Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Қайсар қыздың арманы Олимпиада алтыны

Қайсар қыздың арманы Олимпиада алтыны

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Бокстан ерлер мен әйелдер арасында кезекті әлем чемпионаты Англияның Ливерпуль қаласында өтті. Құрылғанына бірер жылдың мұғдары болған World Boxing ұйымы жаһан додасын жоғары деңгейде ұйымдастырды. Еліміздің қыз-жігіттері әлем чемпионатынан 7 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль олжалап қайтты. Әнұранымызды жеті мәрте шырқатқандардың арасында Алуа Балқыбекова да бар.

Сурет: oimaqnews.kz

Англияда өтетін әлем чем­пионатына жүрер алдында Алма­­ты ко­­ман­­­дасының қыздары Түр­кия­ға ат басын бұрып, осы ел­­­дің қыз­дарымен бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізді. Алуа Трабзонда туған талант Бусеназбен спарринг жасап, қарымын бағамдады. Түркия мем­­ле­кетіне Олимпиаданың күміс медалін тарту еткен Бу­сеназ­­­дың бұла күшін қалай қай­рап, шыңдайтынын көрді. Елге келген соң Ресей боксшыларымен тізе қосып, жаттығуды күшейтті.

– Бұл өзі бір сәтін салған жаттығу жиыны болды, – дейді боксшы қыз. – 2021 жылғы Токио Олимпиадасында Жапония еліне медаль сыйлаған Цукими Намики да осы бірлескен оқу-жаттығу жи­ынына келді. Олимпия ойын­дарынан кейінгі ұзақ уақыт үзі­лістен соң қолғабын қайта киген жапон қызымен де спарринг өткіздім. Ол да осындай дүбірді іздеп келгенін аңдатты. Боксты сағынып-ақ қалыпты, жанарынан жалын ұшқындап, жанығып жүрді. Маған да керегі осындай үздіктермен тартысқа түсу еді. Рингте шартта-шұрт соққы сілтесіп, тартысқа түскеніміз шарболаттай шыңдалуыма септігін тигізді. Содан соң Ливерпульге аттандық.

Әлем чемпионатында Алуа төрт жекпе-жек өткізді. Алдымен Оңтүстік Корея елінің үміті Мун Каенмен жұдырықтасты. Ересектер додасына енді қосылған албырт боксшының тәжірибесі кемшін екенін сезді. Бұл жекпе-жек біріншілік аурасына бой үйретуге тамаша мүмкіндік болды. Күшін сарқа жұмсамай, қар­­сы­ласын өзінің стиліне қарай икемдеп алды да, үш раундтан да еркін өтті.

– Екінші жекпе-жегімде тайпейлік И Сюань Гуоның қарымын байқап көрдім. Бұл қыз менен жасы кіші, әлемдік додалардың дәмін енді-енді татып, әлі сөлін ала қоймаған бокс­шы. Десе де, екіленіп келіп, андағайлап ұмтылады. Жастық максимализмнің екпінімен өрше­­ле­неді. Ашық ұрысқа ден қойып, баса-көктей төпелей беру­­дің жөні жоқ. Тактикалық жоспарға сай шабуылды шабуылмен тойтарып отырдым. Әсілінде Таиланд, Тайпей бокс­шы­ларының жұдырықтасу мәнері өзгеше. Бойы аласа, қолы қысқа болғандықтан да, бұғына жүріп қарсыласын жақыннан төпелеуге ұмтылады. Қолды-аяққа тұрмай­ды, шапшаң қимылдайды, – дейді А.Балқыбекова.

Бұл жекпе-жек те Алуаның жоспарына сай өрбіді. Шабуылға ұмтылған Сюаньның соққыларын дарытпай, тиісінше өзінің жұ­ды­рығы оған дөп тиіп, ұпай басым­дығымен айқын жеңді.

Жартылай финалда қытайлық Ци Синьюді сүріндірді. Қытай қызының физикалық күш-қайраты әлем чемпионатын тама­ша­лаушы көрерменді таңдай қақ­тырды. Ол іріктеу кезеңінде алдымен ағылшын боксшысын ығыстырды, ширек финалда әлем чемпионатының қола медаль иегері испандық Лаура Фер­нандесті жүлдеден қақты. Дегенмен де Алуаның алдында тізгін тартты.

Әлем чемпионатының фи­налдық жекпе-жегі. Жеңсе жа­һанның екі дүркін чемпионы атанады. Қарсыласы да оңай емес. Бусеназ Шәкіроғлы – Олим­пиаданың финалдық додасына екі рет жеткен спортшы. 2021 жылы Токио Олимпиаданың финалында болгар қызы Стойка Крыстеваға есе жіберді. Былтыр Париждегі Олимпия ойындарының соңғы сайысында қытайлық У Юйден жеңілді. 2022 жылы әлем чемпио­ны атанды. Түркияда қыздар боксының даңқын асырып тұрған саңлақ. Бұған дейін Бусеназ бен Алуаның жолдары ресми сайыс­тарда түйіскен жоқ. Осы көктемде Сербияда әйелдер арасында өткен әлем чемпионатында Шәкіроғлы 52 кг салмақта жұдырықтасып, финалда солтүстіккореялық Пан Чхоль Миден аса алмады. Екі дарын Ливерпуль рингінде 51 кг салмақтың әлем чемпионы атағы үшін айқасқа шықты.

– Түрік қызы көбіне шабуылды өзі бастамай қарсыласының соққысын соққымен тойтарып отырады үнемі. Бұрын бұл бокс­шы 51 кг салмақта жұдырықтасу үшін сайыс алдында әрдайым кемінде 4-5 кг салмағын төмен­дететін. Спортшыға ол оңай шаруа емес. Қалжырап, қажыр-қайраты кемиді, белсенділігі де төмендейді. Мұның барлығын Түркия елінде өткен жаттығу кезінде қаперіме мықтап тоқыдым. Финалдық сайыста жеке бапкерім Долкунжан Камеков пен ұлттық құраманың бас бапкері Елдос Сайдалиннің тактикалық жоспарына сай қимылдап, жүктемені тыңғылықты орындадым, – дейді Алуа.

Нәтижесінде, айқын жеңіс, бес төреші де бірауыздан қазақ қызының басымдығына ұпай жазды. Екі дүркін әлем чемпионы атанған Алуа елге оралған соң әкесі Серікке жеңіл көлік тарту етті. Асқар тау тірегі, отбасының қамқорына деген құрметін осылайша білдірді. Бірер жыл бұрын анасы Сара Исақованың сырқатын емдету мақсатында Алуаның отбасы Алматыға қоныс аударған-ды.

– 2021 жылы Тараз қаласы­нан көштік те, әкем тұрақты жұмысынан қол үзді. Алматыға келген соң ипо­текаға баспана рәсімдеген едік. Өзге де несиенің төлемдері алқымнан алып, «бөрі арығын білдірмес» деп жүріп жаттық. 2022 жылы әлем чемпионатын Түркияның Ыстанбұл қаласы қабылдады. Түркияға әлем чемпионатына жүрерде әкем өзінің көлігін сатып, қарыздың біраз сомасын төледі, «шетелге барғанда қысылып қалма» деп маған да қомақты ақша ұстатып, шығарып салды. Ұлттық құра­маның мүшесі болған соң, барлық қажетімізді бокс федерациясы қамтамасыз етеді. Десе де, сыртта жүргенде көңілі түспесін деген әкемнің қамқорлығына елжіреп, өзіме іштей серт бердім. Жаңа көлік тарту етемін деп мықтап бекіндім. Сол жылы финалдық айқаста сүрініп, күміс жүлдегер атандым. Оған да қомақты сыйақы берілді. Бірақ әкем өзіне көлік алудан бұрын пәтеріміздің ипотекасын, өзге қаржылық мәселені шешуді жөн деп тапты. 2023 жыл да жеміссіз болған жоқ. Үндіс­танда өткен жаһан додасынан қола медаль бұйырды. Феде­ра­ция тарапынан тарту етілген сыйақымызды да кем-ке­ті­­­гі­мізді түгендеуге жұмсап, «әкеме көлік сыйлаймын» деген мақсатымды кейінге ысырдым. Сол енді жүзеге асты, – дейді әлем чемпионы.

Алуаның жекпе-жек спортына қызығушылығы бала күнінен оянды. Дегенмен анасы қызын әуелі би үйірмесіне жаздырып, өнерге баулығысы келді. Бірақ өнер бұл қыздың саласы емес екен. Жеткіншек шағынан спортқа ынтызар қызын әкесі алдымен айкидоға алып барады. Алуаны бұл орта да қызықтыра алмады. Ақыры әкесіне өзінің жекпе-жек спортынан сайыстарға қатысып, шеберлігін сынағысы келетінін ашып айтты. Әкесі алдымен кикбоксинг үйірмесіне жаздырды. Алайда Алуа көп өтпей олимпиада бағдарламасындағы спорт түрі боксқа ойысты. Әке арманы ақталды. Сәкеннің бокс­шы қызы алғашқы жылдардан-ақ жүлде олжалап, жұрт назарына түсті. Жеке бапкері Мейірбек Кеңгілбаевтың сенімін ақтап, әуелі жасөпірімдер арасында, кейін жас­тар қатарына өткенде де мерейі үстем болды.

Әулиеата топырағынан Алатау бөктеріне қоныс аударғанда М.Кең­гілбаев Алуаны білікті бапкер Долкунжан Камековке аманаттады. Үш дүр­кін әлем чемпионы, Париж Олим­пиа­дасының қола жүлдегері Назым Қызайбай сынды саң­лақтарды баптап, үздіктерді тү­летіп жүрген жаттықтырушы тараздық талантты да қанатының астына алды. Білгір бапкердің көрігінде шың­далған Алуа Сәкенқызы биыл алты айдың ішінде әлемнің екі дүркін чемпионы атанды. 2022 жылы күміс, 2023 жылы қола жүлде олжалады. Азияның үздігі атанды. Оның ендігі межесі – 2028 жылғы Лос-Анджелес Олим­­­пиадасының асқарына ат байлау. Бұл сапарда арқалар аманат та ауыр екенін сезінеді. Өзінің салма­ғында бәсекелестік әлем­де ғана емес, ел ішінде де қайнап тұр. Жастар қылаң беріп ұлттық құрамадан орын сұрайды. Қатар­­лас­тарының да қарқыны от бүр­кеді. Жаттығу залына бағыт алған қыздың бар ойлайтыны – Олим­пиа­да алтыны.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:179
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Қараша 2025 12:15
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see167

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see163

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see159

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see143

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see140

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see130

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see124

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see123

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see120

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see118

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see117

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see108

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see107

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see105

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see104

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see104

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see104

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары