Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Сарайшық Ұлы дала тарихының куәсі

Сарайшық Ұлы дала тарихының куәсі

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Атырауда «Шығыс пен Батыс тоғысқан Сарайшық: Ұлы дала­да­ғы тарих және мәдениет» атты халықаралық ғылыми сим­позиум өтті. Симпозиумға АҚШ, Жапония, Әзербайжан, Қыр­ғызстан мен Ресейден келген ғалымдар, археологтер, тарих­­шылар, музей ісінің мамандары мен өлкетанушылар қатыс­ты.

Симпозиумның мақсаты – ортағасырлық Сарайшық қала­шығының тарихи, саяси және мәдени маңызын жан-жақ­ты зерттеу. Осы орайда ел Прези­денті Қасым-Жомарт Тоқаев­тың Са­райшықты сақтау, жаң­ғыр­­ту жөніндегі тапсырмасы ұлт­­тық мәдениет пен тарихи мұ­ра­ға жаңа көзқарасты қалып­тас­тырды. Ғалымдар мен маман­дардың тың ізденісіне серпін берді. Ғалымдардың ғылыми тұжырымы мен ұсыныстары тари­хи қалашықты зерттеу және сақтау стратегиясын жетіл­діру­ге ықпал етеді. Қалашық­тың аумағында ғылыми зерт­теу жүр­гізу мақсатында «Сарай­шық» мемлекеттік тарихи-мә­дени музей-қорығы» респуб­ликалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны құрылды. Жайық өзенінің жағалауына таяу орна­лас­қан көне қалашықты қорғау үшін инженерлік бекіту шаралары жүргізілді.

«Сарайшық қаласы – Шығыс пен Батысты, түрлі өркениет пен мәдениетті тоғыстырған аса маңызды тарихи орталықтардың бірі. Бұл қасиетті мекен ғасырлар бойы Ұлы дала тарихының куәсі болып, Еуразия кеңістігіндегі саяси-экономикалық және рухани өмірдің өзегіне айналды. Жошы ұлысының, Ноғай ордасы мен Қазақ хандығының астанасы болған Сарайшықты қайта жаңғырту жұмыстарын жүзеге асыру үшін халықаралық ынтымақтастық қажет. Бұл ретте жүргізілген жұмыстар Сарайшық тарихының жаһандық деңгейде зерттеліп, кеңінен танылуына мүмкіндік береді», деді Айбек Сыдықов.

Ортағасырлық Сарайшық қалашығын дамыту жобасының тұжырымдамасын жүзеге асы­руға бағытталған 2023–2027 жыл­дарға арналған жоспар бар. Осы­ған орай нысандарда ғылы­ми-реставрациялау, көне қала­шық­тың инфрақұрылымын дамыту қолға алынды.  «Сарай­шық» сапар орталығы салынып, жаңа экспозициялық залдар жасақ­­талды. Жыл сайын архео­логиялық қазба жұмысы жаңа әдістемелермен, заманауи технологиялармен жүргізіледі.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің айтуынша, Сарайшық қалашы­ғын сақтау мақсатында Жайық өзенінің жағалауында ұзын­дығы 1,5 шақырым, биіктігі 3,6 метр болатын қорғаныс бөгеті салынды. Қалашықта архео­логиялық ғы­лы­ми зерттеу жұ­мыстарын жүр­гізуге 2017 жыл­дан бері облыс­­тық бюджет­тен ұдайы қаржы бөлініп келе­ді. Екі жыл бұрын сапар орта­лы­ғының құ­ры­лысы аяқ­та­лып, ескерт­кіш­тің турис­тік ор­та­­лыққа айналуына жол ашылды.

«Атырау облысында басқа да ортағасырлық ескерткіштер бар. Қазір «Ақтөбе-Лаэти» қалашы­ғының аумағы қоршалды. Алдағы жылы ғылыми зерттеу, реставрациялау және мұражай ашу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Сарайшық пен Хиуа арасындағы ортағасырлық керуен жолы бойында орналасқан «Таскешу» керуен-сарайын зерт­теу, реставрациялау үшін ғылы­ми құжаттама әзірленді. Сарай­шық қалашығының мәдени, тарихи, археологиялық құнды­лықтарының жаңа қырын ашу бағытындағы симпозиум – ха­лық­аралық ынтымақтастықты нығайту, ортақ тарихымызды зерделеу үшін жаңа мүмкіндік», дейді Жасұлан Бисембиев.

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК директоры Әбілсейіт Мұх­тар­дың айтуынша, көне шаһар­да тек сәулет өнерінің озық үлгі­ле­рі, өз дәуіріндегі дамыған өр­кениет­­тің айқын белгі­лері сақ­та­­лып қалған. Табылған жәді­гер­­лер ар­қылы Еуразия кеңіс­ті­гін­дегі көне байланыстар мен мә­дени құ­бы­­лыстарды тануға мүмкіндік бар.

«Сарайшық XIII–XVI ғасыр­ларда батыс өңірде Ұлы Жібек жолының маңызды қала­сы бол­ғаны дәлелденді. Қазба жұ­мысы кезінде Қытай, Жапония, Иран және Еуропа мемлекеттерімен байланыс жүргізілгенін дәлел­дейтін тың жәдігерлер табылды. Ғасырлар бойы құм астында табылған бұйым­дар халықаралық сауда, мә­дениет және дипломатия орта­лы­ғы болғанын көрсетеді. Әсіресе жақсы сақталған мәдени қабаттар – қазақ тарихында ерекше орын алатын қалашықтың біре­гей құндылығы. Бұл жерден табылған «Хан моласы» секіл­ді археологиялық нысандар та­рихымыздың тереңде жатқанын дәлелдейді», дейді Ә.Мұхтар.

Шындығында, ортағасырлық Сарайшық қалашығы – көне тарихтың көмбесі. Сол себептен, жыл сайын тарихи мекенге саяхаттайтын туристер саны артып келеді. Мәселен, 2023 жылы музей-қорыққа елімізден 20 412, 253 шетелдік турист келіпті. Ал биыл 25 491 қазақстандық пен 119 шетелдік саяхатшы ортағасыр­лық қалашықтың тарихымен танысты.

Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі басшысының орынбасары Сая Ғазимованың пікірінше, музей қызметкерлері ғылыми орта және мемлекет­тік органдармен бірлесіп, Сарай­шықтың бай мұрасын жан-жақты зерттеуді жалғастырғалы отыр. Қала­шықтың тарихы осындай ауқымды ғылыми алаңда талқы­лануы зерттеу жұмысын жаңа белеске көтереді.

Симпозумда ғалымдар үш секцияға бөлініп, ғылыми баян­да­малар жасады. Мәселен, «Орта­ғасырлық тарихи-мәдени мұраларды қалыпқа келтіру және жаңарту мәселелері» бағы­тын­дағы секцияда Өзбекстан, Әзер­байжан, Ресей, Қазақстан және Украина-Қазақстан ғалым­дары ортағасырлық қалалар мен археологиялық нысандар­ды сақтауға байланысты пікір­лерін білдірді. Әр елдің маман­дары тарихи-мәдени мұралар­ды қалпына келтіру, археоло­гиялық зерттеулерді жетілдіру, ортағасырлық қалаларды турис­тік әлеуетпен байланыстыру және сақтаудың инновациялық жолдары жөнінде тәжірибелерін ортаға салды.

Ал «Ортағасырлық Са­рай­шық Қазақстан және шетел тарихнамасы призмасында: жетістіктері мен зерттеу мәселелері» туралы Қазақстан, Түркия, Ресей, Әзербайжан, Өзбекстан елдерінің тарихшылары, архе­ологтері, түркологтер мен нумизматтар Сарайшық пен Жошы ұлысы тарихының маңызды аспектілерін талқылады. Ғалым­дар орта­ғасырлық қала тарихы­ның зерт­телуі, дереккөздердің айналымы, Алтын орда мен Ноғай ордасының саяси-мәде­ни кеңістігі, археологиялық кешендер, нумиз­матикалық материалдарды, ха­лық­­аралық тарихнамадағы жаңа бағыттар жөнінде өзекті мәселе­лерді көтерді.

Ғалымдар баяндамаларында Сарайшықтың Жошы ұлысы, Алтын орда және жалпы түркі әлемі тарихындағы стратегиялық әрі мәдени маңызына екпін түсірді. Олар тарихи-мәдени мұраны сақтау, жаңа деректерді ғылыми айналымға енгізу, ортаға­сыр­лық қалаларды зерттеу үшін ын­ты­мақтастықты жетілдіру қа­жет деп санайды.

«Тарихи-мәдени мұра объек­тілерінің инфрақұрылымын дамыту және туристік аймаққа айналдыру» атты үшінші секцияда Қазақстан мен бауырлас Әзербайжанның музей, туризм және ғылыми зерттеу ұйым­да­рының өкілдері мәдени мұра инфрақұрылымын дамыту, туристік әлеуетті арттыру, музей ісін жаңғырту және ортағасырлық нысандарды туристік бағыттарға айналдыруды сөз етті. Сарайшық пен Атырау өңірінің тарихи-мәдени мұраларын заманауи туризм талаптарына бейімдеу, инфрақұрылымды жақсарту, музей-қорықтардың қызметін жаңғырту, этномәдени әлеуетті тиімді пайдалану мәселелері жан-жақты қарастырылды.

Атырау облысы 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:156
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Қараша 2025 20:07
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see146

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see142

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see135

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see133

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see131

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see131

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see130

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see130

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see128

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see128

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see127

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see127

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see126

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see123

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see121

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see116

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see116

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see115

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see113

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары