Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Профилактикалық медицинаның маңызы артты

Профилактикалық медицинаның маңызы артты

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Бүгінде әлемдік медицинада да профилактикалық бағыттың маңызы жыл өткен сайын артып келеді. Ал елімізде осы мәселені алғашқылардың бірі болып зерттеген, профилактикалық медицинаның ғылыми негіздерін қалыптастырған ғалым академик Ерболат Дәленов еді. Биыл ғалымның туғанына 80 жыл толуына орай өзі оқыған оқу орны – Астана медицина университеті бірқатар маңызды істі қолға алған екен. 

Ғалымның мерейтойы қар­саңында елордада екі күнге жал­ғасқан «Профилактикалық медицина – сапалы және са­ла­уатты ұзақ өмір сүрудің векто­ры» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өт­ті. Іс-шараға отандық меди­циналық оқу орындары мен ғылыми институт қызметкер­лерінен бөлек, Америка, Ресей, Қырғызстаннан ғалымдар қа­тысты, оның ішінде Дүниежү­зі­лік денсаулық сақтау ұйымының Климат және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі арнайы өкілі Робб Батлер де бар.

 Конференцияның бағыты да академик Ерболат Дәленовтің ғылыми мұрасымен сабақтас. Іс-шараны Астана медицина университеті мен оқу орны ба­засындағы Е.Дәленов атындағы Профилактикалық медицина ғылыми-зерттеу институты ұйым­дастырған екен. Ғалым көзі тірі кезінде өз бастамасымен профилактикалық медицина­лық институттың негізін қала­ған еді, ал бүгінде ол қалыптас­тырған мектеп ұстаз ұстанымын басты назарға алып келеді. Конференцияның алғашқы кү­нінде Астана медицина уни­вер­ситетінің оқытушыларына ар­налған «Заманауи нутрицио­ло­гия: микробиота, тағам өнім­дерінің сапасы және биология­лық белсенді қоспаларды ұтым­ды таңдау», «Білім беру мен ғы­лымдағы жасанды интеллект: промптан ғылыми мақалаға дейін» тақырыбында шеберлік сабақтары да өтті. Ал екінші күні ғылым саласының маман­дары профилактикалық меди­ци­наның дамуындағы сын-қа­терлер мен мүмкіндіктер, са­ла­ның заманауи тәсілдері мен салауатты ұзақ ғұмыр үшін қауіп факторларын басқару бағыты бойынша ойын ортаға салып, баяндамалар оқыды, медицина сарапшылары талқылаулар өткізді.

Ал Е.Дәленов атындағы Про­филактикалық медицина ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкері, нутрицолог Жанна Нұрберген профилактикалық медици­наны қолдау енді қолға алына баста­ғанын жеткізді.

– Конференцияда профи­лактикалық медицина, ұзақ өмір сүрудің негізгі қағидалары, аурулардың профилактикасы жөнінде толықтай қамтылды. Ұстазымыз Ерболат Дәленов еліміздегі, әсіресе  солтүстігі мен орталық өңірлердегі про­филактикалық медицинаның дамуына үлкен үлес қосты. Өкі­ніштісі, «Жалғыздың үні шық­пас» демекші, ол кезде бұл ба­ғытты жалғыз өзі күресе еңбек етті. Қазір біртіндеп бұл сала жаңданып келеді, – дейді Жанна ханым. 

Сонымен қатар тағы бір қуа­нышты жаңалықтың бірі, биыл­дан бастап Астана медицина университеті профилактикалық медицина дәрігерлерін жеке ма­мандық ретінде оқытып жатыр.

– Биыл институтымыздың ең бір маңызды атқарған жұ­мысының бірі, профилактика­лық медицина бағытында дә­рігерлерді дайындап шыға­ра­мыз. Енді өз алдына бөлек ма­мандық ретінде оқуға мүм­кін­дік бар. Бұрын бұл салаға көп мән берілмеп еді. Сонымен қатар қазір ғылыми жұмыс­тар­мен қатар, Астана қаласының Денсаулық сақтау басқарма­сымен бірлесе салауатты өмір салтын насихаттау жұмысын да жүргізіп жатырмыз, – дейді Ж.Нұрберген.

Бұдан бөлек, конференция аясында инситут ғалымдары мен ғылыми қызметкерлердің дайындаған өнімдері қонақ­тарға арналған көрмеде ұсы­ныл­ды.  Инс­титут­тың маманда­ры әр жыл­дары «Лак­тобапол», «Ба­пол-М», «Milky­Boom-плюс», Bee fito oil, Bee fly drink сынды та­ғам­дық өнімдер мен емдік заттарды дайындап шы­ғарған екен. Әрине, бұл да ауыз толтырып айтарлық ғы­лыми жетістіктің бірі, алайда қазір бұл өнімдер сатылымда жоқ. Астана ме­дицина университетінде 27 жыл еңбек еткен аға оқытушы, нут­рицолог Бағай Назар­бай­ұлымен осы жөнінде тіл­дескен едік. 

– Сергіткіш сусын мен арнайы емдік жақпамайдың авторымын, бұл өнімдер ара өнімдері арқылы жасалады. Авторлық сусынымның құра­мында бал, зімбір, прополис, табиғи шөптер бар. Негізгі мақ­сатым  дүкен сөрелеріндегі энер­гетикалық сусындардың ор­нын осы өніммен алмас­ты­рып, жастардың денсаулығына зиянсыз өнім ұсыну еді. Дәс­түрлі медицина маманы бол­ғандықтан, бұл өнім толықтай клиникалық және зертханалық зерттеуден өткізіп, патентін де алдық, – дейді ғылыми қыз­меткер. 

Оның айтуынша, оқу орны­ның жеке өндірістік базасы болмағандықтан, дайындаған өнімдер халыққа қолжетімсіз болып отыр. Ал бұл еңбек күші мен үлкен қаржыны талап етеді. Маман мемлекет тарапынан жобалар, байқаулардың саны артса, ғылыми жұмыстың да сапасы тереңдей түсер еді деген ойда. Қазір жас ғалымдар мен ғылыми мамандар дайындап шығарған өнімдер еліміздің ғылыми техникалық қорына тір­келген және ғылыми кон­ференциялар мен жиындарда үнемі көрмелерде ұсынылып келеді. 

Конференция барысында оқу орнының басшысы Анар Ақылбекқызы алда профилак­тикалық медицина бұдан әрі дами түсетінін, елімізде де бұл салаға ерекше көңіл бөлінетінін айтты. Қазір профилактикалық медицинаға көңіл бөлу әлемдік тендецияға айналып отыр, со­нымен қатар онкологиялық аурулар, жүрек, қантамыр жүйе­сі ауруларының саны артқан сайын профилактиканың да маңызы еселене береді. 

Конференция аясында про­филактикалық медицинаның кеңауқымды бағытта дамып ке­ле жатқанын түсінесің. Ауру­лардың қауіп факторларын анықтау, денсаулық деңгейін ба­ғалау, биологиялық жасты ба­ғалау, дұрыс тамақтану бо­йынша ұсыныстар әзірлеу сияқ­ты жұмыстар да қарастырылған. Сонымен бірге созылмалы жұқ­палы емес аурулардың алдын алу, халықтың тамақтану жағ­дайын бағалау және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған ғылыми жұмыстар назарға алынды.

Профилактикалық меди­цина – денсаулыққа әсер ететін қауіп факторларын ерте анық­тау және адамның өз денсаулы­ғына жауапкершілігін арттыру. Дұрыс тамақтану, дене белсенді­лігі, зиянды әдеттерден бас тар­ту, профилактикалық тексеру­лерден уақытылы өту сияқты қарапайым дағдылардың өзі көп­теген аурудың қаупін төмен­детуге мүмкіндік береді. Бүгінде медицина технологиясы дамып, диагностиканың жаңа мүмкін­діктері пайда болғанымен, бір қағида өз маңызын жоғалтпасы анық. Ауруды емдегеннен гөрі оның алдын алған тиімді.  Сон­дық­тан профилактикалық ме­ди­цинаға көңіл бөлу тек ме­ди­ци­на­лық ұйымдардың міндеті емес. Ол адамның күнделікті өмір салтына, қоршаған ор­та­сы­на, дұрыс тамақтануы және ден­саулық туралы сауатты­лығына да тікелей байланысты болмақ. 

Айсұлу СЪЕЗХАН

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:128
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Қыркүйек 2026 18:17
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары