Астанада адам ұрлаған шетелдік алты азамат сотталды
Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Фото: istockphoto.com
Бас прокуратураның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен алдын ала сөз байласқан адамдар тобының пайдакүнемдік мақсатта жасаған адам ұрлау қылмысы үшін бес адам сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Қылмысқа қатысушылардың бірі адам ұрлауға көмектескені және өз бетінше билік жүргізгені үшін жеті жыл алты айға сотталды.
Прокуратура мәліметінше, 2024 жылғы 9 желтоқсанда топ мүшелерінің бірі көрсетілген қызмет үшін ақша талап етіп, жәбірленушіге күш қолданып, оны 80 мың теңге аударуға мәжбүрлеген.
Кейін қаскөйлер алдын ала сөз байласқан топ болып, пайдакүнемдік мақсатта жәбірленушіні Астана аумағында күш қолданып ұрлап кеткен.
Сот процесі барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушылардың кінәсін дәлелдейтін жеткілікті айғақтарды ұсынғаны атап өтілді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:92
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Мамыр 2026 19:52 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















