Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Қ. Тоқаев: Біздің өнімдеріміз 140 елге сатылады

Қ. Тоқаев: Біздің өнімдеріміз 140 елге сатылады

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Мемлекеттік наградалар қатарына тағы бір марапат қосылды.

Енді келер жылдан бастап жоғары әлеуметтік жауапкершілік танытып, қайырымдылық істерге мол үлес қосқан үздік кәсіпкерлерге "Мейірім" ордені табысталатын болады. Бұл жайында бүгін Президент "Алтын сапа", "Парыз" және "Қазақстанның үздік тауары" байқауларының жеңімпзадарын марапаттау барысында мәлімдеді. Кәсіпкерлер алдында сөз сөйлеген мемлекет басшысы салада түйіні тарқамаған бірқатар мәселелерді жіпке тізіп, жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Бұл сапаға серт берген, жаңашылдықты ту еткен, елдің абыройын арттырған кәсіпорын өкілдері. Жыл сайын бір мезгілде елордаға жиналады. Айтулы жиында кәсіпкерлік саласының өзекті мәселелері талқыға салынады. Ал үздіктер Президент қолынан жоғары марапат алуға келеді. 

Биыл тек «Алтын сапа» мен «Қазақстанның үздік тауары» байқауларының өзіне ғана 800-ден астам өтінім келіп түскен. «Парыз» сыйлығына да үміткерлер көп. Президент премиясын 4 аталым бойынша 14 лауреат иеленсе, Үздік тауар таңбасын 8 өндіруші алмақ.

Мұрат Қарымсақов, "Атамекен" ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары:

- Биыл біз өтінімдерді электронды форматта қабылдадық. Кәсіпкерлер тарапынан белсенділік қатты байқалды. Комиссия мүшелері әр аймаққа шығып, конкурсқа қатысушылармен жіті танысты. Яғни, іріктеу өте қатаң тәртіпте өтті.

Жүзден жүйрік шыққандардың қатарында елордалық «AG TECH» компаниясы бар. Кәсіпорын IT саласындағы инновациялық бағдарламалық және техникалық қамтамасыз ету шешімдерін ұсынады. Бір сөзбен айтқанда өндірістегі жұмысты автоматтандырып, жеңілдетеді. Қазір компания «Қазцинк», «Қазақмыс» сынды алпауыттармен серіктестік орнатқан. Жылдық табысы 1 млн долларға жетеді екен.

Александр Подвалов, "AG TECH" ЖШС құрылтайшысы және бас директоры:

- Келер жылы өзіміздің инновациялық шешімдерімізді алыс шет елдерге экспорттауды жоспарлап отырмыз. Қазірдің өзінде Ресейге, Қырғызстанға жеткізіп жатырмыз. Енді Солтүстік Америка, Африка және Австралия нарықтарына шыққымыз келеді.

Осындай өз ісіне адал іскер жандардың арқасында биыл ел экономикасының көрсеткіштері де арта түскен. Ішкі жалпы өнім алғаш рет 300 млрд доллардан асқалы тұр. Қазақстан дайын өнім экспортына екпін берген. Нәтиже жаман емес.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Тауарын шетелге өткізетін кәсіпорындар саны 3 есе көбейді. Соның арқасында бүгінде өнімдеріміз 140 мемлекетке шығарылады. Қазақстан тауарлары әлемдік нарықтан өз орнын алып жатыр деп күмәнсіз айтуға болады. Осы орайда шағын және орта бизнестің рөлі айрықша екені сөзсіз. Жалпы, еліміздегі кәсіпкерліктің даму қарқыны белсенді, бүгінде олардың экономикадағы үлесі 40 пайызға жетті.

Ел экономикасының тамырына қан жүгіртетін негізгі күш – ол шағын және орта кәсіпкерлік. 5 жылда осы салада табыс тауып жүрген бизнес иелерінің саны 1,5 есе артқан. Ал шығарған өнімдері болса 2,5 есе көбейген. Бүгін Президент те бұл кәсіп иелерін барынша қолдайтынын жеткізді. Мәселелерін де жеке бақылауында ұстамақ. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Әлі де шешімін таппаған өзекті мәселелер мен түйткілдер аз емес, оны біз ашық түрде мойындаймыз. Ең алдымен, қосылған құны жоғары сапалы өнім өндіретін шағын бизнеске барынша жағдай жасалуы қажет. Мемлекет тарапынан тиісті қолдау көрсете отырып, кәсіпкерлеріміздің өз істерін кеңейтіп, жаңа деңгейге шығуына серпін берген жөн. Мұны кәсіпкерлікті дамыту саясатының маңызды шарты деп айтсақ, артық болмайды.

Биыл шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға да ерекше екпін берілді. «Бәйтерек» холдингі арқылы 2 трлн теңгеге жуық субсидия берілген. Енді мемлекет кәсіпкерлерді тікелей қаржылай қолдаудан гөрі кепілдік беруге көшкен.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Осы мақсатта менің тапсырмаммен «Даму» қоры жанынан шағын және орта бизнеске, сондай-ақ ірі инвестициялық жобаларға арналған екі кепілдік қоры құрылды. Аталған бағыт аясында 2229 жобаға жалпы сомасы 400 миллиард теңгеден астам кредит берілді. Оның ішінде 220 миллиард теңгеден астамы мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілді.

Дегенмен, елде шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасы жоқ екен. Президент бұл олқылықты жылдам түзеуді тапсырды. Құжатта әр өңірдің ерекшеліктері мен кәсіпкерлерге нақты қолдау тетіктері көрсетілуі тиіс. Жергілікті өнімге, білімге және заманауи технологияға басымдық беру де маңызды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Мысал ретінде Жапонияның халықаралық ынтымақтастық агенттігі (JICA) және «Атамекен» ұлттық палатасының қолдауымен жүзеге асқан «Бір ауыл – бір өнім» жобасын келтіруге болады. Ауыл-аймақтардан осындай ақылға қонымды өтініштер мен ұсыныстар жиі түседі. Мәселен, қой мен ірі қара терісін өңдейтін кәсіпорын ашу туралы бастаманы айтуға болады. Неге екенін қайдам, қанша жыл өтсе де осы шаруаны Үкімет те, бизнес те қолға алмаған. Әйтсе де шағын және бизнес бұл кәсіппен айналысуға ниетті.

Кәсіп жүргізуде аяқтан шалатын проблемаларды атаған Қасым-Жомарт Тоқаев оларды заманауи технологиялармен – цифрлық құралдармен шешу керектігін алға тартты. Еліміздің қазіргі даму қарқыны жағдайында сандық шешімдер мен жасанды интеллектіні енгізу ішкі жалпы өнімге 14 млрд доллардан 20 млрд долларға дейін табыс әкелуі мүмкін деген болжам бар. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Алдымызда бизнес бетпе-бет келетін әкімшілік кедергілерді азайту міндеті тұр. Бұған дейін заңнаманы түгел тексеріп, оны жетілдіру жөнінде тапсырма берген болатынмын.

Үкімет пен бизнес-қоғамдықтың үйлесімді әрекет етуін, әсіресе цифрлық ықпалдастықты күшейту керек. Кәсіпкерлер бюрократияның азайғанын сезінуге тиіс, яғни бұл өткеннің еншісінде қалуы керек. Үкімет пен қадағалаушы органдарға осындай міндет жүктеймін.

Сондай-ақ Президент креативті индустрияны дамытуға мән беру керектігін айтты. Қазір бұл сектордың ішкі жалпы өнімдегі үлесі небәрі 1 пайыз ғана. Әлеует бұдан да жоғары. Тағы инфлация мәселесі де қаузалды. Мемлекет басшысы оның шарықтауына жол бермеу керектігін қадап айтты. Себебі ол азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған барлық әрекетті жоққа шығарады. Ендігі бір мәселе – импортқа тәуелділіктен құтылу.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Ауыл шаруашылығы өнімдерімен, халық күнделікті тұтынатын тауарлармен қамтамасыз ету мәселесі толық шешілмей келеді. Импорт өте көп. Ол көзге анық көрініп тұр. Бірқатар тауар номенклатурасы бойынша сырттан келетін өнімге тым тәуелдіміз. Қазақстанда бұған жол беруге болмайды. Оның үстіне биыл мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығына 1 триллион теңге қолдау жасалды. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Ал еліміз шығаратын өнім көлемі 2024 жылдың қорытындысы бойынша 8,5 триллион теңгеге бағаланды.

Президент атап көрсеткен бұл мәселелерді залда отырған кәсіпкерлер жақсы біледі. Түсінеді де. Өз ісін өрге домалатып отырған азаматтар қоғам игілігі үшін аянып қалып жатқан жоқ. Мәселен, биылғы «Парыз» байқауына қатысушылар түрлі қайырымдылық шараларға 37 миллиард теңгеден астам қаржы салған. Осындай мейірімді жандарға ризашылығын білдірген Президент қайырымдылық істерге мол үлес қосқан кәсіпкерлер үшін арнайы марапат тағайындалатынын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Биылдан бастап 29 қазан «Қазақстан кәсіпкерлері күні» болып ресми түрде бекітілді. Сонымен қатар мен жоғары әлеуметтік жауапкершілік танытып, қайырымдылық істерге мол үлес қосқаны үшін еліміздің үздік кәсіпкерлеріне берілетін арнайы марапат – «Мейірім» орденін тағайындау туралы шешім қабылдадым. Келесі жылдан бастап залда отырған бірқатар кәсіпкер осы мәртебелі орденмен марапатталады. Бұл еліміздегі барша бизнес өкілдеріне деген айрықша құрметтің белгісі болмақ.

Айта кету керек, байқаудың бас жеңімпаздарынан бөлек өзге жүлдегерлер де бүгін қошеметке бөленді. Кәсіпкерлерге бұл марапатты премьер-министр, депутаттар мен өзге де мемлекет қайраткерлері табыстады. 

Риат Шони, тілші:

- Мемлекеттің мерейін өсіріп, ел абыройын асқақтататын бірегей жобалардың бірі «Алтын сапа» байқауы. Бұл конкурс ұлт экономикасының жарқын болашағына деген сенімнің символы, еңбектің еленгені, табыстың төрге шыққан сәті. Бұл доданың мәні - тек үздіктерді анықтау емес, Қазақстандағы кәсіпкерліктің мәдениетін жаңа белеске көтеру, адал еңбектің абыройын айшықтау. Бастысы байқаудың жүрегінде еңбекті бағалау тұр.

Риат Шони, Марат Диханбаев

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:160
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Желтоқсан 2025 02:58
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары