Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Преамбула көптеген елдің конституциясында бар депутат

Преамбула көптеген елдің конституциясында бар депутат

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Депутат Конституцияның преамбуласы — жай ғана кіріспе емес, Конституцияның идеялық-моральдық негізі екенін баса айтты.

— Конституцияны қабылдаған кезде еліміздің мақсат-мұраттарын, болашағы үшін айқындалған жолды анықтап алуымыз керек. Сондықтан Конституцияның преамбуласында бұл құжатты қабылдаудың түпкі мақсаты көрсетілуі керек және тарихи-мәдени сабақтастығымызды және ұлттық болмысымызды көрсете алуымыз керек. Әрі қарай жалпы өзіміздің ұстанатын негізгі қағидаттарымызды айқындауымыз керек, — деп атап өтті Үнзила Шапақ.

Сонымен бірге, Президент жақында өткен Ұлттық Құрылтайда қазақ жерінде тарихи қалыптасқан мемлекеттер болғанын, сол мемлекеттердің заңды мұрагері екенімізді Конституция преамбуласында айқын көрсету қажеттігін айтқан.

— Преамбула көптеген мемлекеттің конституциясында бар. Оның тарихына үңілсек, Рим империясында алғашқы заңдар қабылданған соң, бас жағына заңның не үшін қабылданғанын жазып қоятын болған. 1787 жылы АҚШ қабылдаған конституциясында да преамбула бар. Сол сияқты әлемдік конституциялардың көбінде преамбула бар. Адамдар бірінші кезекте преамбуланы ашып көреді де, мемлекеттің мақсаты туралы ой түйеді, — деді Мәжіліс депутаты.

Фото: Jibek Joly

Комиссия мүшелері Қазақстан Конституциясына да еліміздің унитарлық сипатын, шекарамыздың мызғымастығын, территориямыздың біртұтастығын көрсетіп, еркіндік, теңдік, бірлік, жауапкершілік секілді қағидаларды жазуды ұсынып отыр.

Сонымен бірге, халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін инновациялық жетістіктерді дұрыс пайдалану, білімге, ғылымға, мәдениет пен ұлттық рухқа да бағдарлану жазылмақ.

Оған қоса, табиғатқа ұқыпты қараудың маңыздылығы мен болашақ ұрпақ алдындағы жоғары жауапкершілікті де преамбулада көрсету көзделіп отыр.

— Елімізде конституциялық реформалар 2022 жылы басталды. Бүгінгі жасап отырған Конституциялық реформа да — соның жалғасы. Әсіресе Әділетті Қазақстанды құру үшін «заң мен тәртіп» қағидаты күшінде болуы керек. Адамдар ұстанатын басты қағида — құқықтың үстемдігі. Құқықтың ішінде еркіндігіміз, бостандығымыз, тәуелсіздігіміз бар. Ал Конституция құқықтың үстемдігін жазып береді, яғни бұл заң, мемлекет пен халық арасындағы шарт. «Заң мен тәртіпті» негізгі қағидат ретінде ұстанатын болсақ, онда біз әділетті сақтай аламыз. Преамбула арқылы Конституция — саяси-құқықтық құжат және бағдарламалық құжат екенін көрсетеміз, — деді Ү. Шапақ.

Еске сала кетсек, 20 қаңтарда Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияның преамбуласы ұлттық құндылықтарымызды айшықтайтындай қайта жазылатынын айтқан еді.

Айта кетейік, Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның келесі отырысы 28 қаңтарда өтеді. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:192
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Қаңтар 2026 23:13
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see167

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see163

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see159

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see143

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see140

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see130

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see124

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see123

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see120

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see118

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see117

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see108

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see107

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see105

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see104

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see104

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see104

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары