Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

Ауаға қатысты шағымдар аясында АМӨЗ понтондардың орнатылғанын хабарлады

Путин: Ресей бюджетінде мұнай бағасы $50 болып белгіленеді

​АМӨЗ ге үкіметтік инспекция келді: зауыттағы жаңғырту кезеңдері көрсетілді

Энергетика министрлігі Қашағандағы Д аралы мен мұзжарғыштар флотының дайындығын тексерді

Жамбыл облысында жыпылықтағыш орнатқан жүргізуші жазаланды

Зеленский Трамппен кездесетінін айтты

Қазақстандық студент әкесінен оқу кезеңіне алимент өндіріп алды

Атырау ауасындағы күкіртсутегі: министрлік нормадан асу себептерін түсіндірді

Барыс Локомотивті ойсырата жеңді

Димаштың жаңа видеосы жанкүйерлерін таңғалдырды

Қазақстанның оңтүстігінде бетперде киіп, жастарға оқ жаудырғандар сотталды

Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының жеңіл атлетикадан біріншілігі аяқталды

Тоқаев Дубай әміршісіне көңіл айтты

Ресейдегі сайлау: Единая Россия күшейді, Справедливая Россия шетте қалуы мүмкін

“Көмектесіңіздер“. Маркетплейс қорабындағы жазу қазақстандықтарды алаңдатты

Атырау облыстық архивінде орын тапшы: жаңа құжаттарды қабылдау қиындаған

Дүрбелең тудырмаңыздар : Ресейдегі оқу жаттығуға әскери техника жөнелтіледі

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

Данна ҚАРАҒҰСОВА: Арманым ақиқатқа айналды

Данна ҚАРАҒҰСОВА: Арманым ақиқатқа айналды

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Қазан айының басында әлем назарын өзіне аударған тарихи оқиғаға куә болдық. Қазақ қызы Данна «Blue Origin» компаниясының құрамында Карман сызығына дейін барып, аман-есен жерге оралды. Ғарышқа сапар шегіп қайтқан қазақ қызы газетіміздің тілшісіне отбасында алған тәрбиесі мен еңбекқорлығы өмір жолында шешуші рөл атқарғанын айтып берген еді.

– Данна, сіздің ғарыш са­парыңызды әркім әртүрлі айтып жатыр. «Қалталылардың, шынайы өмірден қол үзіп қал­ған кейбір топтың өзін-өзі таны­ту­ға, дәлелдеуге ұмтылған әреке­ті» деп ойлайтындар да бар. Бәлкім, бұл олай емес шығар. Бірақ сонда да турист ретінде ұшуға қатысты егжей-тегжейлі мәліметтерді өзіңізден естігісі келеді. Сізге бұл сапар не үшін қажет болды?

– Ең алдымен, сіздерге, «Egemen Qazaqstan» газеті ұжымына «Blue Origin» ғарыш миссиясы аясындағы сапарыма көңіл бөліп отырғанына алғыс айтамын. Отандастарымның, халқымның ықыласы мен қол­дауы маған өте маңызды. Қа­зақтың тұңғыш ғарышкері, Халық қаһарманы Тоқтар Оңғар­байұлы Әубәкіров жерге оралған бойда құттықтап, батасын берді.

Қазақтың қай баласы да арманшыл келеді емес пе. Мен де, анам айтпақшы, ғарышқа ұшқан тұңғыш қазақ қызы боламын деп ойлаған жоқпын, тек арманымды орындағым келді. Бала жастан реактивті ұшақ­тарды тізгіндеуді қиялдап өстім. Ғылыми жарияланымдарды оқып, дә­рістерге қатысып, зерттеулерді ба­қыладым. Кәдімгі адам қатысуға өтінім бере алатын алғашқы бағ­дарламалар пайда болысымен, хат жазып, өтінім жібере бастадым. Ға­рышқа ұшуға үш жыл бойы да­йын­далдым. Жаһандық деңгей­дегі жобалармен айналысатын компаниялар қалтаңдағы қаржың­ның есебіне емес, табандылығыңа, психологиялық төзімділігіңе баса назар аударады. Ақшаның шығу тегінің тазалығы да маңызды, себе­бі компания бұл мәселені соңғы сәтке дейін тексереді. Ең бастысы, мен көп жыл бойы психология­лық, ментальдық, физикалық тұрғы­дан сынақтарға дайын болдым.

Мен үшін ұшу – аттракцион емес, алдағы зерттеу жолының бір бөлігі. Адамзаттың болашағы ғарышпен байланысты. Жаңа шекараларды игеру арқылы технологияны ғана дамытып қоймаймыз, өз мүмкіндігімізді де кеңейте түсеміз.

– Ғарыш сапарында Құдай­дың бар екенін түйсігіңіз тү­бірінен және түпнұсқасында сездірген шығар. Ғарышкер Талғат Мұсабаев ағамыз ға­рыш сапарынан кейін дін жолына біржола бет бұрмаса да «Құдайды ақиқат деп тануыма себеп болған» деген еді.

– Ғарыш маған ерекше сенім берді деп айта алмаймын, бірақ рухани әлем маған бөтен емес. Атмосферадан тысқары, Жерді биіктен көргенде, жаратылыс сырының адам түсінігінен жо­ғары тұрғанын, адамзаттың кін­­дігі Жер-Анаға байланып тұр­ғанын ағзамның әрбір тал­шы­ғы ар­қылы сезіндім. Ұшу 10–12 минутқа созылды, бірнеше минут бойы нақты салмақсыздық күйін бастан өткіздік. Ғарышта тұрып, көгілдір шәлісіне оранып алғандай әсер қалдыратын Жер-Ана адамзат баласының қаншалықты әлсіз екенін, оны Жаратушы құдіреттің біздің санамыз жетпейтін мүм­кіндіктерге ие екенін түсінесіз.

– Ғарыш сапары, Жерден 100 шақырым биіктегі Карман шекарасына барып келу айтуға ғана оңай. Ұшар алдында жағ­дайыңызды бақылап отыратын күтуші тағайындалды ма?

– «Blue Origin» компания­сы – ұшуға арналған ең қауіп­сіз және технологиялық жүйе­лердің бірі. Онда бәрі алдын-ала ойластырылған. Бортта бәрі дербес жұмыс істеді, әркім өзіне жүктелген тапсырманың шекпенінен шыққан жоқ. Сапар­дың алдында командамен бір­неше дайындық болды.

–Тәжірибелі альпинист ретінде Африкадағы Кили­манджаро мен Кавказдағы Эльбрустың шыңдарын бағын­дырдыңыз. Ғарыш сапары адамзаттың мүмкіндігіне деген көзқарасыңызды өзгертті ме?

– Мен кәсіби альпинист емеспін, тек тауды жақсы көремін, тау өмірімнің маңызды бөлігі. Тау да, ғарыш та шыдамдылыққа, төзімділікке үйретеді. Бұл сапар көз­қарасыма өзгеріс әкелді десем артық болар, бірақ сезі­мімді кеңейтті, өзіме деген сені­мімді арттырды. Мысалы, Эль­брусқа көтерілу сияқты, бұл жолғы сапар соған дейінгі жос­пар­ларымның жалғасы іспетті, адамның мүмкіндігі біз ойла­ғаннан әлдеқайда кең екенін дәлелдеді.

– Бизнесіңіз елден тысқары екенін білеміз. Атақ-даңқын әлем мойындаған тұлғалармен жұмыс істейтін компания құ­руға қандай қасиеттер көмек­тесті?

– Ұша білген қанатқа дүние кең. Өндірістік, коммерциялық қызметті ұйымдастыру, жүзеге асыру мәселелерімен айналыс­тым. Біздің салада армандау ғана емес, құра білу, жүзеге асыра білу, бақылау, әріптестер мен қыз­меткерлерді құрметтеу, сөзінде тұру және сенімді серік­тес болу маңызды. Мен бар­лық жерде табыс тәртіптен, жүйе­ліліктен, адамдар алдындағы жауапкершіліктің деңгейімен өлшенетінін айтып жүремін.

– Алматы мен Астанада JLO-ның Орталық Азияға гас­трольдерін ұйымдастыруға қатыстыңыз. Толығырақ білуге бола ма?

– Иә, біздің «First Media Group» командасы Jennifer Lopez концертін, сондай-ақ биыл Алматыда «Backstreet Boys» концертін ұйымдастыруға қатысты. Бұл – логистика мен сахнадан бастап әртістермен қарым-қатынасқа дейін жоғары дәлдікті талап ететін халықаралық деңгейдегі ауқымды жобалар. Қазақстанның әлемдік деңгейдегі оқиғалар алаңы бола алатынын көрсеткен тәжірибе болды. Біздің команда тек Қазақстан немесе ТМД аумағынан тыс, Еуропа мен Азиядағы халықаралық брендтер мен серіктестерге арналған жобаларды жүзеге асырып келеді.

– Ал енді өз ортамызға ора­лайықшы. Сіздің команда Батыс немесе Еуропа елдерінде Орталық Азиядан таланттарды танып, оларды әлемдік платформада таныстыруға да­йын ба?

– Мұндай мүмкіндікке әрдайым ашықпыз. Егер халық­аралық серіктестерден нақты сұраныс немесе Орталық Азия таланттарын таныстыруға лайықты форматтар болса, оларды қарауға дайынбыз. Негізгі мақсатымыз – сапалы жобаларды дамыту, қазақстандық мамандар мен әртістер халықаралық кәсіби қоғам­дастықтың бір бөлігі бола алатын жағдайлар жасау.

– Қазір «Portals» деп атала­тын жаңа IT жобасын әзірлеп жат­қан команданың серіктесі екен­сіз. IT бағыты сізге қандай бағыттарға жол ашады.

– Медиа бизнесте жүріп, технологияның адамға қалай көмектесетініне назар аудардым. Сіз айтқан жоба ішкі тең­герім және өзін-өзі реттеу тақы­рыбымен, бірақ цифрлық құ­рал­дарды пайдаланумен байланысты. Мен үшін бұл әртүрлі саладағы – өнер, психология мен технологиядағы тәжірибені адамға жұмыс істейтін бір жүйеге біріктіру тәсілі.

– Өмірін бизнеспен байла­ныстырғысы келетін әйелдерге қандай кеңес бересіз?

– Менің тәжірибем біреуге ақыл-кеңес айтуға мүмкіндік бермейді. Қазір өзіңді дамытуға мүмкіндік көп. Әзірге тәжірибем аз. Өзімді-өзім іздеп жүрген жанмын. Өзімді танитын деңгейге әлі жеткен жоқпын. Бірақ менің болмысым, жетістігім замандастарыма үлгі болса, қуанамын.

– Дегенмен жас болсаңыз да өзіңізге тән табысқа жетіп жатқаныңызды көріп отырмыз.

– Әр адам жеке тұлға ре­тінде өмір сүру ережесін өзі қа­лыптастырғанда ғана дамиды, қоршаған ортасы оның жеке тұлға ретінде дамуына жол ашады. Осы жасыма дейін тағ­дырымды өзгертетін жайлы жағдайды күткенім жоқ. Тек тәуекелге ғана басымдық бердім. Алдыңызда отырған Даннаның жетістігі кішкентай қадамдардан, тәртіптен, өз күшіне сену, басқалар не ойлайды деген ойды жиып қоюдан басталды. Бір есік жабылмай, екінші есік ашылмайды. Табыстың, жетістіктің екінші аты – кедергі мен қиындық. Қиындықтың не екенін білмесең, табыс құпиясын ашпайды. Құлап қалсаң немесе батпаққа батып қалсаң, сені ешкім жетелеп алып шықпайтынын түсінуің керек. Біреудің көмегін күту – әлсіз адамдардың тірлігі.

– Тағы бір сұрақ: ғарышқа ұшу сіздің денсаулығыңызға қалай әсер етті?

– Ұшуға физикалық тұрғыдан шынайы, мұқият дайындалдық. «Blue Origin» өте жоғары деңгейдегі қауіпсіздікті және медициналық бақылауды қамтамасыз етеді, сондықтан барлық кезең маман­дардың қатаң бақылауымен өтеді. Жер бетіне оралғаннан кейін өзімді жақсы сезіндім.  Ғарышқа алғашқы сапар келесі жобаларыма есік ашты.

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен –

Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙҚЫЗЫ,

«Еgemen Qazaqstan»

АЛМАТЫ 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:127
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Қараша 2025 08:33
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see166

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

20 Қыркүйек 2026 22:22see158

Ауаға қатысты шағымдар аясында АМӨЗ понтондардың орнатылғанын хабарлады

20 Қыркүйек 2026 22:21see157

Путин: Ресей бюджетінде мұнай бағасы $50 болып белгіленеді

20 Қыркүйек 2026 22:21see154

​АМӨЗ ге үкіметтік инспекция келді: зауыттағы жаңғырту кезеңдері көрсетілді

20 Қыркүйек 2026 22:21see153

Энергетика министрлігі Қашағандағы Д аралы мен мұзжарғыштар флотының дайындығын тексерді

20 Қыркүйек 2026 22:22see149

Жамбыл облысында жыпылықтағыш орнатқан жүргізуші жазаланды

21 Қыркүйек 2026 12:41see141

Зеленский Трамппен кездесетінін айтты

21 Қыркүйек 2026 10:06see140

Қазақстандық студент әкесінен оқу кезеңіне алимент өндіріп алды

21 Қыркүйек 2026 13:04see138

Атырау ауасындағы күкіртсутегі: министрлік нормадан асу себептерін түсіндірді

20 Қыркүйек 2026 22:21see136

Барыс Локомотивті ойсырата жеңді

21 Қыркүйек 2026 12:42see134

Димаштың жаңа видеосы жанкүйерлерін таңғалдырды

21 Қыркүйек 2026 15:55see133

Қазақстанның оңтүстігінде бетперде киіп, жастарға оқ жаудырғандар сотталды

20 Қыркүйек 2026 22:18see132

Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының жеңіл атлетикадан біріншілігі аяқталды

21 Қыркүйек 2026 18:03see131

Тоқаев Дубай әміршісіне көңіл айтты

21 Қыркүйек 2026 17:58see128

Ресейдегі сайлау: Единая Россия күшейді, Справедливая Россия шетте қалуы мүмкін

22 Қыркүйек 2026 02:22see127

“Көмектесіңіздер“. Маркетплейс қорабындағы жазу қазақстандықтарды алаңдатты

21 Қыркүйек 2026 17:46see119

Атырау облыстық архивінде орын тапшы: жаңа құжаттарды қабылдау қиындаған

22 Қыркүйек 2026 02:22see119

Дүрбелең тудырмаңыздар : Ресейдегі оқу жаттығуға әскери техника жөнелтіледі

21 Қыркүйек 2026 14:36see119

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

22 Қыркүйек 2026 07:56see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары