Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Павлодар облысында ондаған жылдар бойы жөндеу көрмеген жылу желілерінің 6 негізгі учаскесі жаңартылды

Павлодар облысында ондаған жылдар бойы жөндеу көрмеген жылу желілерінің 6 негізгі учаскесі жаңартылды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Екібастұз бен Ақсу қалаларындағы ең проблемалы, жалпы ұзындығы 6,1 шақырым болатын құбырлар жаңа жылыту маусымы басталғанша толықтай ауыстырылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Кезінде салынған кейбір құбырлардың қолданылғанына 50 жылдан асып, 96%-ға дейін тозығы жеткен еді. Соңғы үш жылдың өзінде мұнда 76 ақау тіркелген. Енді бұл оң өзгерісті екі қаланың ондаған мың тұрғыны сезінеді.

Жұмыстар «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жүргізілді. Уақытша жамап-жасқаудың орнына Екібастұздағы 4 және Ақсудағы 2 магистральды учаскенің ескі құбырлары толығымен жаңасына ауыстырылды. Бұл 6 жобаның жалпы құны 8,7 млрд теңгені құрады.

Павлодарда өткен ЭКСЖ Жобалық офисінің көшпелі отырысында коммуналдық инфрақұрылымның қысқа дайындығы негізгі тақырыптардың бірі болды. Қанат Бозымбаев жұмыс кестесінен қалыс қалмай, барлығын уақытында аяқтауды тапсырды. Нәтижесінде,  жылу беру маусымы басталғанша барлық 6 жылу нысаны толық дайын болды.

«Нысандарды таңдаған кезде біз желілердің ұзындығына ғана қараған жоқпыз. Ең алдымен құбырлардың тозу деңгейін, ақаулардың санын және әр магистральға қанша тұрғын қарап отырғанын ескердік. Соның арқасында бағдарламаға жаңартылуы Екібастұз бен Ақсуды жылумен сенімді қамтамасыз етуге ең көп әсерін тигізетін учаскелер кірді», – деді Павлодар облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ержан Иманзаипов.

Екібастұзда Абай көшесінің маңында, М.Әуезов көшесіндегі 10 мен 15-шағынаудандарда және М.Жүсіп көшесіндегі 6-шағынауданда орналасқан 4,2 шақырым жылу желісі жаңартылды. Бұл құбырлардың екі учаскесі 1972 жылдан, қалған екеуі 1983 және 1992 жылдардан бері жұмыс істеп тұрған. Мұнда соңғы рет жартылай күрделі жөндеу 2016-2018 жылдары жүргізілген еді.

Соңғы үш жылда Екібастұздағы осы төрт магистральда 54 ақау тіркелді. Енді әбден ескірген учаскелер толығымен диаметрі үлкенірек жаңа құбырларға ауыстырылды.

Жаңартылған магистральдарға 168 көпқабатты үй, 1 102 жеке үй және 76 әлеуметтік нысан тікелей қарап отыр. Тек Абай көшесінің маңында ғана мыңға жуық жеке үй орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылу мүмкіндігі бар.

Құбырлардың диаметрін үлкейту аяз қатты қысқан шақта жылуды көбірек беруге жол ашады. Арнайы учаскелерде желілердің өткізу қабілеті 17-65%-ға артты. Бұл тұрғындар үшін қақаған аязда үйдің жылы болуын білдірсе, қала үшін жаңа нысандарды қосуға арналған қосымша қуат қорын береді.

Ақсу қаласындағы Астана және Ленин көшелерінің бойында жалпы ұзындығы 1,9 шақырым болатын тағы екі негізгі учаске жаңартылды. Бұл құбырлар 1970 және 1980 жылдардан бері пайдаланылып келген, ал олардың тозу деңгейі 80-83%-ға жеткен еді. Соңғы үш жылда бұл жерде 22 ақау тіркелген.

Астана көшесіндегі жылу магистралі қазірдің өзінде іске қосылды. Оған 23 мың тұрғыны бар алты шағынаудан қарап отыр. Жаңартылған желі 91 көпқабатты үйді және 16 әлеуметтік нысанды, соның ішінде мектептерді, балабақшалар мен медициналық мекемелерді жылумен қамтамасыз етеді.

Ленин көшесінде тағы 1,5 шақырым жылу желісі толығымен қайта жаңартылды. Жаңа учаске № 4, 6, 7, 7А, 9, 10, 11 және 12-шағынаудандарды жылумен қамтамасыз ету сенімділігін арттырып, қыс ортасында жарылыс пен апатты жөндеу қаупін азайтады.

Алты жобаның да басты ерекшелігі – тек отандық өнімдердің қолданылуы. Ондағы қазақстандық тауар өндірушілердің үлесі 100%-ды құрады. Барлық қажетті құбырлар мен қосалқы бөлшектерді Қазақстан кәсіпорындары жеткізді. Осылайша, Ұлттық жоба коммуналық инфрақұрылымды жаңартып қана қоймай, отандық зауыттарға да ірі тапсырыстар беруге жол ашты.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:81
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қыркүйек 2026 15:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары