Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Кеңейтілген құрамда кездесті

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Германиядан келген туристерге Қазақстан полициясының көмегі қажет болды

Елдос Сметов Абу Дабиде өтетін Grand Slam турниріне қатысады

Қазақстанда телефонды тіркеу тәртібі өзгерді

Әлемде әр жетінші адам психикалық бұзылыспен өмір сүреді ДДСҰ

Инфрақұрылым кезек күттірмейтін мәселе

America’s Got Talent жеңімпазы Тайланд королінің алдында тізерлеп тұрды

Түркістанда жол үстінде қауіпті маневр жасаған 18 жастағы жүргізуші жауапқа тартылды

Емхана басшысы жұмыстан әрең шығарған қызметкерін қайта жұмысқа алуға мәжбүр болды

Ұшқан ескерткіші кешенді зерттеле ме?

Ұшқан ескерткіші кешенді зерттеле ме?

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

«Қазақстанның киелі жерлер геогра­фиясы» ұлттық жобасына енген тарихи мекендер қатарында Ұшқан ата қорымы да бар. Жергілікті тарихшылардың пікірінше, Жылыой ауданындағы бұл қорымда 8 сағанатам, 94 құлпытас, 3 қойтас пен бір сандықтас анықталыпты. Эпиграфикалық зерттеуге сәйкес құлпытастар ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бастапқы кезеңіне тән екені анықталыпты. Құлпытастарды тас қашайтын ағайынды шеберлер Елеусін мен Елбосын Егісінұлы жасаған.

Көне қорымның тарихы тым әріде жатыр. Тарихи дерекке қарағанда, қорым маңымен Төменгі Еділ бойы мен Хорезмді, Хиуаны жалғастырған керуен жолы өткен. Керуен жолының бойында Алтынорда дәуіріндегі Трестарго қаласы болған. Дәл осы шаһардың жанында орын тепкен қорымды 1732 жылы орыс офицері И.Гербер көріп, оның жанында ортағасырлық қала мен күйдірілген қызыл кірпіштен салынған керуен сарайдың құландысы бары туралы жазба қалдырыпты.

Ал атауы туралы нақты дерек болмағаны­мен, бірнеше жорамал бар. Соның бірі – орыс офицері И.Гербердің «Қанаты бар ұшатын адамнан шыққан» деген пікірі. Ал өзге жорамалға қарағанда, қорым жанында ағып жатқан үш бұлақ болған. Содан «Үш аққан» делініп, кейін «Ұшқанға» айналған болуы мүмкін. Тағы бір дерек ХVІІІ ғасырда қазақ пен қалмақ арасындағы қақтығыста қан төгіліп, сол себепті «Үш қан» аталуы мүмкін екені айтылады.

Тарихшылар Қазан төңкерісіне дейін Ұшқан ата қорымы жанында мешіт болғанын жоққа шығармайды. Алайда ХХ ғасырдың екінші онжылдығында мінәжат орны бұзыл­ған. Кезінде қорымның ортасында түнде шырақ жағылған.

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК-ның ғылыми қызметкері Айбек Тұрарұлының дерегіне қарағанда, осы кезеңге дейін Ұшқан ата қорымы ескерткішіне тұрақты археологиялық қазба жұмысын жүргізу қолға алынбай келіпті. Археологтер тарапынан әр кезеңде барлау әрі бақылау мақсатындағы жұмыс кезінде шағын шурфтар салыныпты.

«Біз 2021 жылы ескерткіштің беткі қаба­тынан Жошы ұлысы хандары соқтырған тиын­дарды анықтадық. Оған дейін Ұшқан­нан табылған көне тиын ғылымға белгісіз болып келді. Тиындардың жалпы саны – 23. Сақталуы нашар болғандықтан, бес тиындағы жазбаны оқу мүмкін болмады. Оның ішінде 1312 жылдары соғылған мыс тиын бар. Ал ­1­361 жылдардағы Хызыр ханның мыс тиындары – Сарай, Мохша, Сарай әл-Жәдид, Хорезм ақша сарайларының өнімдері. Тиынның көбі Жәнібек ханның билігі кезінде Сарай әл-Жәдидте соғылғаны анықталып отыр. Өзбек ханның кезінде Мохша қаласында 1326 жылы соғылған бір күміс тиын табылды», дейді А.Тұрарұлы.

Археологтің айтуынша, биыл Ұшқан ата қорымы ескерткішін зерттеу үшін осындағы үлкен төбенің солтүстік бөлігіне қазба жүргізіліпті. Бұл төбенің көлемі – шамамен 150×150 метр, биіктігі 1,5-2 метр. Қазба кезінде 70 см тереңдікке дейін ұлутас кесінділерінен құралған құрылыстың сұлбасы анықталыпты.

«Бір үлкен ғимараттың екі бөлмесі ашылды. Бөлме есіктерінің орнына ойық салынған. Босағасының ені 15, ал тереңдігі 5 см шамасын құрады. Ал еденде ақ алебастр ерітіндісімен бекітілген табалдырық ізі сақталыпты. Ғимарат қабырғаларының кей тұсы аяусыз бұзылған. Сыртқы қабырғаға екі қатар ұлутас кесіндісі сырт жағымен түзу қойылыпты. Кесіндінің ортасына тау жынысты кесектерді саз балшықпен араластырып толтырған. Қабырғаға қойылған екі кесінді бөлменің ортасына қарай қозғалған. Бұған оны бұзу ісінің әсері тиген. Қабырға кесінділері жақсы сақталып, бөлменің сұлбасын анық көрсетіп тұр», дейді музейдің ғылыми қызметкері.

Оның айтуынша, қабырғаның сыртына ақ түсті алебастр сылағымен жағылғаны байқалыпты. Бір бөлменің ортасынан қыш кірпіштен тұрғызылған жіңішке қабырға ашылыпты. Қабырғаға 365 см ұзындықта төрт қатар қыш кірпіштен қаланыпты. Кірпіштің көлемі – 23х5 см.

«Бұл ХІV ғасырдағы құрылысқа сәйкес келеді. Шығыс шетінде жартышар тәрізді құрылыс бар. Оның ішіне тандыр пеш салынған болуы мүмкін. Қазба кезінде ұлутастан плинфа түрінде кесілген кірпіштер көп шықты. Мұндай кірпіштер ғимарат төбесін күмбездеп жабуға қолданылуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Сырлы сәндік қаптама мен кашиннен жасалған плитаның сынығы да кездесті. Тағы да 15 тиын табылды. Төбе үстін шолу кезінде беткі қабаттан табылған тиындар Хызыр ханның кезеңінде Хорезмдегі Сарай әл-Жәдидте соғылған. Сарайшықта 1362 жылы соғылған Мүрид ханның тиыны да табылып отыр», деді А.Тұрарұлы.

Көне қорым шежірелі тарихтың құпиясын бүгіп жатқан секілді. Өйткені Ұшқан ата ескерткішінің шығыс жағынан беті сырлы қыш кірпіштен тұрғызылған ғимараттардың орны байқалыпты. Археолог мұны ортағасырлық жерлеу құрылыстарының қалдығы деп топ­шы­лайды. Алайда кесене-мазарларды ірге­та­сына дейін бұзып алынған. Болашақта ескерт­кішке кешенді зерттеу қолға алынуы қажет.

Атырау облысы 

Соңғы жаңалықтар

Қызылордада мал ұрлап, сойып жатқандар ұсталды

Қылмыс • Бүгін, 00:30

«Қайрат» – «Брюгге» матчы: билеттер сатылымы басталды

Спорт • Кеше

Тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын: 9 қаңтарда бірнеше өңірде ескерту жасалды

Ауа райы • Кеше

Спорттық мансабын аяқтаған Бекзад Нұрдәулетов басшылық қызметке тағайындалды

Тағайындау • Кеше

«Ұлттық қор – балаларға»: төлемдер көбіне қандай мақсаттарға жұмсалып жатыр?

Қаржы • Кеше

Ата-енесін өлтірді деп күдікке ілінген күйеу бала туралы тың мәлімет жария болды

Қылмыс • Кеше

Шымкентте жағымсыз иіс қайта сезілді

Шымкент • Кеше

Дубай биыл қолма-қол ақшадан бас тартады

Әлем • Кеше

Ақтауда ер адамды соққыға жықты: қылмыстық іс қозғалды

Қоғам • Кеше

«Оқжетпес» футбол клубына жаңа бапкер тағайындалды

Спорт • Кеше

31 желтоқсан күні ең көп неке қай өңірде тіркелді

Отбасы • Кеше

Талдықорғанның өндіріс көлемі 6,5%-ға өсті

Партия • Кеше

Ұстаздар қолданыстағы заңның түйткілді тұстарын атады

Ғылым • Кеше

Атыраудағы жоғалған отбасының қызы мен баласын сүңгуірлер іздеп, таба алмады

Қоғам • Кеше

Аграрлық колледждердің басшылары оқу орындарына жер беруді сұрап отыр

Партия • Кеше

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:166
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Қаңтар 2026 11:10
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see144

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see137

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

09 Қазан 2026 21:01see135

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

09 Қазан 2026 19:03see134

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see129

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see127

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see127

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see126

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see124

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see124

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see124

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see117

Германиядан келген туристерге Қазақстан полициясының көмегі қажет болды

10 Қазан 2026 17:10see116

Елдос Сметов Абу Дабиде өтетін Grand Slam турниріне қатысады

10 Қазан 2026 12:45see116

Қазақстанда телефонды тіркеу тәртібі өзгерді

10 Қазан 2026 16:24see115

Әлемде әр жетінші адам психикалық бұзылыспен өмір сүреді ДДСҰ

10 Қазан 2026 11:42see114

Инфрақұрылым кезек күттірмейтін мәселе

10 Қазан 2026 08:07see112

America’s Got Talent жеңімпазы Тайланд королінің алдында тізерлеп тұрды

10 Қазан 2026 17:43see110

Түркістанда жол үстінде қауіпті маневр жасаған 18 жастағы жүргізуші жауапқа тартылды

09 Қазан 2026 20:40see110

Емхана басшысы жұмыстан әрең шығарған қызметкерін қайта жұмысқа алуға мәжбүр болды

09 Қазан 2026 22:56see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары