Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Қарағандыда Қазақстанның жаңа Конституциясындағы өңірлердің рөлі талқыланды

Қарағандыда Қазақстанның жаңа Конституциясындағы өңірлердің рөлі талқыланды

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Жалпыұлттық референдум қарсаңында Қарағандыда Қазақстанның жаңа қоғамдық-саяси моделіндегі өңірлердің рөлі талқыланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Бір үстел басына билік өкілдері, ғылыми және сарапшылық қауымдастық, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері жиналды.

«Жаңа Конституция: Қазақстанның болашақ институционалдық архитектурасындағы өңірлердің рөлі» тақырыбындағы дөңгелек үстел «AMANAT» партиясының облыстық филиалында өтті. Қатысушылар азаматтардың құқықтарына кепілдіктерді нығайту, жаңа институттардың – Құрылтай мен Қазақстан Халық кеңесінің рөлі, жастар, отбасы және қоғам үшін жаңа мүмкіндіктер сияқты маңызды мәселелерді талқылады.

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жаңа Конституция жобасы мемлекеттің жаңартылған қоғамдық-саяси моделін қалыптастырып, өңірлердің мүмкіндіктерін кеңейтетінін атап өтті.

– Жаңа Конституцияның негізгі қағидаты – адамға бағдарлану. Яғни,  басты назарға адам және оның қажеттіліктері қойылады. Бұл  – атқарушы билік жүйесіне, оның ішінде өңірлік әкімдіктерге қойылатын нақты талап.  Біздің индустриялық-технологиялық өңір үшін Негізгі заң жобасының кіріспесі мен баптарында бекітілген жаңа идеологиялық ұстанымдардың маңызы зор. Олар – еңбекқорлық, прогресс, білім құндылықтары, сондай-ақ жоғары экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Жаңа Конституция жұмыспен қамту, цифрландыру, қоршаған ортаны қорғау және адами капиталды дамытуға бағытталған ұзақмерзімді бағдарламаларды тұрақты қолдаудың бұрын-соңды болмаған құқықтық негізін қалыптастырады,  – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Жаңа Конституцияның негізгі міндеттерінің бірі – құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайту және азаматтардың құқықтарын қорғау кепілдіктерін күшейту. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Жақып Асанов сот жүйесін дамыту және соттардың тәуелсіздігін күшейту мәселелері туралы айтты.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі  Заң қызметі департаментінің директоры Серік Беркамалов өз сөзінде еңбек заңнамасын дамыту және азаматтардың құқықтарын қорғау кепілдіктерін күшейту мәселелеріне тоқталды.

– Жаңа Конституция жобасында адамның еңбек ету құқығы бекітіледі. Бұл – кеңірек әлеуметтік ұғым. Ол тек мамандықты еркін таңдауды ғана емес, сонымен қатар еңбекті адамның өзін-өзі жүзеге асыруының маңызды нысаны ретінде мойындауды білдіреді, – деді ол.

Қазақстан халық партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ерболат Закиров конституциялық реформалардың жастар үшін маңызын атап өтті.

– Қазақстанның қазіргі жастары – білімді, бастамашыл әрі әлемге ашық буын. Жаңа конституциялық модель олар үшін білім алу, кәсіби тұрғыда жүзеге асу және қоғамдық өмірге қатысу бағытында қосымша мүмкіндіктер ашады, – деді партия өкілі.

Дөңгелек үстелге қатысушылар конституциялық реформаларды сараптамалық тұрғыда сүйемелдеудің маңызын және Қазақстанның жаңа институционалдық архитектурасын қалыптастыруда өңірлердің белсенді рөл атқаратынын атап өтті.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:129
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Наурыз 2026 13:39
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары