Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Премьер Оқу ағарту min гі мен әкімдіктерге 1 қарашаға дейін мерзім берді

Премьер Оқу ағарту min гі мен әкімдіктерге 1 қарашаға дейін мерзім берді

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанда жұмысшы кадрларын даярлау жүйесін өзгерту бойынша бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысында премьер-министр қолданыстағы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі экономиканың қажеттіліктері мен технологиялық өзгерістерге жедел жауап беруі тиіс екенін мәлімдеді.

"Қазіргі жағдайда кез келген өндірістегі маман цифрлық басқару жүйелерімен кәсіби деңгейде жұмыс істей білуі және практикалық міндеттерді шешу үшін жаңа технологияларды, жасанды интеллект құралдарын қолдана алуы керек. Қолданыстағы кадр даярлау жүйесін дәл осы мақсаттарға бейімдеп қайта құру қажет", - деді Бектенов.

Министрлер кабинеті басшысының айтуынша, кейінгі жылдары мемлекет техникалық және кәсіптік білім беру саласын қаржыландыруды едәуір арттырды. Егер бұрын колледждерге бюджет есебінен жыл сайын 93 мыңға жуық студент қабылданса, биыл олардың саны 145 мыңға дейін өсті. Шәкіртақылар 50 пайызға көбейіп, бір студентті оқытуды қаржыландыру 2,2 есеге артты.

Алдағы үш жылда колледж студенттері үшін жатақханалардан 7,5 мыңға жуық жаңа орын ашу жоспарланып отыр.

"Бұл жоспар міндетті түрде орындалуы тиіс", - деп атап өтті Бектенов.

Сондай-ақ премьер-министр қаржыландыруды бөлу тәсілін өзгерту қажеттігін айтты. Мемлекеттік тапсырыс оқу орындарының мүмкіндіктеріне емес, экономикаға нақты қандай мамандар қажет екеніне байланысты болуы керек.

"Даярлауды қаржыландыру колледждердің мүмкіндіктерімен емес, экономиканың кадрларға деген расталған қажеттілігімен айқындалуы тиіс, сонымен қатар түлектердің жұмысқа орналасуына мониторинг жүргізілуі керек", - деді ол.

Бектенов инфрақұрылымның жай-күйіне де ерекше назар аударды. Оның айтуынша, жұмыс істеп тұрған техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 70 пайыздан астамы осыдан 40 жылдан астам уақыт бұрын салынған.

"Осыған байланысты Оқу-ағарту министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және өңір әкімдіктерімен бірлесіп, ағымдағы жылдың 1 қарашасына дейінгі мерзімде Үкіметке техникалық және кәсіптік білім берудің заманауи инфрақұрылымын дамытудың 2027–2030 жылдарға арналған бағдарламасын енгізуді тапсырамын", - деді Үкімет басшысы.

Сонымен қатар Олжас Бектенов әрбір өңірде экономиканың басым салалары бойынша кадрларды даярлау және тәуелсіз сертификаттаудың салалық кластерлерін құруды тапсырды. Еңбек, Оқу-ағарту және Ғылым министрліктері әкімдіктермен бірлесіп, кәсіпорындарға қандай мамандар және қанша мөлшерде қажет екенін жыл сайын анықтап отыруы тиіс. Бұл болжамдар тұрақты түрде жаңартылып, Enbek.kz платформасында орналастырылады.

Бұдан бөлек Үкімет басшысы Ғылым және Еңбек министрліктеріне осы жылдың соңына дейін Мамандықтарды трансформациялау ұлттық орталығын іске қосуды, онда жұмыс берушілердің жаңа мамандықтар мен сұранысқа ие құзыреттерді болжауға қатысуының нақты тетіктерін айқындауды тапсырды.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев технологиялық өзгерістер мен экономиканың қажеттіліктерін ескере отырып, кадр даярлау жүйесін қайта құруды тапсырған болатын. Мемлекет басшысы жұмысшы мамандықтарын дамытуға және колледждердің кәсіпорындармен тығыз іс-қимыл жасауына ерекше көңіл бөлді.

Үкіметтің 2026 жылғы 8 қыркүйектегі отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев 2035 жылға дейін Қазақстан экономикасына 2,9 миллион қызметкер қажет болатынын, оның 1,8 миллионы жұмысшы мамандықтары бойынша екенін хабарлады. Ең көп сұраныс өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы және IT салаларында күтіледі.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:85
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Қыркүйек 2026 11:42
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

23 Қазан 2026 01:28see132

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see115

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see111

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары