Павлодар облысында бопсалаушылар ұсталды
Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Павлодар облысында жедел уәкілдер студенттер мен оқушылардан ақша бопсалағандарды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Павлодар облысында жедел уәкілдер студенттер мен оқушылардан ақша бопсалағандарды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Павлодарда екі оқушы құрдастарынан бағалы заттарын ломбардқа өткізуді талап етіп, ақша бопсалады деген күдікке ілінді. Тіпті қысым көрсету үшін абыройға нұқсан келтіретін бейнематериалдар пайдаланылған.
Екібастұз қаласында колледждің кәмелетке толмаған студенті танысымен бірге 50 мың теңге бопсалады деген күдікпен ұсталды. Күдіктілер жәбірленушіні көлікпен алып кетіп, оған күш қолданған.
"Екі дерек бойынша қылмыстық істер қозғалды. Құқық қорғау органдары басқаларын анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр, сондай-ақ қосымша эпизодтардың бар-жоғы тексеріліп жатыр. Күдіктілер ақша беру кезінде ұсталды", – деп хабарлады Павлодар облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Ғабит Қабдрахманов.
Полиция қылмыстық топтар құру, жастар арасында қылмыстық ықпал орнату және ақша бопсалау әрекеттері қолданыстағы заңнама аясында қатаң түрде тоқтатылатынын баса айтады.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:57
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Маусым 2026 11:56 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















