтті.  «Біздің ұйымның жанындағы кеңес  инвестициялық климатқа байланысты қандай да бір кедергілер туғанда мәселе көтеріп, келіссөздерге арқа сүйейді.  АҚШ азаматы ретінде қазіргі жағдайға байланысты мынаны айтқым келеді. Әлемдік саясатта  «белгі» және «дауыс» деген түсінік бар. Вашингтон белгі мен дыбыс  берді. Бұл жерде  Орталық Азияның бес Президентінің Вашингтонда Трамп мырзамен кездесуін, сіздің Президентпен Ақ Үйде екіжақты кездесу өткізуін атап өтуге болады. Бұл белгі Вашингтонның Қазақстанға, тұтас Орталық Азияға бір бағытпен –бизнес бағытымен қарап отырғанын аңғартады. Қазір АҚШ-та бір  вектор  бар: ол –бизнес бағыты» дей отырып, тәжірибелі дипломат әлемдік сауда жолына   шығуы үшін Қазақстанның  «Trans-Caspian»  дәлізін пайдалануға  мүмкіндігі жоғары  екендігін атап өтті. Сонда-ақ Джефф Эрлих    қандай да бір елдің инвесторларға жақсы климат қалыптастыруында ішкі тұрақтылығы, заңдардың тез өзгермеуі маңызды деп атап өтті. Өйткені, инвестор тұрақтылықты ұнатады. Абырой қашанда жоғары тұруға тиіс. Ал, сол елдегі  инвестициялық ахуалды  көп жағдайда инвесторлар бір-бірінен сұрап, бағалайды. Заңды өзгерте беруге болмайды», деп атап өтті.

«Бір белдеу –бір жол» бағытына  «Trans-Caspian» тасымалы жол ашады. Осы бағытта тауар қозғалысы жылма-жыл еселеніп келеді.   Құрылық арқылы шығыстан жеткен тауар  Ақтау портынан Әзербайжан арқылы Грузияға, әрі қарай Батумидан  Қара теңіз арқылы Стамбулға жетіп, әрі қарай кетеді.  Екінші бағыты – құрлықтық Түркия арқылы Жерорта теңізіне жетіп, әрі қарай Таяу Шығысқа кетеді.   2024-2025 жылдар аралығында «Орта дәліз» тасымалы 2021-жылға қарағанда 5-6 есе ұлғайған. 202 жылы контейнер поездардың саны Қытайдан «Trans-Caspian» бағытында 33  есе артқан.  Алдағы жылы транзит пен контейнер тасымалы да күрт артпақшы. Осы орайда біздің  Үкімет логистикалық хабты дамытуда, транзиттік тасымалды ұлғайтуда білікті заңгерлер мен экономистердің қатысуымен ұлттық бағдарлама әзірлеуге тиіс. Әйтпесе, мемлекеттік орталық органдардың инвесторлар ісіне араласуын шектеу,  біржақты шешім болып қалады деген күдік бар.

Ақтөбе облысы.

 

Соңғы жаңалықтар

СҚО-да жол апатынан үш адам жарақат алды

Қоғам • Бүгін, 19:10

Транзиттік тасымал Экономиканың күретамырына айналады

Экономика • Бүгін, 18:51

Көлік нысандарында ауыр қылмыстардың саны азаймай тұр

Заң • Бүгін, 18:37

Қызылордада масаң күйде көлік басқарғандар ұсталды

Аймақтар • Бүгін, 18:20

Рамзан Қадыровтың ұлы кезекті марапатқа ие болды

Әлем • Бүгін, 18:15

Аида Балаева медиа саласындағы жылдың негізгі қорытындыларын жариялады

Қоғам • Бүгін, 18:02

Қытай мамандары қол мен аяққа арналған сезімтал протездер жасап шығарды

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 18:00

Мектеп әкімшілігі мұғалімдерден мәжбүрлеп ақша жинағаны рас па?

Қоғам • Бүгін, 17:55

Ұлттық тауарлар каталогі: 2026 жылдан бастап тауар айналымы жаңа цифрлық тәртіпке көшеді

Қоғам • Бүгін, 17:50

Спортшыларымыз Олимпиада ойындарында 10 спорт түрінен бақ сынайды

Спорт • Бүгін, 17:47

Шығармашылық зертхана: Айт-ман не айтқысы келеді?

Әдебиет • Бүгін, 17:40

Қарағанды облысының жолдарында 160 полицей жұмыс істеп жатыр

Аймақтар • Бүгін, 17:35

Жаңа жылдық көңіл күй сыйлайтын үздік фильмдер

Мереке • Бүгін, 17:30

Қазір қандай кітаптар өтімді? Нон-фикшн әлде көркем проза?

Қоғам • Бүгін, 17:22

Қазақстандағы мыс жобасына ірі инвестиция тартылды

Экономика • Бүгін, 17:10

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:155
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Желтоқсан 2025 19:49
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see136

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see135

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see134

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see133

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see133

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see132

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see130

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see124

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see124

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see122

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see120

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see119

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see119

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see118

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see118

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see117

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see116

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see112

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see111

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары