Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

2026 жылы өңдеу өнеркәсібі ЖІӨ өсімінің драйверіне айналады

2026 жылы өңдеу өнеркәсібі ЖІӨ өсімінің драйверіне айналады

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Министрлік мәліметінше, онда 2026 жылғы экономикалық дамудың жоғары қарқынын қолдау құралдары негізгі талқылау тақырыбына айналды.

— 2026 жылғы негізгі бағыт — өңдеу өнеркәсібін ЖІӨ-нің өсу көзінің бірі ретінде дамыту. Вице-премьердің тапсырмасы бойынша Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі әр секторға қатысты шараларды егжей-тегжейлі пысықтай отырып, өңдеу өнеркәсібін дамытудың жол картасын әзірледі. Экономикалық штаб отырыстарында саланың экономикадағы жүйелік рөлін ескере отырып, саладағы әрбір бөлікті жекелей, әлсіз жағы мен шектеулерді, өсудегі кедергілерді талдай отырып қарау туралы шешім қабылданды, — делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Проблемаларды және даму әлеуетін кешенді талқылау үшін экономикалық штабтың жұмысына салалық қауымдастықтар мен нарықтағы ірі қатысушылар тартылмақ.

Фото: ҰЭМ

Өңдеу өнеркәсібінің шамамен 40%-ын құрайтын металлургияға ерекше назар аударылып жатыр. 2026 жылы металлургиядағы нақты көлем индексі (НКИ) түсті және қара металлургияны дамыту есебінен 103% деңгейінде болжанып отыр. Металлургияның елеулі үлесі саудада да сақталып отыр. Ол — шамамен 5%. Бұл өндірістің нақты көлемін ұлғайту есебінен сауда айналымының өсуіне қосымша үлес қоспақ.

Машина жасауда да тұрақты өсім болжанып отыр. Ол 2026 жылы 13,4% болуы мүмкін. Атап айтқанда, жеңіл автомобиль, жүк және арнайы техника, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасы, ашық вагон, теміржол платформасы мен тұрмыстық техника шығаруды ұлғайту арқылы жүзеге асырылады.

Химия өнеркәсібінде қолданыстағы және жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру есебінен 7%-ға өсім күтіледі.

Құрылыс материалын өндіруде 6% деңгейіндегі өсімге портландцемент, керамикалық плитар, темірбетон бұйымы мен тауарлық бетон өндірісін ұлғайту есебінен қол жеткізу жоспарланып отыр.

Құрылыс саласы 2025 жылдың қорытындысы бойынша рекордтық көрсеткішке жетіп, 20,1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Вице-премьер ӨҚМ мен өңірлердің алдына 2026 жылы да белгіленген қарқынды сақтау міндетін қойды.

Биыл саудадағы нақты көлемді +6,5%-дан кемітпеу мақсаты қойылды. Оған жету үшін айналым мен экспортты кеңейтудің құрылымдық факторына баса назар аударылады. Бұл — АӨК өнімін, оның ішінде астықты сыртқы көтерме сауда нарығына жеткізуді ұлғайту, ел ішіндегі азық-түлік және азық-түлік емес тауар өндірісін ұлғайту.

Саудадағы НКИ-ді өсірудің негізгі драйвері ретінде ұйымдасқан көтерме буынды дамыту қарастырылып отыр. Биылдан бастап өндірушілер мен ішкі сауда субъектілері арасында тікелей жеткізуді қамтамасыз ететін көтерме B2B электрондық сауда алаңдары толық іске қосылады. Отандық тауарды өткізу нарығы кеңейіп келеді. Осы жылы баға белгілеудің ашықтығын арттыруға, артық делдалды қысқартуға және бизнес үшін болжамды жағдайды қалыптастыруға бағытталған көтерме сатып алу стандарты енгізіледі.

Сауда кеңістігінің кемінде 30%-ын қазақстандық өнімге міндетті түрде бөлуді көздейтін жаңартылған ішкі сауда ережесі отандық өндіруші үшін қосымша ынталандыру болмақ. Сондай-ақ, оған көлеңкелі тауар айналымының негізгі көзі ретіндегі нарықтың қызметін лицензиялау мен ретке келтіру, жеткізілім тізбегін цифрландыру мен қадағалау шаралары да елеулі үлес қосады.

Көлік және қоймалау саласында да жоғары өсу қарқыны сақталып отыр. Бірінші тоқсанда 6,1%-ға өсу болжанып отыр. Бұл ретте 305,3 млн тонна болатын (+13,3%) жүк тасымалы мен 496,6 млн адам құрайтын (+12,2%) жолаушы тасымалы бірдей үлес қоспақ. Жыл қорытындысы бойынша саладағы өсім +9,6% деңгейінде болады деп болжанып отыр. Бұл көрсеткіштерге қол жеткізу 11 мың шақырым автожолды жөндеу, «Қызылжар-Мойынты» және «Дарбаза-Мақтаарал» теміржол желілерінің құрылысын аяқтау, Зайсан, Катонқарағай және Кендірлі әуежайларын іске қосу, теміржол және аэровокзалдарды жаңғырту, сондай-ақ көлік паркін жаңарту есебінен жоспарланған.

Фото: ҰЭМ

— Отырыс соңында вице-премьер өңірлерге бюджетті қатаң шоғырландыру жүріп жатқан жағдайда экономиканың негізгі салалары бойынша өсу қарқынын төмендетіп алмауды тапсырды. Сондай-ақ, жарияланып отырған Цифрландыру және жасанды интеллект жылында экономиканың тиісті секторының экономикалық дамуына ерекше назар аударылатыны атап өтілді, — делінген хабарламада.

Бұдан бұрын Үкіметте вице-премьер — ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен жаңа маусымдағы көктемгі дала жұмыстарына дайындық жөнінде осы жылғы алғашқы жиын өткенін жазған едік.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:154
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Қаңтар 2026 22:22
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see147

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see142

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see135

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see133

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see131

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see131

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see130

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see130

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see128

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see128

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see127

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see127

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see126

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see123

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see121

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see116

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see116

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see115

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see113

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары