Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Атырауда қызылша ауруларына қарсы күреске 106 млн теңге бөлінген

Түркістан облысында су қоймаларының толу деңгейі 71 пайызға жетті

Қазақстан азық түлік инфляциясы ең қатты соққы беретін он елдің қатарында

Шымкентте мұғалім 7 жасар оқушы қызға азғындық жасады полиция жауабы

Тоқаевтың сынынан кейін Самұрық Қазына 650 қызметкерін жұмыстан шығарады

Ресейде Қазақстандағы банк тонау ісі бойынша адамдар қамауға алынды

Маска таққан жігіт 30 отбасыға қуаныш сыйлады (видео)

Қазақстан құрамасы мәнерлеп сырғанаудан Эстониядағы әлем чемпионатында өнер көрсетеді

Солтүстік Қазақстан тұрғыны алаяққа 18,5 млн теңге берген

Малтон неге мәдениет үйінен қуылды?

Ирактағы топ АҚШ пен Иран арасындағы ықтимал ұзақ соғысқа дайындалуға шақырды

Рамазан айында жылдам әрі көп тамақтану асқазанға ауыр түседі

Атырау облысындағы қос кісі өлтіру ісі бойынша күдіктінің ұсталған видеосы жарияланды

Жастар қалаға ағылып, ауылдарда кадр тапшылығы күшейді

Бүгін Еуропа лигасы 1/8 финалына кімдер шығады

Қызылордалықтар референдумда қалай дауыс береді

Жаңа Конституция ережелерін талқылады

Түркістанда науқасты ұзақ уақыт мазалап келген қуықтағы 80 тас сәтті алынды

Дәмханадағы жарылыс: қаза тапқандардың отбасына 2 млн теңгеден беріледі

Конституция жобасының негізгі ережелерінен хабардар етті

Преамбулада тұнған парасат: Ұлы дала ұлағаты мен жаңа заман жасампаздығы

Преамбулада тұнған парасат: Ұлы дала ұлағаты мен жаңа заман жасампаздығы

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Оның преамбуласы құрғақ құқықтық қағидалар жиынтығы емес, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыратын, өркениеттің прогрессивті ағымына бағытталған рухани манифест іспетті. Әрбір сөйлемі мен үтіріне дейін ойластырылған бұл кіріспе бөлім мемлекеттілік пен әділеттілік ұғымдарына терең мағыналық реңк беріп, қоғамның жаңа құндылықтық бағдарын айқындап тұр. 

Зияткер ұлт – замана заңғар биігі

Жаңа Конституция жобасы – уақыттың жай жаңғырығы емес, ел санасының, қазақ даласының кемел келешекке қарай байыпты қадамы, байсалды таңдауы. Бұл құжаттың те­реңдігін оның кіріспе-преамбуласынан аң­ғарасыз. Ол қазақтың тарихи жады мен бола­шақ мұратын жалғаған мағыналық көпір тә­різді. Әрбір тұжырымы асығыс айтылған ұран­ға емес, мұқият ойластырылған пайымға сүйенеді, сондықтан онда құқық та, әділет те, жауапкершілік те өз орнын тапқан. Бұл мә­тін­де мемлекет өзін қайта жарияламайды, қай­та таниды – тамырын да, бағытын да нақтылайды. 

Сол себепті жаңа Конституция жобасы ел дамуының заңдық құжаты ғана емес, руха­ни-өркениеттік бағдаршамы болғалы тұр. Сарапшылардың айтуынша, конституциялық реформа – елдік ертеңіміздің саяси келбетін ғана емес, рухани болмысын да айқындайтын белес болуға тиіс. Бұл жолғы өзгерістер тек құқықтық нормалардың жиынтығы емес, қоғамның әділетке деген аңсары мен билік­тің жауапкершілік жүгін арқалаған жаңа парасат деңгейінің көрінісі болмақ. Әсіресе, Ата Заңның «алтын босағасы» саналатын преамбула бөліміндегі мағыналық түлеу – ұлттық дамудың темірқазығы мен тарихи сабақтастықтың үзілмес тіндей бекуі.

Рух пен заңның тоғысуы

Жалпы, жаңа преамбула – мемлекеттік саясаттың темірқазығы. Мұндағы басты басымдық – адам құқықтары. Ол мемлекеттік бір тетігі емес, мемлекеттің жүру бағытын айқындайтын ең жоғарғы құндылық. Бірлік пен келісім – тұрақтылықтың іргетасы. Жер­дің бүтіндігі мен тұтастығы – кіріспеде мыз­ғымас қағидат ретінде бекемделді. Алғаш рет Әділет­тілік пен экология мәселелері конс­­титуциялық деңгейге көтеріліп, халық­тың билік көзі екені туралы ақиқат айқын жазыл­ды. Мұны – жай ғана кіріспе емес, ұлттың бо­лашаққа бастар рухани компасы деуге болады. 

Қазақстанның ертеңі жерастындағы кенмен емес, адамның зейін-зердесімен өл­шенбек. Конституциядағы бұл бетбұ­рыс – ресурстық тәуелділіктен интеллектуалдық еркіндікке жасалған қадам болғаны жөн. Білім, ғылым, мәдениет және инновация ұғымдары жасанды интеллект дәуіріндегі еліміздің басты қаруына айналмақ. Бұл – зияткерлік экономиканың іргетасын Ата Заңмен бекіту деген сөз.

Құқықтық саясатты зерттеу орталығы Конституцияның жаңа нұсқасының преам­буласындағы тұжырымдарды талдап, сарап­тамалық қорытынды дайындады. Онда атап көрсетілгендей, жаңа преамбула – жай ғана құрылтайшылық акт емес, нормативтік бағдарлардың бастау бұлағы. 

– Қолданыстағы 1995 жылғы Консти­туцияның преамбуласы ықшамдылығымен, абстракция деңгейінің жоғарылығымен және институционалдық бейтараптығымен ерекшеленеді. Онда базалық конституциялық құндылықтар мен халықтың құрылтайшылық еркі кеңейтілген бағдарламалық ұстанымсыз бекітілген. Ал 2026 жылғы жобаның преамбу­ласы өзгеше: көлемі жағынан ауқымды, мазмұны жағынан тереңірек. Құндылықтық және мақсаттық тұжырымдардың кең жиын­тығын қамтиды. Сөйтіп, преамбула жай кіріспе ғана емес, сонымен бірге мемлекеттік саясаттың стратегиялық мақсатына және нормативтік бағдарының қайнарына айна­лады, – дейді Құқықтық саясатты зерттеу орталығының сарапшысы, жария саясат және адам құқықтары жөніндегі халықаралық құқық саласының маманы Назгүл Ерғалиева.

Мемлекеттілік: «Құрудан» «Нығайтуға» дейін

Ғалым мына ерекшелікке назар аударды. 1995 жылы қабылданған, 2022 жылы өзгер­тіл­ген Конституцияның «алғысөзінде» былай жазылған: «1) Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, 2) байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып, 3) өзімізді еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, 4) дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, 5) қазіргі және болашақ ұрпақтар ал­дындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, 6) өзіміздің егемендік құқы­ғы­мызды негізге ала отырып, осы Консти­туцияны қабылдаймыз».

Біріншіден, осы мәтіндегі «ортақ тарихи тағдыр біріктірген» деген дерексіз тіркес – сан алуан ұлыстың басын тарихтың талқы­сымен амалсыз қосқандай, жазмыштың айдауымен ғана тоғыстырғандай солғын әсер қалдыратын. Екіншіден, мемлекеттің байыр­ғы қазақ топырағында бой көтергені айтыл­ғанымен, мемлекеттіліктің іргетасы тек кеше ғана қаланғандай, өткеннің өнегесін ес­ке­русіз қалдырған біржақты байлам жасалатын. Түпкі тарихымыздың алтын қазығы – сақ пен ғұн бабаларымыздың айбыны, айба­рымен аспан астын тербеген Түркі қаға­наттары және қабырғалы Қазақ хандығының мемлекеттілік дәстүрлері Ата Заңның бас­тауында лайықты бағасын алмады. Сондай-ақ жаһандық қауымдастықтан лайықты орын иеленуге деген ішкі аңсар мен ізгі ниет конституциялық арман-тілек ретінде бекі­тіліп кеткен.

Ал жаңа Конституция жобасында ұлттық танымды сілкінтер жаңашыл иірімдер мен соны соқпақтар жеткілікті. Мұнда тек киелі қазақ жерінің байырғылығы ғана емес, сол топырақта өркен жайған «Ұлы Даланың мыңдаған жылдық тарихы» – ұлттық бірегей­лігіміздің алтын арқауы ретінде дәріптеледі. Себебі тарихты халық жасайды. Бұл – қазақ ұлтының ХХ ғасырдың таңында ғана тарих сахнасына шыққан немесе сырт көздің пайымымен «ойлап табылған» жасанды ұлт емес, тамыры тереңге жайылған, мыңжыл­дық­тар бедерінде шыңдалған кемел жұрт екенін заң жүзінде шегендеу. Осы ұлан-ғайыр босағаның бүтіндігі, ата-баба қанымен кел­ген шекараның мызғымастығы, табиғат-ананың келер ұрпаққа аманат етілген асыл қазынасы мен өзге де киелі құндылықтар ендігі жерде мемлекеттігіміздің мызғымас тұғыры ретінде айқындалмақ.

15 наурызда референдумға шығарылатын Ата Заңның жаңа нұсқасының преамбуласы: «1) Біз, біртұтас Қазақстан халқы, 2) байырғы қазақ жерінде мемлекеттілікті нығайта оты­рып, 3) Ұлы Даланың мыңдаған жылдық тари­хының сабақтастығын сақтап, 4) мемле­кеттің унитарлы сипатын, оның шекарасы мен аумағының тұтастығына қол сұғуға болмайтынын нақтылап, 5) Әділетті Қазақ­стан идеясын және Заң мен Тәртіп қағидатын ұстанып, 6) адамның және азаматтың құқық­тары мен бостандықтары мүлтіксіз сақтала­тынын мәлімдеп, 7) бірлік пен ынтымақ, этносаралық және конфессияаралық татулық қағидаттарына сүйеніп, 8) мәдениет пен білім, ғылым мен инновация құндылық­тарын бағдарға алып, 9) табиғатты аялау қа­жеттігін мойындап, 10) бейбітшілікке және барлық елмен достыққа ұмтылып, 11) келешек ұрпақ алдындағы аса жоғары жауапкершілікті сезініп, ҚР Ата Заңын – осы Конституцияны қабылдаймыз».

Зерттеуші Назгүл Ерғалиева мына ерекшелікке назар аудартты: 1995 жылғысы: «Мемлекеттілік құра отырып» – 2026: «Мем­ле­кеттілікті нығайта отырып». Бұл өзгеріс преамбуланың мағыналық екпінінің ауысқа­нын көрсетеді. Яғни, 1995 жылғы мәтінде халық мемлекетті қалыптастырушы белсенді субъект болса, жаңа редакция мемлекетті­ліктің толыққанды қалыптасып болғанын, ендігі міндет – сол құндылықты сақтау мен қорғау екенін білдіреді.

– «Мемлекеттілікті құра отырып» форму­ласы тілдік әрі мазмұндық тұрғыдан жалғас­қан құрылтайшылық әрекет идеясымен байланысты: біз мемлекеттілігімізді әрі құ­рып жатырмыз. Ал «мемлекеттілікті нығайта отырып» формуласы өзге логикаға негіздел­ген. Ол бұрыннан қалыптасқан және құрылу кезеңі аяқталған мемлекеттілік моделінің бар екенін тұспалдайды. Мұндай жағдайда халық құрылтайшылық үдерістің субъектісі емес, қорғаушы функцияның иесі, – деді сарапшы. 

Ғалым посткеңестік, постсоциалистік республикалардың кейбірінің конституция­сында «құру, жасау» ұғымы сақталғанын тілге тиек етті. Олар мемлекеттік құрылыс ке­зеңінен институционалдық тұрақтандыру кезеңіне өтсе де, преамбулада құрылтай­шылық риториканы өзгеріссіз сақтаған. Бірқатары осы арқылы мемлекеттіліктің құрылу сәтімен символикалық байланысты сақтауға ұйғарды. Қазақстан құрылтайшылық парадигмадан қорғаушы парадигмаға көшті. Әрине, ең бастысы – мемлекеттің әр ісі мемлекеттілікті нығайтуға бағытталғаны жөн. Сөздің іспен қабысқаны маңызды. 

Қазақ – мыңжылдық тарих иесі

Тағы бір маңызды өзгеріс ғалымдар назарына ілікті. 1995 жылы: «ортақ тарихи тағдыр біріктірген» – 2026: «Ұлы Даланың мыңдаған жылдық тарихының сабақтас­тығын сақтап». Бұл – қазақ халқының әлем сахнасына кеше ғана шыққан ұлт емес, тарихтың бастауынан тамыр тартатын іргелі жұрт екенін заң жүзінде мойындау.

– 1995 жылғы Конституция преамбула­сының тұжырымы «ортақ тарихи тағдыр» деген жалпылама және абстрактілі ұғымды қолданады, нақты тарихи кезеңдерді, мәдени шеңберлерді немесе өркениеттік нарратив­терді айқындамайды. Өзге ұлттардың көбі патша және кеңес заманында қоныс аударыл­ғаны мәлім. Мұндай өрнек инклюзивті си­патқа ие және институционалдық бейтарап­тықты сақтайды, бірлескен тарихи тәжірибе фактісін бекітумен шектеледі. «Ұлы Даланың мыңжылдық тарихына» сілтеме жасау арқы­лы нақты тарихи-өркениеттік бағдарды ен­гізеді. Бұл өрнек символдық әрі мәдени мән­ге ие. Преамбула заңдық тұрғыдан бей­тарап сипаттамадан кетіп, тарихи нарратив элементімен толықты, – деді ғалым Назгүл Ерғалиева.

Заң ғылымдарының докторы Индира Әубәкірованың пікірінше, Конституция жобасының преамбуласында алғаш рет жал­пыұлттық құндылықтарымыз айқын белгі­лен­ген. Оның пайымдауынша, Ата Заңның жаңа нұсқасы қазақстандық мемлекеттіліктің терең тарихи тамырын және Ұлы Дала мемлекеттілігі дәстүрлерінің жалғасы екенін нұсқайды.

– Жаңа Конституция жобасында преам­була іс жүзінде толық жаңартылған. Бұрын­ғысы тәуелсіздіктің қалыптасу кезеңін бей­нелесе, қазіргі мәтінде қалыптасқан мем­лекет пен кемел қоғам меңзеледі. Ол жаңа саяси және экономикалық даму кезеңін­де қай бағытта жүру керегін түсіндіреді, қазіргі шынайылық пен болашақ мүмкіндіктерді ескеріп, келешек алдындағы жауапкершілікті бекітеді. Преамбулада еліміздің қандай болуға тиістігі, ұлттық арманды жүзеге асыру жолында біз үшін не маңызды екені айқын көрінеді, – деп түсіндірді профессор. 

Әлемдік және қазақ философиясы орталығының директоры Серік Нұрмұратов преамбуланың жүйеқұраушы функцияны атқаратынын атап өтті: «Жаңа Конститу­цияның преамбуласы – декларация емес, конституциялық тәртіптің онтологиялық шеңбері. Онда тарихи сабақтастық, уни­тарлық және халық бірлігі сияқты негізгі санаттар бекітіледі, олар мемлекеттің құндылықтық негізін қалыптастырады. Преам­була арқылы Конституция мемле­кеттік құрылыс қағидаттарын сақтаудың және оларды заманауи әлеуметтік сын-қа­терлерге сай қайта пайымдаудың арасындағы тепе-теңдікті бекітеді», – деді сарапшы.

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, Конституциялық комиссия мүшесі Анар Фазылжан преам­буланың және Конституцияның құндылық­тық ережелерінің гуманитарлық маңызын атап өтті: «Преамбула мен Конституцияның құн­дылықтық нормалары мемлекеттің мә­дени және тіл саясатының шеңберін айқындайды. Дәл солар арқылы қоғамдық бірлік, бірегейлік және даму сабақтастығы туралы түсінік қалыптасады».

Ата Заңның жаңа жобасы – конститу­циялық реформаның заманауи жаһандық сын-қатерлерге берген байсалды әрі батыл жауабы. Ал оның кіріспе-преамбуласы – өткеннің өнегесін, бүгіннің бекемдігін және ертеңнің еркіндігін тоғыстырған манифест. Бұл – Ұлы Дала елінің жаңа дәуірге жасаған нық қадамы.

Айхан ШӘРІП

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:67
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Ақпан 2026 14:28
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Атырауда қызылша ауруларына қарсы күреске 106 млн теңге бөлінген

26 Ақпан 2026 17:27see119

Түркістан облысында су қоймаларының толу деңгейі 71 пайызға жетті

26 Ақпан 2026 17:05see118

Қазақстан азық түлік инфляциясы ең қатты соққы беретін он елдің қатарында

26 Ақпан 2026 16:39see111

Шымкентте мұғалім 7 жасар оқушы қызға азғындық жасады полиция жауабы

26 Ақпан 2026 20:36see108

Тоқаевтың сынынан кейін Самұрық Қазына 650 қызметкерін жұмыстан шығарады

27 Ақпан 2026 13:22see108

Ресейде Қазақстандағы банк тонау ісі бойынша адамдар қамауға алынды

26 Ақпан 2026 20:36see108

Маска таққан жігіт 30 отбасыға қуаныш сыйлады (видео)

26 Ақпан 2026 23:05see107

Қазақстан құрамасы мәнерлеп сырғанаудан Эстониядағы әлем чемпионатында өнер көрсетеді

26 Ақпан 2026 17:51see107

Солтүстік Қазақстан тұрғыны алаяққа 18,5 млн теңге берген

26 Ақпан 2026 21:46see106

Малтон неге мәдениет үйінен қуылды?

28 Ақпан 2026 02:37see106

Ирактағы топ АҚШ пен Иран арасындағы ықтимал ұзақ соғысқа дайындалуға шақырды

27 Ақпан 2026 21:09see106

Рамазан айында жылдам әрі көп тамақтану асқазанға ауыр түседі

27 Ақпан 2026 03:29see105

Атырау облысындағы қос кісі өлтіру ісі бойынша күдіктінің ұсталған видеосы жарияланды

27 Ақпан 2026 13:47see105

Жастар қалаға ағылып, ауылдарда кадр тапшылығы күшейді

26 Ақпан 2026 22:34see104

Бүгін Еуропа лигасы 1/8 финалына кімдер шығады

26 Ақпан 2026 19:47see104

Қызылордалықтар референдумда қалай дауыс береді

27 Ақпан 2026 09:07see104

Жаңа Конституция ережелерін талқылады

28 Ақпан 2026 03:53see104

Түркістанда науқасты ұзақ уақыт мазалап келген қуықтағы 80 тас сәтті алынды

27 Ақпан 2026 06:54see104

Дәмханадағы жарылыс: қаза тапқандардың отбасына 2 млн теңгеден беріледі

27 Ақпан 2026 13:00see103

Конституция жобасының негізгі ережелерінен хабардар етті

27 Ақпан 2026 09:04see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары