Президент Теміртауда жаңартылған трамвайға мініп көрді
Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АСТАНА, 2 қараша – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Теміртаудағы қалпына келтірілген трамвай қозғалысы жүйесімен танысты, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысы трамваймен Республика даңғылынан "Инженер" аялдамасына дейін жүріп өтіп, атқарылған істің сапасын және жаңартылған көлік инфрақұрылымының пайдалануға толығымен әзір екенін көрді.
© Photo : Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз қызметі Президент Теміртауда жаңа трамвайға мініп көрді

Президент Теміртауда жаңа трамвайға мініп көрді
© Photo : Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз қызметі
Қалада трамвайға арналған 30 шақырым шойын жол қалпына келтіріліп, ауыстырылды. Жаңадан заманауи 8 вагон сатып алынды. Бұл трамвайдың кестеге сәйкес тұрақты жүруіне мүмкіндік берді.
Президент "Qarmet" АҚ басшылығымен әңгімелесу барысында металлургтер қаласындағы трамвай қатынасын қалпына келтірудің маңызын айтты.
"Теміртау үшін трамвай – заманаларды байланыстыратын дәнекер іспеттес. Тұрғындардың трамвай қатынасын қалпына келтіру туралы талабын орындағаныңыз дұрыс болыпты. Комбинатқа алғаш келгеніңізде Теміртау қаласын абаттандырумен міндетті түрде айналысу қажет деп айтқан едім. Өйткені қала күтім көрмей, тозып кетті. Әлі де атқарылатын жұмыс көп, дегенмен бастамасы жақсы"– деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
© Photo : Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз қызметі

1/4
© Photo : Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз қызметі
© Photo : Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз қызметі

2/4
© Photo : Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз қызметі
© Photo : Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз қызметі

3/4
© Photo : Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз қызметі
© Photo : Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз қызметі

4/4

Qarmet компаниясы трамвайды қала халқының игілігіне екі жыл бұрын берген болатын. Содан бері аталған қоғамдық көлік қатынасы 1 миллионнан аса жолаушыны тасымалдаған.
Рельсті көлікте жолаушыларға ыңғайлы болуы үшін электронды төлем жүйесі орнатылған, ал Qarmet кәсіпорнының жұмыскерлері мен ардагерлері тегін жүреді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:162
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Қараша 2026 13:53 

Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы

Ең көп оқылғандар