Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Қарағанды қарғын суға дайын ба?

Қарағанды қарғын суға дайын ба?

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Биыл қар еруін күткен төтеншеліктер ақпан айында «Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізді. Осы оқу аясында су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайларға ден қойып, дайындық пысықталғаны айтылды. Бір мезгілде Абай ауданының Самар ауылдық округіне қарасты «Огороды» бөлімшесінде қорғаныс бөгетін нығайту бойынша практикалық жұмыстар жүргізілді.    

Су басу қаупі бар аймақтардан халықты эвакуациялау ұйымдастырылып, зардап шеккен тұрғындарды қабылдау пункті ашылып қойған. Пунктте азаматтарды тіркеу, тамақтандыруды ұйымдастыру, медициналық тексеру және алғашқы көмек көрсету қамтамасыз етілмек.

Негізі, қазір Қарағанды облысында жағдай тұрақты, өзендердің мұз еруі бақылауда. «Қазгидромет» мәліметі бойынша, облыс аумағының шамамен 45%-ын қар басып жатыр.

– Қазір Қарағанды облыстық Төтенше жағдай департаменті әскери бөлімдерінің біріккен күштері Нұра, Қарқаралы және Осакаров аудандарында қап төсеу, арықтарды тазалау және қорғаныс бөгеттерін нығайту бойынша алдын алу шараларын жүргізуде. Бұқар жырау ауданындағы Нұра өзенінде мұз кептелістерінің алдын алу мақсатында мұзды ұсақтау жұмыстары жүргізілді. Жалпы, Қарағанды облысы бойынша су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда және бақылауда. Қарағанды облысында тұрғындарды өз аулаларындағы қарды тазалауға шақырды. Қардың еруі басталғандықтан, су басу қаупі артып отыр, сондықтан аула аумақтарын дер кезінде тазалау  маңызды, – дейді Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Марғұлан Аманбаев.

Сонымен қатар қала және аудан әкімдері халыққа қар тазалауды кейінге қалдырмауға шақырып, үндеу жасады. Қазір коммуналдық қызметтер көшелер мен қоғамдық орындарды тазалап жатыр, алайда аулалар тұрғындардың өз жауапкершілігінде.

«Қардың белсенді еру кезеңі басталды. Қазір көп нәрсе тек коммуналдық қыз­меттерге ғана емес, өзімізге де байланысты. Барлық тұрғынды аулаларын қардан тазалауға шақырамыз. Коммуналдық қызметтер көшелерді тазалауға жұмылдырылған. Жағдай тұрақты бақылауда және мониторинг жүргізілуде», – делінген үндеуде.

Кейінгі деректерге сенсек, елді мекен­дерден 1,8 миллион текше метрден астам қар шығарылған. Сонымен қатар су өткізу құбырлары, арналар мен арықтар тазартылып, қорғаныс бөгеттері нығайтылуда. Өзендерде мұз кептелістерінің алдын алу үшін жарылыс жұмыстары жүргізілуде.

Бұған дейін облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Бұқар жырау, Нұра және Осакаров аудандарындағы су тасқыны қаупі бар ауылдарды аралап шықты. Жергілікті жерлерде әкімдер мен ТЖД өкілдері бірлесіп, аумақтарды тұрақты түрде бақылауда ұстап отыр.

«Құтқарушылар су айдындарын аралап, жадынамалар таратып, балықшылармен және тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны немесе орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабына сәйкес, әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді»,  – дейді Марғұлан Топашұлы.

Осылайша, өңір әзірге сақтық шарасымен шектеліп отыр. Қар толық еріп бітпейінше, төтенше жағдайдың болар-болмасын тап басып айту қиын көрінеді.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ,

Қарағанды облысы

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:116
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Сәуір 2026 05:37
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see136

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see135

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see134

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see133

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see133

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see132

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see130

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see124

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see124

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see122

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see120

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see119

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see119

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see118

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see118

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see117

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see116

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see112

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see111

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары