Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Уақытпен үндескен ұрпақ

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Цифрлық дәуірдегі дала

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Қарты бар елдің қазынасы бар...

Қарты бар елдің қазынасы бар...

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Көп жылдар бойы еліміз «жас мемлекет» ретінде сипатталып келді. Расында да, туу деңгейі жоғары, жастар үлесі басым ел ретінде біз демографиялық артықшылыққа ие болдық. Бірақ кейінгі жылдары бұл теңгерім біртіндеп өзгере бастады. Сарапшылардың айтуынша, бүгін байқалып отырған үрдістер алдағы онжылдықтарда еңбек нарығына да, зейнетақы жүйе­сіне де, жалпы экономикалық өсімге де тікелей әсер етеді.

Демографиялық қартаю – бұл ең алдымен жетістік. Адамдар ұзақ өмір сүре бастады. Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы 75 жастан асты. Әйелдер 79 жасқа дейін, ерлер 71 жасқа дейін өмір сүреді. Алайда осы жетіс­тіктің екінші жағы бар. Туу деңгейі баяу төмендеп келеді. Мысалы, 2021 жылы елі­мізде 446,5 мың сәби дүниеге келген болса, бұл көрсеткіш 2022 жылы 403, 9 мың­ға дейін азайып, 2023 жылы тіпті 388,4 мыңға дейін төмендеген. Ал 2024 жылы 365,9 мыңға дейін күрт азайған. Әрине, бұ­ған жастардың отбасын кеш құруы, әлеуметтік-экономикалық жағдайлар да себеп болуы мүмкін. Қайткен күнде де қоғамдағы жас құрылым біртіндеп «ауырлап» барады.

Бүгінде елімізде халық саны 20 миллион­нан асты. Оның шамамен 1,9 миллионы – 65 жастан асқан азаматтар. Бұл – жалпы халықтың 9 пайыздан астамы. Ал қартаю индексі 31-ге жетті. Яғни, әрбір 100 балаға шаққанда 31 егде адамнан келеді. Бір қа­рағанда аса үлкен көрсеткіш емес. Бірақ мәселе оның қарқынды өсіп келе жат­қа­нында. Халықаралық болжамдарға сүйенсек, 2050 жылға қарай Қазақстанда егде жас­тағылардың үлесі 14 пайызға жуықтайды.

Әзірге Қазақстан Еуропа елдерімен немесе Жапониямен салыстырғанда жас мемлекет болып қала береді. Мысалы, Жапонияда 65 жастан асқандар 30 пайыз­ға жуық. Германия мен Италияда әрбір төртін­ші адам егде жаста. Бірақ айырма­шылық біреу. Олар бұл кезеңге біртіндеп жетті. Ал Қазақстанда қартаю үрдісі әлдеқайда жылдам жүруі мүмкін.

Қартаюдың ең бірінші соққысы еңбек нарығына тиеді. Қазір Қазақстанда жұмыс күшінің үлесі жоғары. Бірақ уақыт өте келе бұл көрсеткіш төмендейді, яғни жұмыс істейтіндер азаяды. Зейнеткерлер саны көбейеді, кадр тапшылығы күшейеді. Бұл экономиканың өсу қарқынын баяула­туы мүмкін. Өйткені кез келген өсімнің негізі – еңбек ресурсы.

Демографиялық құрылымның өзгеруі зейнетақы жүйесіне де қысым түсіреді. Сараптамалық деректерге сәйкес, 2012 жылы Қазақстанда бір зейнеткерге шаққанда шамамен еңбекке қабілетті адам 7,7 болса, 2023 жылы бұл көрсеткіш 5,5-ке дейін төмендеген. Ал 2050 жылға қарай 4 адамға дейін азаюы мүмкін. Бұл еңбек ететін ха­лық­қа түсетін жүктеменің арта түсетінін білдіреді. Бұл зейнетақы жүйесіне қосымша жүктеме түсіретіні анық.

Қартаюды тек санмен емес, сапа мәселесі арқылы анықтау керек. Егде жаста созылмалы аурулар көбейеді. Жүрек-қан тамырлары, қант диабеті, онкология – мұның бәрі медициналық жүйеге ұзақмерзімді қысым түсіреді. Демек, Қазақстанға енді тек ауруды емдеу емес, ұзақ өмір сапасын арттыру мәселесіне басымдық беру керек болады.

Бір қызығы, қартаю ел ішінде біркелкі жүріп жатқан жоқ. Ұлттық статистика бюро­сының мәліметіне сәйкес, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында халық құрылымы айтарлықтай қартаю үстінде. Бұл өңірлерде егде жастағы тұрғындардың үлесі жоғары, ал туу деңгейі төмен. Керісінше, Түркістан, Маңғыстау облыстары мен Шымкент қаласы елдегі ең жас демографиялық құрылымға ие ай­мақтар қатарында. Орташа жас көрсеткіш­теріндегі айырмашылық кей өңірлер ара­сында 10-12 жасқа дейін жетеді. Жалпы, бұл алшақтық болашақта еңбек ресурс­тарының теңсіздігіне алып келуі мүмкін.

Qazaq Expert Club-тың әлеуметтік саладағы сарапшысы, әлеуметтанушы Толқын Сәметованың пікірінше, қазақ­стандағы қартаю үдерісі ең алдымен эко­номикаға әсерін тигізеді. Салық төлеушілер азайып, әлеуметтік бюджет өседі, бұл мемлекеттің даму жобаларына бөлетін инвестициясын шектейді. Экономика белсенді тұтынудан (инновация, гаджеттер, ойын-сауық) пассивті тұтынуға (медицина, дәрі-дәрмек) көшеді. Салдарынан стартаптар мен жаңа бизнес секторы баяулайды.

Сол үшін еліміз дәстүрлі зейнеткерлік моделінен бас тартуға тиіс. «Батыс елдері сияқты қарттарды тек әлеуметтік көмек алушы емес, белсенді экономикалық субъект ретінде қарастыру қажет. Олардың интел­лектуалды капиталын менторлық пен кеңесшілік бағытта сақтап қалатын жаңа еңбек заңнамасын енгізу керек. Қазақстан үшін тек бір елдің емес, әлемдік үздік кейстердің синтезі қажет», – дейді ол.

Мысалы, Германия және Жапония үлгісі («Күміс стартаптар»): Бұл елдерде зейнеткерлерді тек демалушы емес, жаңа бизнес көзі ретінде көреді. Жапонияда қарттарға арналған экзоқаңқалар (еңбекті жеңілдететін робот-костюмдер) жасалып, олар қоймаларда, ауыл шаруашылығында жұмысын жалғастыруда. Германияда 55 жастан асқан азамататрға өз бизнесін ашу үшін арнайы мемлекеттік гранттар беріледі. 

Сингапур үлгісі («Ұрпақтар интегра­циясы»): Балалар бақшасы мен қарттар үйін бір ғимаратқа біріктіру. Егде адамдар балаларға тәлімгер, тәрбиеші болады, бұл мемлекеттің әлеуметтік шығындарын азайтып, қарттардың депрессияға түсуінің алдын алады.

Оңтүстік Корея үлгісі («Цифрлық қарт­тық»): Қарттарды IT-технологияларға, маркетплейстерде жұмыс істеуге, курьерлік және онлайн-кеңесшілікке жаппай қайта оқыту. Бұл жұмыс күшінің тапшылығын ішінара жабады.

Канада үлгісі («Селективті иммиграция»): Өз халқының қартаюын тоқтату үшін Канада жыл сайын нақты мамандықтар (IT, медицина, инженерия) бойынша әлемнің түкпір-түкпірінен тек 25-35 жас аралығындағы дайын мамандарды қабыл­дайды. Қазақстанға да солтүстік аймақтарды толтыру үшін Орталық Азиядан немесе шетелдегі қандастар есебінен осындай нүктелі миграциялық сүзгі керек. 

Жалпы, сарапшылардың пікірінше, бұл үрдісті тоқтату мүмкін емес. Бірақ оған елімізде белсенді ұзақ өмір сүру саясатын дамыту, егде жастағы адамдарды еңбекке тарту және жас отбасыларды қолдау арқылы бейімделуге болады.

Қазақстанның қартая бастағаны шындап келгенде дабыл қағатын жағдай емес. Бірақ назар аударуды талап ететін кезең. Бүгін қабылданған шешімдер ертеңгі қоғамның бейнесін айқындайды. Ал демографиялық көрсеткіш – жай статистика емес, елдің болашағының айнасы.

Айгүл СЕЙІЛ

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:89
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Маусым 2026 07:11
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see163

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see153

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see151

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see151

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see149

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see147

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see143

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see142

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see139

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see137

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see133

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see133

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see130

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see128

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see124

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see124

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see123

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see122

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see122

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see118
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары