Қайтарылған активтер: Қостанай облысында екі ауыл ауыз сумен қамтамасыз етілді
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
АСТАНА, 5 желтоқсан - Sputnik. Қостанай облысындағы екі ауылдың тұрғындары қайтарылған мүліктер есебінен ауыз сумен қамтамасыз етілді.
Аймақтағы Федоров ауданы Лесное және Березовка ауылдарында прокуратура органдары мемлекетке қайтарған активтер есебінен жүзеге асырылған сумен жабдықтау жүйелерінің құрылысы аяқталды.
Жаңа су желілерін іске қосудың арқасында екіелді мекеннің тұрғындары сапалы ауыз суға тұрақты қол жеткізді.
"Бұл ауыл тұрғындарының тұрмыс жағдайын айтарлықтай жақсартып, өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадам болады", - дейді прокуратурадағылар.
Су құбырының жалпы ұзындығы 38 шақырымды құрайды, бұл 284 үйді таза сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Ведомство хабарлауынша, бүгінгі таңда Қостанай облысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау және білім беру салаларында қайтарылған активтер есебінен қаржыландырылатын 25 әлеуметтік жоба жүзеге асырылып жатыр.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:72
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Желтоқсан 2025 20:56 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















