Премьер Армении Пашинян подал в отставку
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Армения премьер-министрі Никол Пашинян мен үкімет отставкаға кетті. Министрлер кабинеті жаңадан сайланған Армения парламентінің алдында өкілетін тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Armenia Today басылымына сілтеме жасап.
Пашинян бұл рәсім Армения Конституциясының 158-бабында көзделгенін айтты. Ол үкіметтің отставкасы туралы тиісті өтінішке қол қойды. Құжат президент Ваагн Хачатурянға жолданады. Мемлекет басшысы министрлер кабинетінің отставкасын қабылдауға тиіс.
Жаңа үкімет жасақталғанға дейін оның мүшелері өз міндеттерін атқара береді.
Пашинянның айтуынша, парламенттегі көпшілік бүгін президентке премьер-министрдің кандидатурасын ұсынады. Конституцияға сәйкес, мемлекет басшысы жаңадан сайланған парламенттегі көпшілік ұсынған кандидатты дереу тағайындауы керек.
Бұған дейін Пашинян жаңа шақырылымдағы парламенттің жұмысын бастауына байланысты Армения үкіметі 2 тамызда отставкаға кететінін мәлімдеген еді.
7 маусымда өткен Армениядағы парламент сайлауында Пашинян төрағалық ететін биліктегі "Азаматтық келісім" партиясы 49,74 пайыз дауыс жинап, 64 мандатқа ие болды. Миллиардер Самвел Карапетянның "Күшті Армения" партиясы 23,27 пайыз дауыс алып, 29 мандат иеленді. Ал бұрынғы президент Роберт Кочарянның "Армения" альянсы 9,92 пайыз дауыс жинап, 12 мандат алды.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:56
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Тамыз 2026 12:36 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















