Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Парсы шығанағындағы қақтығыс әлемдік азық түлік нарығын шайқалтуы мүмкін

Парсы шығанағындағы қақтығыс әлемдік азық түлік нарығын шайқалтуы мүмкін

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Тыңайтқыштар – жаһандық азық-түліктің өзегі

Аймақтағы қақтығыс алдымен мұнай нарығына әсер еткенін білеміз. «Қара алтынның» бағасы күрт өсті, шикізатқа сұраныс артты, тауардың өзіндік құны қымбаттады. Мұның бәрі айналасы бір айға жетпей болған өзгеріс.

Тыңайтқыш жеткізілімі қиындаса, азық-түлік өндірісін осы күй күтіп тұр. Ауыл шаруашылығы мұнай нарығына қарағанда баяу жүретін процесс әрі өндіріс циклі тым ұзақ. Сондықтан саладағы алғашқы өзгерісті бірнеше айдан кейін ғана көруіміз мүмкін.

Тағы бір күрделі мәселе – Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия, Африка, Таяу Шығыс аймағындағы азық-түлік жайы. Мысалы, Ауғанстан мен Сирия секілді мемлекеттер азық-түлік өнімін шығару үшін Парсы шығанағындағы араб мемлекеттерінен қаржы алады. Қазір Парсы шығанағындағы жұрттың Ауғанстан мен Сирияға қарайласуға қауқары жоқ. Демек, халық тығыз орналасқан аймақтарда азық-түлік бағасы өсетіні анық. Ауғанстан немесе көршілес Пәкістанда кедейлік деңгейі жоғары екенін ескерсек, жағдай қарапайым халық үшін де, тұтас мемлекеттер үшін ауыр соққы болмақ.

Неліктен тыңайтқыш өндірісі Парсы шығанағында шоғырланған?

Әлемдегі тыңайтқыштың, әсіресе несепнәрдің (карбамид) негізгі өндіруші елдері Парсы шығанағында. Бұл, ең алдымен, аталған өңірдегі табиғи газдың ауқымымен тікелей байланысты. Табиғи газ тыңайтқыш өндірісіндегі басты шикізаттың бірі саналады. Яғни газ арзан болса, несепнәр өндіру экономикалық тұрғыдан тиімді деген сөз. Сондықтан тыңайтқыш кәсібі газ бағасы арзан аймақтарда дамып келеді.

Фото: reddit.com/r/geography

Парсы шығанағындағы табиғи газ өндірушілері – Қатар, Сауд Арабиясы және Иран. Қазіргі бұлардың барлығы әуе соққысына ұшырауда. Мұның табиғи газ өндірісіне де, одан алынатын өнім – несепнәр өндірісіне де кері әсер ететіні түсінікті. Мәселен, БАҚ-тағы мәліметке сүйенсек, Қатарда сұйытылған газ өндіру көлемі шамамен 17%-ға азайған.

Дегенмен, тыңайтқыш нарығындағы басты олқылық – теңіз арқылы сауда қатынасының жабылуы. Ормуз бұғазынан тек мұнай ғана тасымалданбайды, ауыл шаруашылығы өнімдері де жөнелтілетінін ұмытпауымыз керек. Бүгінде бұғаз бұғатталғандықтан Парсы шығанағынан тыңайтқыш тасымалдау тоқтап тұр.

Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын тыңайтқыштардың құны әлден өсті. 2026 жылғы ақпанда карбамидтың тоннасы 440-500 доллар еді, наурызда 600–700 долларға дейін көтерілді. Ал Оңтүстік-Шығыс Азияда баға тіпті тоннасына 750 долларға дейін жетті.

Әрине, әзірге әлемдік нарықта айтарлықтай тыңайтқыш тапшылығы байқала қоймаған шығар: соғыстың басталғанына небәрі бір ай ғана. Бірақ нарықтағы дүмпу алда десек артық емес. Қазір көктемгі егіс алдындағы тыңайтқыш енгізу кезеңі басталды. Ешбір ел стратегиялық деңгейде ірі тыңайтқыш қоры жинап үлгерген жоқ. Соғысқа дейін карбамид пен аммиак тапшылығы байқалмағандықтан, өнім ауыл шаруашылығындағы нақты сұранысына қарай реттеліп келген.

Тәуекел аймағы: Азия, Африка және Таяу Шығыс

Парсы шығанағында өндірілетін тыңайтқыштарды кімдер тұтынатынын қарайық. Тұтынушы мемлекеттердің географиялық орналасуына көз салсақ, қиындық Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия, сондай-ақ Африка елдерінде туындауы ықтимал, өйткені олар үшін Парсы шығанағынан келетін тыңайтқыштар аса маңызды. Бұл аймақтарда тыңайтқыш бағасының 40-50%-ға дейін өсуі азық-түлік өндірісіне айтарлықтай соққы болмақ. Сарапшылардың пікірінше, бағаның 40%-ға қымбаттауы аталған аймақтардағы азық-түлік құнын кемінде 12–13%-ға қымбаттатады.

Бұл өңірлер азық-түлік бағасына ерекше сезімтал келеді, себебі мұнда ауыл шаруашылығы саласының саяси маңызы зор. Әдетте Азия елдерінің бағаны реттеуге тырысып бағатын әдеті бар. Алайда өнімнің ондаған пайызға қымбаттауының өзі саяси-әлеуметтік тұрақсыздыққа әкелетіні шүбәсіз.

Алдағы уақытта Азия, Африка және Таяу Шығыс елдері бағаны сақтау үшін үнемдеуге көшетін секілді. Алдымен топыраққа себілетін тыңайтқыш көлемін қысқартуы ықтимал, ал бұл өз кезегінде өнімділіктің төмендеуіне әкеледі. Нәтижесінде, азық-түлік тапшылығы туындап, көбірек импортқа арқа сүйей бастайды деген белгі. Онсыз да Оңтүстік Азия елдері азық-түліктің көп бөлігін сырттан әкеледі. Импорт көлемі одан әрі өссе, жан саны көп елдердің келешегін елестете беріңіз.

Әлемдегі азық-түлік тапшылығы қаржылай қиындықпен де байланысты. Парсы шығанағы елдері Азиядағы мұсылман мемлекеттеріне, мысалы Ауғанстан, Пәкістан мен Бангладешке қолдау көрсетіп келеді. Соңғы жылдары бұл елддердің мемлекеттік шығындарының едәуір бөлігі Парсы шығанағы, нақтырақ айтсақ, Қатар, Сауд Арабиясы және БАӘ-нің есебінен жабылып келген. Шамамен жылына 2,5 млрд доллар бөліп отырды.

Мысалы, осы қаржыландырудың арқасында Ауғанстан азық-түлік импортын қамтамасыз еткен болатын. БҰҰ деректеріне сәйкес, бүгінде 23 миллионға жуық ауған халқы азық-түлікке қол жеткізуде елеулі қиындыққа тап болып отыр. Көмек ретінде берілетін қаражат тоқтаса, мәселе тым ушығуы мүмкін.

Фото: freepik.com Соғыс салдары

Мәселе тыңайтқышқа ғана тіреліп тұрған жоқ, соғыстың жанама салдары бар. Әскери қимылдардан зардап шеккен Парсы шығанағы елдері болашақта экономикасын қалпына келтіруге мәжбүр болады. Демек, бюджет ауқымы қысқаратынын ұмытпаған жөн. Бюджет тапшылығы Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия, Африканы айналып өтпейді.

Парсы шығанағындағы соғыс жаһандық инфляцияға әкеледі делік. Оның әсері бірінші азық-түлік секторында байқалатынын білеміз. Сол себепті мемлекеттер азық-түлік бағасының өсуін тежеуге тырысады. Соғыс ертең аяқталған күннің өзінде бағалар төмендегенімен, соғысқа дейінгі деңгейге қайта оралуы екіталай. Ал тыңайтқыш нарығы мұнай нарығындай жылдам өзгере қоймайды, мұнда қор нарықтарының ықпалы әлдеқайда төмен.

Қазақстан дағдарысқа дайын ба?

Біздің өңірде тыңайтқыштарға қатысты жағдай салыстырмалы түрде жеңіл. Көршілес Ресей әлемдік аммиак экспортының 23%-ын және карбамид экспортының 14%-ын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар Ресей Беларусьпен бірге әлемдік калий тыңайтқыштарына деген сұраныстың шамамен 40%-ын жауып отыр. Ресей әлемдік нарыққа жөнелтілетін карбамид экспортына квота енгізгенімен, Еуразиялық экономикалық одаққа мұндай шектеу жоқ.

Бұдан бөлек Ресейдегі ірі карбамид өндірушілердің бірі – «Еврохим» компаниясының Қаратау өңірінде (Жамбыл облысындағы) жобасы бар. Мұнда негізінен фосфор тыңайтқышын өндіру жоспарланғанымен, қажет болған жағдайда азот тыңайтқыштары бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктерін пайдалануға болады. Сонымен қатар өткен жылы Ақтөбе облысында жылына 800 мың тонна карбамид өндіретін Қазақстан мен Қытайдың бірлескен кәсіпорнының құрылысы басталды.

2025 жылы Қазақстандағы азот тыңайтқыштарының импорты 497 мың тоннаны, экспорт 116 мың тоннаны құрады. Ал ішкі нарықтағы өткізу көлемі 26,9%-ға өсіп, 765 мың тоннаны еңсерді. Жалпы пайдаланылған тыңайтқыш көлемі 1,8 млн тоннаға жеткен, бұған карбамидтен бөлек аммиак селитрасы мен фосфор тыңайтқыштары кіреді. Қазақстанда оларды негізінен «ҚазАзот» пен «Қазфосфат» компаниялары өндіреді – мемлекет тыңайтқыш бағасын субсидиялауға 48 млрд теңге бөлген.

Ішкі нарықта азот және басқа да тыңайтқыштың көп сатылуы ауыл шаруашылығының қарқынды дамып келе жатқанын көрсетеді. Бұл – өте маңызды, өйткені Қазақстан аймақтағы негізгі азық-түлік жеткізушілердің бірі саналады. Елден Орталық Азия мемлекеттеріне және Ауғанстанға өнім жеткізіледі.

Қазақстан тыңайтқыш экспорты үшін өнім көлемімен қатар баға шешуші рөл атқарады. Анағұрлым арзан бағаға ұсынсақ, тұтынушы да табылады. Мысалы, Ауғанстан секілді экономикасы енді аяққа тұрып келе жатқан мемлекеттер үшін баға басты көрсеткіш санатында. Сондықтан біз үшін Ақтөбе облысында карбамид өндірісі іске қосылғанға дейін қажетті көлемді Ресейден импорттау тиімді.

Фото: Canva

Егер биыл көктемде Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия мен Африка елдерінде топыраққа қажетті мөлшерде тыңайтқыш себілмесе, күзде өнім көлемі азаяды дей беріңіз. Бұған қоса, мұнай бағасының өсуіне байланысты жанармай қымбаттайды, газ экспорты қысқарады. Ең маңыздысы, азық-түлік өндірісінің бүкіл тізбегі, соның ішінде логистика қымбаттай түспек.

Жаңа кезең

Таяу Шығыстағы тартыс жаңа дәуірге бастайтыны сөзсіз. Иран қақтығысқа дейін-ақ гиперинфляциядан елеулі қиындық көріп келген-ді. Соған қарамастан елде жанармай мен астық бағасы субсидияланып отырды. Соғысқа дейін ірі азық-түлік импорттаушы мемлекеттердің бірі болғанын да білеміз. Мәселен, 2024 жылғы маусым мен 2025 жылғы маусым аралығында Иран Қазақстаннан астық импортын 17,5 есеге арттырып, 974 мың тоннаға жеткізген еді.

Енді Тегеранның соғыс жағдайында да, соғыстан кейін де ауыл шаруашылығын қалыпты күйде ұстап тұруы күмәнді. Жанармай тапшылығы мен соғыс салдарынан егіс науқаны уақытылы басталмауы ықтимал. Мұндай нәтиже болды дегенше, Иран халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін өнімді сырттан әкелуге мәжбүр.

Осылайша, Парсы шығанағындағы әскери қимылдар жаһандық азық-түлік жүйесін өзгертеді. Негізгі әсер ету арнасы ретінде тыңайтқыштар нарығы, болашақ өнім көлемі мен азық-түлік бағасының динамикасын қарастырсақ болады.

Қазір азот тыңайтқыштарының бағасы өсіп отыр. Алғашқы кері статистиканы 2026 жылдың күзіне қарай, бір ауыл шаруашылығы циклі өткен соң айқын сезетініміз анық. Тыңайтқыш импортына тәуелді елдердегі өнімділік төмендейді: Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия мен Африка. Аталған аймақтарда азық-түлік импорты артып, қаржылық қиындықтар туындайтын болады.

Қазақстан үшін қазіргі жағдай бір жағынан қауіп, екінші тұстан мүмкіндік есігін ашып отыр. Қауіп – еліміз әлі кей тыңайтқыш түрі бойынша импортқа тәуелді. Мүмкіндік дегеніміз, отандық өндіріс арқылы тыңайтқыш экспортын арттырып, өңірлік азық-түлік тасымалдаушы ретіндегі әлеуетті күшейтуге жол ашылады. Сыртқы нарықта тапшылық күшейген жағдайда, Қазақстанның астық пен ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттаушы ретіндегі рөлі айтарлықтай артуы мүмкін.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:127
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Сәуір 2026 13:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары