Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан тұрғыны Майк Тайсонмен кездесті (видео)

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

Путин Қызыл алаңда Минин мен Пожарский ескерткішіне гүл шоғын қойды видео

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

Дорожные сборы в Казахстане пересмотрят: кого коснутся изменения

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

ЖИ COVID 19 дан да жаман пандемияға әкелуі мүмкін Билл Гейтс

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

“Закажите инкассаторскую машину“: казахстанцев обманывают от имени Нацбанка

Едіге ЕМБЕРДІ: Арманым Олимпиада алтыны!

Едіге ЕМБЕРДІ: Арманым Олимпиада алтыны!

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Едіге 2022 жылы жасөспірімдер арасында өткен әлем чемпионатында топ жарып, жаһан рекордын жаңартты. Жастар қатарында екі мәрте әлемнің үздігі атанды. Жақында Сауд Арабиясында өткен Ислам ынтымақтастығы ойындарынан да олжалы оралды. Ауыр атлетика жампозы қазір жарақатын емдетіп жүр. Оқу-жаттығу жиынынан босай бермейтін толағай күш иесімен ем-домының арасында сұхбаттасудың сәті түскен еді.

– «Едігедей ер қайда» деп қалың ел өзіңнің толағай күшіңе бұйырған орасан жетістіктеріңе қуанады. Оқырманға өзіңді жақынырақ таныстырсақ деген мақсатта әңгімеге тартқалы отырмыз.

– Шымкент қаласында өмірге келіп, бес жасымда отбасым Астана қаласына қоныс аударды. Мектепті елордада тәмамдадым. Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназияда 11 жыл білім алдым. 5-сыныптан бастап ауыр атлетика спортына қызығып, 10 жасымнан бері шұғылданып келемін. 3 жасымнан спортқа жақын болдым. Анам алғашында каратэ үйірмесіне жаздырды. Екі жылдан астам қатыстым, бірақ аса қызықпадым. Тіпті кейін жаттығуға барғым келмей, меселім қайтты. Себебі бапкерлері аяқты керіп жаттығу жасатқанда сіңірім созылып, ауырып шыдатпайтын. 3-сыныптан бастап дзюдо күресіне ауыстым. Бірақ қатарластарымнан жасым кіші, бойы­м да тапал болғандықтан жарыстарға қоспайтын. Тек жаттығуға қатысамын, сайысқа апармайды. Тұлпарды шың­дайтын бәйге секілді, спортшыны да қайрайтын сайыс. Бірақ мені бапкерлер «жасың кіші» дегенді желеу етіп турнирлерге қатыстырмайтын.

– Зілтемірге қызығушылығың қалай оянды?

– Астанаға қоныс аударған соң әкем дәмханада аспаз болып жұмыс істеді. Дәмхананың күзет қызметіндегі Жәнібек деген кісі ауыр атлетикамен шұғылданады екен. Әкеме келіп жүргенде маған назары ауса керек. «Балаңыздың ауыр атлетикамен шұғылдануына жол көрсетейін, өзіммен бірге жаттығу залына ертіп барайын» депті. Сөйтіп, сол кісіге ілесіп ауыр атлетика спортына жазылдым. Алғашында ауыр соқты. Өйткені Жәнібек аға зілтемірді көтерудің техникасын үйретпейді, өзі жаттығу жүргізеді, мен соны барынша қайталауға тырысамын. Арада бірнеше күн өткенде білікті бапкер Айбек Аманиязовқа аманаттап тапсырды.

– Бұғанаң бекімей жатып зілмауыр темір көтеруге ата-анаң қарсы болмады ма? Ауыр атлетика жарақаттану да жиі орын алатын спорт түрі ғой.

– Анам бастапқыда ауыр атлетика спортын таңдағанымды аса қуаттай қоймады. «Бойың өспейді, мертігесің» деп қарсы да болды. Алайда маған зілтемір көтеру білек күшін сынаудың нағыз алаңы секілді көрінді. Рас, иығымнан жиі жарақаттандым, тоқпан жіліктің жауырынға бітіскен тұсы тайып кетеді. Қақсап ауырғанда темір былай тұрсын, бір жапырақ қағазды көтере алмайсың. Дегенмен ағзамның жастығынан шығар, жарақаттан тез айығып, жаттығуды жалғастыра беремін. Қазір енді анамның да бұған көзі үйренді, бұрынғыдай аса уайымдай бермейді. Ауыр атлетиканың техникасын тереңдеп игерсең, жарақатқа ұрынбайсың. Бұл спорт түрінде көбінесе тізенің сіңірі сөгіліп, белге салмақ түседі. Оқу-жаттығу жиынында, жарыс кезінде жеке бапкерім қасымда жүрсе техниканы, күшті қалай сарқу қажеттігін жіті қада­ғалай­тындықтан, қателікке бой алдырмаймын.

– Сенің есім-сойыңа қалың жан­күйер 2022 жылдан бері қанық. Сол жылы жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атандың. Одан кейін екі жыл қатарынан жастар сапында теңдессіз екеніңді әйгіледің. Ендігі меже Олимпиада додасы ма?

– Жасөспірімдердің әлем чемпионатына 73 кг салмақта қатыссам, 2023 жылы жастар арасында өткен жаһан додасына 81 кг салмақта күш сынастым. Былтыр да жастар аламанында 89 кг салмақ дәре­жесінде қайратымды сынап, үздік атандым. Енді ересектер қатарына өттім, солар­дың ортасында беделімді арттырғым келеді.

– Бала күніңнен өзіңе қарсылас болып келе жатқан өзге елдердің ауыр атлеттерін зерттеп, зерделейсің бе? Олардың аяқ алысы қалай?

– Диорбек Эрматов деген өзбекстандық ауыр атлет бар. Жасөспірімдер арасында өткен әлем чемпионатында жұлқа көтеруден де, серпе көтеру сынынан да Ирматовтан басым түстім. Арада бір ай уақыт өткенде Ташкентте Азия чемпионаты жалауын желбіретті. Диорбек бірінші жаттығу – жұлқа көтеруден өте әбжіл. Құрлық біріншілігінде жұлқа көтеруден 1 кг артық игеріп озғанымен, серпе көтеруде шаң қаптырдым. Эрматов серпе кө­теруде 165 кг зілтемірді әрең еңсерсе, мен 173 кг салмақты төбемде ұстап, әлемнің һәм Азия құрлығының рекордын жаңарттым. Былтыр жастар арасындағы әлем чемпио­наты Испанияда өткенде колумбиялық спортшы Хоксер Альбернос бұла күштің иесі екенін көрсетті. Осы қарсыласымды да қадағалап жүремін. Хоксер биыл Норвегияда ересектер арасындағы әлем біріншілігінде жастығына қарамай ересектермен тайталасып, қола медаль еншіледі.

– Бұл сайысқа сен де қатыстың ғой...

– Сұрағыңыз келгенін түсіндім. Тіземнің жарақаты көлденең кесір болды. Серпе көтеруде 199 кг зілтемірді еңсеремін деп сырқатымды асқындырып алдым. Одан бұрын әлем чемпионатына күшімізді сарқығаннан гөрі Ислам ынтымақтастығы ойындарында жүлде алуға баса көңіл бөлдік. Алтын медаль олжалауды көздеп едік, Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында қола медаль бұйырды. Жастардың сапынан ересектер қатарына жаңа қосылғандықтан, ортаға бой үйрету де жеңіл тимейді екен.

– Өз бауырымыздан өрбіген жергілікті спортшыларымыз да зіл­темірді қалай көтере алатынын Илья Ильин, Алмас Өтешов, Жасұлан Қыдырбаев, Владимир Седов сынды толағай күштің иелері дәлелдеді. Ауыр атлетикадан Олимпиада жүлдесін алу жолында легионерге арқа сүйемей-ақ баптай білсе, өзіміздің ұландарымыз да олжа салатынын Анна Нұрмұхамбетова, Жазира Жаппарқұл сынды бұрымды аруларымыз да әйгіледі. Сол саңлақ­тардың ізі жалғасатыны белгілі ғой.

– Ауыр атлетиканың айналасында орасан дау туып, қаншама спортшыны допинг дауылы үйіріп әкетті. Өкініштісі, бұл спортқа деген жанкүйердің көзқарасы да әрқилы. Мысалы, әлеуметтік желіге жаттығу сәтінен не болмаса сайы­с кезіндегі бейне, фото жариялап пост салсаң, пікір жазушылардың басым көпшілігі күмәнмен қарайды. «Бұл да ертең допингке ұрынады, әйтпесе мұндай жетістікке жету қайда» дейді қаралап. Жүрегіңе ине шаншығандай күйге түсесің. Тыйым салынған препаратты қолдану бүгінде маңызды емес. Спортшыға атақтан абырой қымбат. Сондықтан да ол жетістікке жетудің жеңіл жолын іздемейді. Шүмектеп төккен тердің өтеуіне жүлде бұйыратынын сезеді.

Тағы бір көңіліңді ортайтатын жайт, ауыр атлеттерге басқа спорт түрлеріне қара­ғанда құрмет, қошемет әлі де аз. Өзге спортшылардың бәйгесін қызғанбайсың. Дегенмен пенде болған соң біз де сондай марапатқа, елдің алқауына ілінсек деп күтесің. Мысалы, өзге спорт түрлерінен қатарластарым жас­тар арасында әлем чемпионы атанса, демеушілер, атымтай жомарт азаматтар оқалы шапанын жауып, автокөліктің кілтін ұстатады, тіпті пәтер сыйлағандарды да көріп жүрміз. Бізге де бұйыратын шығар мұндай құрмет. Ендігі межеміз – 2028 жылы өтетін Лос Анджелес Олимпиадасы. Сол додада топ жарып олжамен оралуға барымызды саламыз. Олимпиада асуына жеткізетін тынымсыз еңбек. Тынбай әзірлік жүргізіп, жарақаттан аман болсақ еліміздің мерейін асырып, жанкүйерлерімізді қуантуға тырысамыз.

Ауыр атлетикадан әлемде бәсеке­лестік өте жоғары. Жаңағы өзбек Эрма­товтан бөлек, орта салмақта Индо­не­зияның бағына туған Ризки Жуниансья бар. Былтыр 20 жасында Париж Олим­пиадасының чемпионы атанды. Индо­незия спортының тарихында ауыр атлетикадан Олимпиада алтынын алғаш алған талантты спортшы. Ол да қос алақанын ысқылап, екі дүркін чемпион атануға барын салатыны сөзсіз. Қытай елінің ауыр атлеттері тегеурінді. Солтүстік Корея елінде де алып күш иелері жетерлік. Еуропа құрлығында да бәсекелестік қызып тұр. Осындай оғландардың арасынан озып шығу оңай соқпайтыны мәлім. Десе де анамыз да бізді туғанда «ер баланы өмірге әкелдім» деп қалжа жеді. Сондықтан аянып қалмаймыз.

– Сәттілік тілеймін.

Әңгімелескен –

Қуаныш НҰРДАНБЕКҰЛЫ,

«Egemen Qazaqstan» 

Соңғы жаңалықтар

Шығыстағы екі облыста жол жабылды

Ауа райы • Бүгін, 00:32

Қазақстанда көлік бағасы қалай өзгереді?

Қоғам • Кеше

ЭЦҚ-ны қайта алу қиындай түсті: қосымша тексеру енгізілді

Технология • Кеше

Екібастұзда жеке компания домофон тарифін негізсіз көтерген

Аймақтар • Кеше

Алматы мейрамханасындағы оқиға: қатысушыларға айыппұл салынды, полиция арандатушылыққа жол беруге болмайтынын ескертті

Қылмыс • Кеше

Расул Қоспанов: Президент өңірлік саясатқа басымдық береді 

Сұхбат • Кеше

Мемлекет басшысы Тараздағы әскери мектеп-интернатқа барды

Президент • Кеше

Алматыда жаңа жылдық Президент шыршасы өтті

Алматы • Кеше

Қазақстан Қысқы Олимпиадаға қанша лицензиямен барады

Спорт • Кеше

Премьер-министр: Күрделі сыртқы конъюнктураға қарамастан, ел экономикасы даму үстінде

Үкімет • Кеше

Қасым-Жомарт Тоқаев Тараздағы аритмология клиникасының жұмысымен танысты

Президент • Кеше

Абай және жас ұрпақ

Абай • Кеше

Қоғамды ізгілікке бастаған әлеуметтік жобалар жинақ ретінде жарық көрді 

Қоғам • Кеше

2025 жылдың негізгі қорытындылары

Білім • Кеше

Жамбыл облысының бір топ азаматы мемлекеттік наградалармен марапатталды

Президент • Кеше

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:189
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Желтоқсан 2025 08:03
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан тұрғыны Майк Тайсонмен кездесті (видео)

05 Қараша 2026 23:13see139

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

06 Қараша 2026 19:55see138

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

06 Қараша 2026 17:53see134

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

06 Қараша 2026 17:51see134

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

06 Қараша 2026 21:45see133

Путин Қызыл алаңда Минин мен Пожарский ескерткішіне гүл шоғын қойды видео

06 Қараша 2026 01:33see132

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

06 Қараша 2026 17:03see132

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

06 Қараша 2026 14:29see130

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

06 Қараша 2026 14:34see128

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

07 Қараша 2026 09:53see125

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

07 Қараша 2026 07:15see123

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

06 Қараша 2026 17:20see122

Дорожные сборы в Казахстане пересмотрят: кого коснутся изменения

06 Қараша 2026 14:33see121

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

07 Қараша 2026 01:50see120

ЖИ COVID 19 дан да жаман пандемияға әкелуі мүмкін Билл Гейтс

06 Қараша 2026 14:35see118

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

06 Қараша 2026 18:08see117

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

07 Қараша 2026 16:27see117

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

06 Қараша 2026 16:46see116

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

07 Қараша 2026 16:55see115

“Закажите инкассаторскую машину“: казахстанцев обманывают от имени Нацбанка

06 Қараша 2026 15:20see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары