Қайрат Пафос: кім жеңеді?
Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Шамамен 15-20 минуттан кейін Чемпиондар лигасы аясында «Қайрат» пен кипрлық «Пафос» арасындағы кездесу басталады.
Бұл ойында алматылықтардың алғашқы ұпай еншілеу мүмкіндігі жоғары. Орталық стадионға жиналған жанкүйерлердің ойын алдындағы көңіл-күйі қалай?
Аршын Кемелжан, тілші:
- Орталық стадион алдындағы жанкүйерлер қарасы көбейген, жеңіске деген үміт басым болғандықтан көңіл-күй де жақсы. Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өз алаңында кипрлық «Пафосты» қабылдайды. «Пафос» клубы 2014 жылы құрылған. 10 жылда жақсы нәтиже көрсетіп, былтыр Кипр чемпионы атаныпты. «Пафос» клубы біздің «Қайрат» сияқты биыл алғаш рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өткен екен. Ал алматылық «Қайрат» бұған дейін екі ойын өткізді. Бірінші ойында «Спортингке» 4:1 болып ұтылды. Одан кейін испандық «Реал Мадридті» қабылдып, 0:5 есебімен жеңілді. Бүгін «Пафосты» жеңуге мүмкіндік бар.
Ерғанат Бөкей, спорт сарапшысы
Аршын Кемелжан, тілші:
- Айта кетейік, Орталық стадионның маңындағы қауіпсіздік әдеттегідей күшейтілген. Сақшылар аумақтағы тәртіпті қадағалап тұр. Абай даңғылы, сондай-ақ Байтұрсынұлы, Сәтбаев көшелерінде көлік қозғалысы уақытша шектеген. Ойын аяқталғаннан кейін жанкүйерлер үшін 6 бағыт бойынша 60 автобус қатынайды. Шамамен 15 минуттан кейін 70 жылдық тарихы бар «Қайрат» пен құрылғанына 11 жыл болған кипрлық «Пафос» ойыны басталады.


