Прокуратура Семей орманы аумағында көптеген заң бұзушылықтарды анықтады
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
"Семей орманы" аумағында жүргізілген рейдтер барысында прокурорлар 30-дан астам заңбұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz қадағалау органының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Абай облысы Бородулиха ауданының прокуратурасы рейдтік іс-шаралар кезінде заңбұзушылықтарды анықтады.
"Ағаштарды заңсыз кесудің 6 фактісі анықталды. Оның 3 фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталса, қалған 3 факті бойынша әкімшілік іс жүргізу қозғалды", - деп хабарлады қадағалау органы.
Сонымен қатар 20 орамда орман дайындау жұмыстары тоқтатылып, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұза отырып техниканы пайдаланудың 5 фактісінің жолы кесілді. Оның ішінде ұшқын сөндіргішсіз техниканы пайдалану фактілері де бар.
"Бұдан бөлек, 20-дан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Олардың қатарында тиісті санаттағы жүргізуші куәлігінсіз көлік құралдарын басқару, мемлекеттік тіркеу нөмірлерінсіз техниканы пайдалану, сондай-ақ көлік құралдарын алкогольдік масаң күйде басқару фактілері бар", - делінген хабарламада.
Анықталған барлық заңбұзушылық бойынша тиісті шаралар қабылданды.
Бұған дейін ҰҚК Бас прокуратурамен бірлесіп, ағаш кесуді және сатуды заңсыз ұйымдастырды деп күдікке ілінген "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты лауазымды тұлғаларының әрекетіне тосқауыл қойғаны хабарланған болатын.
Орманды заңсыз кесу мәселесі бұған дейін бірнеше рет билік назарына ілікті. 2024 жылы премьер-министр Олжас Бектенов Абай облысына сапары барысында "Семей орманында" құқықтық тәртіптің сақталуын қатаң бақылау қажеттігін айтып, заңсыз ағаш кесумен айналысатындарды "мемлекеттің жауы" деп атады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:71
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Қазан 2026 00:12 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















