Павлодарда кісі өлтірген қылмыскер төрт жылдан кейін табылды
Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Фото: istockphoto.com
Полиция мәліметінше, 2022 жылдың қыркүйегінде Шарбақты кентіндегі жеке үйлердің бірінен жергілікті тұрғынның мәйіті табылған. Тергеу іс-шараларының жүргізілуіне қарамастан, қылмысты жедел ашу мүмкін болмаған.
«2026 жылы полиция қызметкерлерінің мұқият жұмысы, қосымша жедел-іздестіру шараларын жүргізуі және марқұмның байланыс ортасын толық тексеруі нәтижесінде күдікті анықталды. Ол қаза тапқан азаматтың танысы болып шықты. Тергеу барысында оқиға күні ер адамдардың бірге спирттік ішімдік ішкені анықталды. Араларында туындаған жанжал кезінде күдікті жәбірленушіге дене жарақаттарын салған, соның салдарынан ол көз жұмған», делінген хабарламада.
Ақпан айында күдікті өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Наурыз айында Павлодар облысы Шарбақты аудандық соты қылмыскерге 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған.
Павлодарда ер адам жедел жәрдем қызметкерлеріне шабуыл жасады
Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, биыл жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің 17 дерегі ашылған. Олардың ішінде төрт кісі өлімі тіркелген.
Еске сала кетейік, бұған дейін Бас прокуратура Павлодар облысында алимент төлемеген азаматтарға арнайы іздеу жарияланғанын мәлімдеді. Аймақта «ТОП-100 іздестіріліп жатқан борышкерлер» республикалық тізбесіне енгізілген азаматтарды анықтау мақсатында жұмыс топтары құрылған. Бүгінде тізімге енген алты борышкердің бесеуінің орналасқан жері анықталған.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:32
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Маусым 2026 11:29 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















