Павлодарда мас күйінде ес түссіз жатқан жасөспірім қыз табылды
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Павлодарда алкоголь ішкеннен кейін ес-түссіз жатқан кәмелетке толмаған қыз анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Оқиға қаладағы бассейндердің бірінің маңындағы гараждар аумағында болған. Жасөспірім шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Павлодар облысы Полиция департаментінің мәліметінше, қыздың заңды өкіліне қоғамдық орында мас күйінде жүрген кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу міндетін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылған.
Полицейлердің айтуынша, өңірде мұндай жағдайлар жиі кездеседі. Жыл басынан бері кәмелетке толмағандардың алкоголь тұтынуына және қоғамдық орындарда мас күйінде жүруіне қатысты 90 құқық бұзушылық тіркелген.
Сондай-ақ түнгі уақытта балалардың ересектердің қарауынсыз жүруіне байланысты 1809 ата-ана мен заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:88
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Шілде 2026 16:00 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















