Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Павлодарда салынып жатқан 72 миллиардтық көпірдегі үшінші өрт тапсырыс беруші уәде берді

Павлодарда салынып жатқан 72 миллиардтық көпірдегі үшінші өрт тапсырыс беруші уәде берді

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Павлодарда салынып жатқан автомобиль көпіріндегі өрт кезінде жұмысшы зардап шекті. Оның қазіргі жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Павлодарда салынып жатқан автомобиль көпіріндегі өрт кезінде жұмысшы зардап шекті. Оның қазіргі жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Не болды?

21 сәуір күні кешкісін көпір өткелінде өрт тұтанған. Көпірдің төртінші тірегіндегі оқшаулағыш материал мен қалыптың (опалубка) ағаш элементтері жанған.

Өрт ошағы жерден шамамен 30 метр биіктікте болғаны хабарланды. Өрттің аумағы 160 шаршы метрге жетті.

Жұмысшы зардап шекті

Tengrinews.kz Төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендер бар екені анықталды. Оқиға орнынан дәрігерлер жас жігітті ауруханаға жеткізді.

"2005 жылы туған пациент орта дәрежелі иіс тиіп улану диагнозымен түсті. Терапия бөлімшесіне жатқызылды. Жағдайы тұрақты, орташа ауырлық дәрежесінде", – деп түсіндірді Павлодар қалалық №1 ауруханасынан.

Жас жігіт - қосалқы мердігер ұйымдардың бірінің жұмысшысы.

ОБСУЖДАЕТСЯ СЕЙЧАС

“Өкінемін, кінәлімін“: Қостанайда полицейге шабуыл жасағандар кешірім сұрады

02 сәуір 14:44 1

Алматыдағы жантүршігерлік жол апатына кінәлі жүргізуші туралы не белгілі?

24 наурыз 13:04 1

Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шаханов өмірден өтті

19 сәуір 22:47 1

2026 жылғы үшінші өрт

Айта кетейік, биыл бұл аталған нысанда шыққан үшінші өрт.

Алғашқы өрт биыл қаңтарда болды. Ол кезде Ертіс арқылы өтетін салынып жатқан көпірде, Қызылорда - Павлодар - Успенка - Ресей шекарасы автожолының учаскесінде, №4 тіректе жылу тенті мен қалып жанған еді. Өрттің шығуына отпен жұмыс істеу кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы себеп болған. 1 ақпан күні таңертең №5 тіректе оқшаулағыш, қорғаныс жабыны және қалыптың ағаш элементтері өртенді. Бұған электр құрылғыларын пайдалану кезіндегі талаптардың бұзылуы себеп болды.

Көпір құрылысына тапсырыс беруші "ҚазАвтоЖол" ҰҚ АҚ бұл жолғы өрттің себебін әлі де анықтап жатыр. Бұған дейін көпір тірегінде құрылыс жұмыстары жүргізілмегені хабарланған.

"Екі өрттен кейін біз жұмысшылар штатын да, өрт қауіпсіздігі шараларын да күшейттік. Соңғы жағдайдың себебін әлі анықтап жатырмыз. Қазір комиссия құрып, бәрін егжей-тегжейлі тексереміз", - деді "ҚазАвтоЖол" ҰҚ АҚ Павлодар облыстық филиалының басшысы Ермұрат Нұрханов.

Сондай-ақ ол болған оқиға нысанды тапсыру мерзіміне әсер етпейтініне сендірді.

Көпірдің құны

Компания өкілдері көпір жобасының қымбаттамағанын, өйткені бұған дейін оның толық құны жарияланбағанын алға тартты. 2023 жылы құрылыстың бастапқы кезеңіне қажетті 39 миллиард теңге сомасы туралы айтылған болатын. Қазір компания мәліметінше, барлық жұмысты ескере отырып, жобаның құны 72 миллиард теңгеге бағаланып отыр. Оның жалпы ұзындығы 2,7 шақырымды құрайды.

Павлодарда Ертіс арқылы өтетін жаңа көпірдің құрылысы 2024 жылдың мамыр айында басталған. Нысан жұмыс істеп тұрған көпірден 40 метр қашықтықта бой көтерген. Көпірдің жалпы ұзындығы 2,1 шақырым болады. Оның құрылысы 71 миллиард теңгеге бағаланған. Нысанды осы жылдың желтоқсанында пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:159
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Сәуір 2026 16:10
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see116

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see112

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары