Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Данна Қарағұсова: Ғарышқа ұшу адам рухының шексіз мүмкіндігін танитын қадам

Данна Қарағұсова: Ғарышқа ұшу адам рухының шексіз мүмкіндігін танитын қадам

7kun.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

 2025 жылдың 8-ші қазанында Данна Қарағұсова Blue Origin экипажының New Shepard NS-36 кемесімен суборбиталық ұшуға қатысып, Жер атмосферасынан тыс кеңістікке көтерілген алғашқы қазақстандық әйел атанды.

 Ұшу сәтті өтіп, New Shepard зымыраны Жер атмосферасы мен ғарыштың шартты шекарасы саналатын Карман сызығына дейін жетіп, экипажды штаттық режимде қайтадан жерге қондырды. Данна Қарағұсованың ұшудан кейін:
«Бұл ұшу – өмірімдегі ең қатты қобалжуларымның бірі. Зымыранның көтерілу сәті ерекше әсерлі болды. Денең әрбір қозғалысты сезеді, бірақ таңқаларлығы санаң соның бәріне қарамастан сабырлы болады. Салмақсыздық күйі дәл елестеткенімдей болды, алайда ішкі сезімдерімді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Капсула сатыдан ажыраған сәтте, мен санамның бір бөлігі әдеттегі шектеулерден тыс кеткендей күй кештім.
Тек шексіздік сезімі қалды. Тауды жақсы көретін адам ретінде айтарым, бұл сезім шыңға шыққан сәттегідей: әлемнің қаншалықты кең екенін көріп, өзіңнің кеңістікте кішкентай ғана бөлік екеніңді ұғасың. Есімде мәңгі қалатын бір көрініс: қара кеңістіктегі жарқыраған толық Ай және жұқа көгілдір атмосфералық қабаты бар Жер. Сол сәтте адамзаттың, ғалам алдында қаншалықты нәзік әрі кішкентай екенін терең түсінесің.

Алғашқы жасаған ісім – барлық аналарға арналған хатымды шығару болды. Бұл – менің анама және баласын арманына жетуде қолдайтын барлық әйелдерге арналған жеке құрмет білдіруім. Өзім де анамын, тіпті оның арманы мүмкін емес болып көрінсе де, балаға сеніп, қолдау көрсетудің қаншалықты маңызды екенін жақсы білемін. Бұл ұшу мен соңғы жылдары өтіп келе жатқан жолдың табиғи жалғасы болды. Ол ішкі дүниеммен жұмыс және тұрақты негіз қалыптастыру жолы. Мен ғарышқа көтерілу мүмкіндігі, сол дайындықтың, тепе-теңдікті сақтай білудің және кез келген жағдайда өзөзіңді ұстай алудың нәтижесі екеніне сенімдімін. Қазір мен Portals деп аталатын жаңа IT-жобаны әзірлеп жатқан командаммен жұмыс істеймін. Бұл жоба өзін-өзі реттеу технологияларына, менталды гигиена мен ішкі тепетеңдікке арналған. Біз сананы дамыту, іштей өсу әдістері және адамның ақылымен болашақтағы өзара әрекеттесуін зерттеп жатырмыз. Жобаның іске қосылуы 2026 жылдың ортасына жоспарланған және ол дәл осындай ізденістегі адамдардың жүрегіне жетеді деп сенемін. Blue Origin компаниясына шексіз алғысымды білдіремін. Олар ғарышты бүкіл әлем адамдарына қолжетімді етіп отыр. Бұл зерттеу мен қауіпсіздікті бір деңгейде ұстай отырып, жаңа буын зерттеушілері мен армандаушыларына мүмкіндік беретін болашаққа бағытталған компания», – деді Д.Қарағұсова әсерімен бөлісіп.

 Астронавттар ауылында болған кезінде Данна Қарағұсова ұлы Айтуармен бірге Қазақстанды таныстырып, экипаж мүшелеріне және Blue Origin қызметкерлеріне еліміздің мәдени мұрасы мен табиғаты туралы айтып берді. Қазақтың қонақжай дәстүріне сай, ол әрбір экипаж мүшесіне және компания тобына естелік сыйлықтар табыстады. Бұл ізгі қадам ұшуға қатысқан барлық адамдар тарапынан ерекше ықыласпен қабылданды. Сол сәттен бастап экипаж бірауыздан өздерін Space Nomads («Ғарыш көшпенділері») деп атауға шешім қабылдады. «Адамдарға бұл атау қатты ұнады. Онда бәрімізге ортақ бір рух бар еді: қозғалыс, ізденіс пен жылылықты қай жерде болсаң да сақтау қабілеті», – деді Данна.

Данна Қарағұсованың Blue Origin миссиясына қатысуы Бұл оқиға Қазақстан мен бүкіл аймақ үшін тарихи сәт болды. Тек ғарышқа ұшу емес, адам рухының шексіз мүмкіндіктерін тануға бағытталған қадам. Blue Origin компаниясының ресми мәлімдемесіне сәйкес: «Бүгінгі миссия – экипаждың зерттеуге деген тоқтаусыз ұмтылысының дәлелі»,  – деді New Shepard бағдарламасының аға вице-президенті Фил Джойс.  

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:132
embedДереккөз:https://7kun.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Қазан 2025 18:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see140

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see138

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see136

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see136

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see136

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see135

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see134

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see134

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see132

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see131

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see128

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see128

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see121

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see121

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see118

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see116

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see114

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары