Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

Қазақстанның алғашқы Құрылтайының үш вице спикері аталды

Қайсар қыздың ескерткіші Тараз төріне қойыла ма?

Қайсар қыздың ескерткіші Тараз төріне қойыла ма?

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Әлия есімі күллі қазаққа таныс болға­нымен, оның өмірінің көпке беймәлім тұстары да бар. Міне, осыны тараздық еңбек ардагері Майдан Орынбаев Молдағұлованың туғанына 100 толуына орай жазып шыққан «Ержүрек батыр» атты кітабында жарыққа шығарып отыр.

Ақтөбе облысы Қобда ауданы сол кездегі Көксай колхозының Бұлақ ауылында Нұрмұханбет Сарқұлов пен Маржан Мол­дағұлованың отбасында 1925 жылы дүниеге келген Әлия Молдағұловаға нағашы ағасы өз фамилиясын беріп, Таразға табан тіреген екен.

Бұл жайында кітап авторы Майдан Орынбаев: «Балалық шағында Әлияны анасы «Ақ моншағым» деп атаған екен. Маржан анасы күзгі егістікке әйелдермен бірге масақ теріп жүргенде күзетшінің мылтық оғынан қаза табады. Әкесі сол кездегі ауыр жағдайда қызын нағашыларының тәрбиесіне беруге мәжбүр болады. Әлияға нағашысы Әбубәкір өз фамилиясын беріп, қамқорлығына алған. Жастайынан бірбеткей, өжет, сонымен қатар ұстамды болған Әлия­ның балалық шағы туысы Сапурамен бірге өтті.

Әбубәкір Молдағұлов білікті маман ретінде әскери-теміржол саласында қызмет атқарды. Ол Алматы қаласында еңбек етіп, кейін Әулиеата (қазіргі Тараз) қаласына келіп, Түркістан-Сібір теміржолының 3-ші пайдалану мекемесінің саяси бөлімінде нұсқаушы болып жұмыс істеді. Сол кезде Әлия теміржол бекеті маңындағы мектепте оқыды. Ұлы Отан соғысына дейін салын­ған бұл мектептер бүгінде Таразда сақталма­ған, – деп жазады кітап авторы.

1935 жылы Әбубәкір Әулиеатадан әскери-көлік академиясына оқуға түсу үшін Мәскеу қаласына көшеді. Әлия сол жерде академия тыңдаушыларының балаларына арналған №35 мектепте оқиды. 1938 жылы академия Ленинградқа (қазіргі Санкт-Петербургке) көшірілгеннен кейін отбасы Смольный ауданындағы Слуцкая көшесіне пәтер жалдап орналасады. Әлия мектеп-интернатқа қабылданады.

– Ауылда өскен қазақ қызы Әлияға Мәскеу мен Ленинградтың орыс мектепте­рінде оқу бастапқыда ауыр болды. Бірақ оның өжет мінезі мен білімге деген тал­пынысы арқасында сыныптағы үздік оқушылар қатарынан көрінді. Белсенділігімен танылды. Қыс айларында конькимен сырғанап, шаңғымен жүруді үйренді. Алғыр қыз әр сыныпты мақтау грамоталарымен аяқтады. Мектеп басшылығының шешімімен Әлия Қара теңіз жағалауындағы әйгілі бүкілодақтық «Артек» пионерлер лагеріне жолдама алды. Бұл лагерьге тек озат, өнегелі оқушылар ғана жіберілетін. Қазақ жерінде туып, өзге ұлт балаларының арасында озық оқып, осындай құрметке ие болуы­ның өзі оның қайсар мінезі мен жігерін көрсе­те­ді, – дейді Майдан Орынбаев.

Ал 1941 жылы Әбубәкір Молдағұлов академияны бітіріп, Ташкент қаласындағы Орта Азия әскери округіне қызметке жіберілді. Әлия №46 балалар үйінде оқуын жалғастырады. Сол жылдың жазында балалар үйі Ленинград маңындағы Сиверская стансасына көшіріледі. 

Кітапты парақтап отырғанда екі сурет көзімізге оттай басылды. Оның бірінде Әлия бір топ баламен бірге дала жұмысында, ал екіншісінде ақ халатты үлкен әйел кісімен түскен. Әрине, бұл – бұрын әлеуметтік желілерден көрмеген, тың суреттер. Автор бұл суреттер туралы Әлия Молдағұлова атындағы Ақтөбе облыстық мемориалдық музейінен құнды құжаттармен бірге «Жазғы демалыс» және «Балалар үйінде» атты екі суреттің түпнұсқасын алдырғанын айтады. 

Автордың жазуынша, Әлия 1941 жылдың қараша айында комсомол қатарына қабылданады. Ленинград қаласы қоршауда болғандықтан, балалар үйі Ярославль облысы Некрасов ауданының Вятское селосына көшіріледі. Онда 7-сыныпты тәмамдаған Әлия Рыбинск қаласындағы авиациялық техникумда оқиды. 17 жасқа толған қазақ қызы бірнеше рет өтініш жазып, әскери комиссариатқа барғанымен, майданға алынбайды.

Әлия авиациялық техникумда бірнеше ай ғана оқыды. Майданға тезірек барудың амалын ойлап, 1942 жылдың желтоқсан айында атқыш әйел-мергендерді дайын­дайтын Мәскеу облысы Вешняки стан­сасындағы орталық снайперлер мектебіне қабылданады. Бұл мектепті 1943 жылы шілдеде ефрейтор шенімен тәмамдап, нұсқаушы болып қалу туралы ұсыныстан бас тартып, өз еркімен майданға аттанады.

Кітаптағы мына бір жолдар жүректі елжі­ретпей қоймайды: «Бір жолы снайперлер ротасына штабтан бірнеше жоғары дәрежелі офицер келді. Солардың бірі нәзік жүзді Әлияны көріп, оны соғысқа жібермеу амалын ойлап: «Бұл қыз асханада картоп тазалап, жаралыларға көмектессін», – дейді. Сонда Әлия: «Жолдас гвардия полковнигі! Мен, снайпер Әлия Молдағұлова, соғысқа картоп тазалауға емес, фашистерді жоюға келдім!» – деп жауап қайтарады. Сонда қазақ қызының бірбеткей, өзіне деген сенімділігін көріп, полковник Әлияның снайперлер ротасында қалуына рұқсат береді».

Майдан даласындағы жауынгерлік тапсырмаларға Әлия жұптасы Надя Матвеевамен бірге барды. Бірінші күн-ақ екі фашисті атып өлтірді. Псков облысындағы Холмск қаласын азат ету үшін болған ұрыстарда көрсеткен ерлігі үшін Әлия «Даңқ» орденімен марапатталды.

Кітапта Әлияның туысы Сапураға жазған бірнеше хаттары қаз-қалпында беріліпті.

«Сәлеметсің бе, Сапура! Саған жауап хатымды біраз кешіктіріп жазып отырмын. Сенен хат келгенде, мен «аң» (жау) аулауға шыққан едім. Бүгін 1944 жылдың 2 қаң­тары күні тылда бәрі Жаңа жылды қарсы алып, қуанышта болар. Ал бізде ашық аспан, аяз, қарлы боран, бұрқасын. Төңіректегі жалғыз ғана пәс, қараңғылау жер үйдеміз. Хатты тіземе қойып жазып отырмын. Жаңа жыл құтты болсын. Аман-сау болып, бақытты өмір сүруіңе тілектеспін. Сүйемін. Көріс­кенше, Лия. 2 қаңтар, 1944 жыл» деп жазыпты қайсар қыз хатында.

Тағы бір хатында: «Сәлем саған, Отаным! Сәлеметсің бе, менің құрметтім, Сапура. Саған хатты жиі жазғым келеді, бірақ жағдайлар оған мүмкіндік бермейді. Өзіңе бірнеше хат жаздым, білмеймін, олар саған жетті ме. Енді біраз уақыт менен хабар келмесе, таңданба – оның себебін білетін боласың. Менен туыстарға сәлем айт, балаларды сүйіп қой. Өзің тек жиі-жиі хат жазшы, қымбаттым. Сүйемін, Лия. Біздің Отан қорғаушы солдаттардан сәлем. 13 қаңтар, 1944 жыл» деп жазған.

Бұл Әлияның ең соңғы хаты еді. Ол 14 қаңтары күні Псков облысы Новосокольники қаласы маңындағы Насва стансасы мен Казачиха деревнясы үшін болған кескілескен ұрыста ерлікпен қаза тапты. Бұл туралы батыр қыздың серіктесі Надя Матвеева Сапураға жолдаған хатында: «Сәлеметсіз бе, Сапура. Әлия менің жақын құрбым еді. Сондықтан оның жақын туысы ретінде сізге хат жазып отырмын. Біздің жауын­герлермен ол да шабуылға шығып, ауыр жараланды. Бірер сағаттан соң қайтыс болды. Енді ол арамызда жоқ. Ержүрек Әлия Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылды», – деп жазады.

Қазақтың қайсар қызы Әлия 1944 жылдың 14 қаңтарында майдан даласында ерлікпен қаза тапты. Сол жылдың 4 мау­сымында оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Кітаптың соңында Майдан Орынбаев Таразда білім алған Әлияның ескерткіші өзі оқыған қаланың төрінде орнатылса деген ұсынысын білдіреді.

– Қазақ халқының аяулы қызы Әлия Молдағұлова қасиетті Әулиеата (Тараз) қаласындағы мектепте оқып, білім жолын бастады. Сол кезеңде оның бойында туған жерге, еліне деген сүйіспеншілік сезімі қалыптасты. Отанына қауіп төнгенде өз еркімен соғысқа аттанып, небәрі 19 жасында ерлікпен қаза тапты. Сондықтан қазақтың ержүрек, даңқты қызы, Шығыстың өшпес жұлдызы Әлия Молдағұловаға Тараз шаһарында еңселі ескерткіш орнатылып, есімі үлкен көшеге берілсе игілікті іс болар еді, – дейді автор.

Әрине, Әлияның ерлігі ұрпақ жадында мәңгі қалатыны хақ. Бүгінде Ресей мем­лекетінің Псков облысы Новосокольники қаласы маңында оның ескерткіші орна­тылған. Санкт-Петербургтегі Әлия Мол­дағұлова атындағы көшеде де ескерткіш пен мемориалдық тақта бар. Ақтөбе қаласы мен Қобда ауданындағы музейлерде батыр қыздың өмірі мен ерлігі туралы құнды деректер сақталған. Ақтөбе қаласындағы халықаралық әуежай да Әлия Молдағұ­лованың есімімен аталады. Енді, міне қайсар қыз алғаш әріп таныған Тараз қаласында да бір ескерткіші қойылып, үлкен көшенің біріне есімі берілсе әділдік болар еді. Осыны биік мінбердегі басшылар ескеріп, қаракөзіміздің ерлігі мен есімін мәңгі жаңғыртады деп сенеміз.

Саятхан САТЫЛҒАН,

Жамбыл облысы

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:150
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Қараша 2025 06:18
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see151

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see149

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see147

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see145

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see132

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see129

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see129

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see129

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see128

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see127

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

29 Тамыз 2026 17:53see127

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

29 Тамыз 2026 14:16see123

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

28 Тамыз 2026 19:30see121

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

29 Тамыз 2026 12:10see121

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

28 Тамыз 2026 11:08see120

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

28 Тамыз 2026 12:32see119

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

29 Тамыз 2026 19:10see118

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

29 Тамыз 2026 23:22see118

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

29 Тамыз 2026 11:04see118

Қазақстанның алғашқы Құрылтайының үш вице спикері аталды

29 Тамыз 2026 21:13see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары