Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Қарттарды күтетін робот

Қарттарды күтетін робот

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Үй жинайтын, тамақ пісіретін, көңіл серпілтер әңгіме айтып, қарияларды баптап күтетін роботтар даярланып жатыр. Бірақ адам баласы оларға сенім арта ала ма? Әлеуметтік күтім саласында жаңа дәуірдің басталды. Бұл технология туралы BBC агенттігінің тілшісі Паллаб Гхоштың материалын қазақ оқырманына ұсынуды жөн көрдік, деп жазады Egemen.kz.

Фото: bbc.com

Лондондағы зертхана

Лондонның солтүстік-батысындағы шағын зертханада үш шойын қол баяу қимылдап тұр. Кәдуілгі саусақтары бар екен. Қысқыш емес, айнымаған адамның бас бармағы, балаң үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкене бөбегі. Уысы бірде ашылып, бірде жабылып тұр. Нағыз адам қолы дерсіз.

«Біз Терминатор жасағымыз келмейді», дейді Shadow Robot компаниясының директоры Рич Уокер әзілдеп.

Ұзын шашты, көзілдірікті, сақалды ол нағыз ғалымнан гөрі еркін ойлы суретшіге көбірек ұқсайды. Бірақ өз компаниясын мақтанышпен таныстырып жүр.

«Біздің мақсат – адамға көмектесетін, өмірін жеңілдететін, үй шаруасының бәрін атқара алатын әмбебап көмекші робот жасау», дейді ол.

Алайда бұл тек ыңғайлылық емес. Бұның астарында Ұлыбританиядағы ең өзекті мәселенің бірі – әлеуметтік күтім саласындағы дағдарысты шешу ниеті жатыр.

Қарттар күтіміндегі қиындық

Өткен жылғы Skills for Care ұйымының есебін тиянақ қылсақ, Англияда ересектерге күтім көрсететін 131 мың  жұмыс орны босболған. Ал Age UK дерегіне сүйенсек, Англияда 65 жастан асқан екі миллион адам қажетті күтімге қол жеткізе алмай отыр.

Фото: AFP via Getty

Болжам бойынша, 2050 жылдары халықтың төрттің бірі қарттар қатарына қосылады. Бұл жағдай күтім жүйесіне одан әрі салмақ түсірмек. Міне, осы тұста роботтар көмекке келуі мүмкін.

Бұрынғы үкімет күтім саласында қолданылатын роботтарды дамытуға 34 миллион фунт инвестиция құйған. 2019 жылы олар:

«Келесі 20 жылда автономды жүйелер, соның ішінде роботтар да, біздің өміріміздің қалыпты бөлігіне айналады, өмір сүру, жұмыс істеу және жүру тәсілімізді өзгертеді», деп мәлімдеген.

Бірақ бұл мәселені шынымен шеше ме? Оқырман, қарт ата-анаңыздың күтімін темір машинаға сеніп тапсырар ма едіңіз?

Жапониядағы роботтар: күтім мен жаттығу

Жапония бізге келешектің келбеті қандай болатынын көрсеткендей. Он жыл бұрын олардың үкіметі қарттар үйіне арналған роботтар өндірісін қолдау үшін субсидия бөле бастаған. Себебі елде егде жастағы адамдар көбейіп, күтушілер жетіспей жатыр.

Лондондағы Куин Мэри университетінің профессоры, жасанды интеллект маманы Джеймс Райт жеті ай бойы жапон қарттар үйінде роботтардың қалай жұмыс істейтінін бақылады.

Фото: NurPhoto via Getty

Үш түрлі робот сыналған:

HUG – жапондық Fuji компаниясы жасаған. Ол адамды төсектен орындыққа немесе дәретханаға көтеріп апаруға көмектесетін жетілдірілген жүріс арбасына ұқсайды.

Paro – бала теңіз түлкісіне (тюленьге) ұқсайтын жұмсақ робот. Ол деменциямен ауыратын адамдарды тыныштандыру үшін жасалған.

Pepper – шағын, достық бейнелі адам тәрізді робот. Ол қолдарын қимылдатып, жаттығуларды көрсетіп, қарттармен бірге дене жаттығуын жасайтын.

Бастапқыда профессор Райт роботтардың күтушілердің жұмысын жеңілдетеді деп ойлаған. Бірақ тәжірибе керісінше нәтиже көрсеткен.

Фото: Getty

«Роботтарды күтіп, қуаттап, тазалау – күтушілердің өз уақытын жейтін негізгі жұмысқа айналды. Біраз уақыттан соң олар роботтарды қолдануды тоқтатты, өйткені жұмыс тым көп, ал роботтар жиі бұзылып отырды», дейді ол.

HUG-ты тұрғындарға кедергі жасамас үшін үнемі жылжытып отыру қажет болған. Ал Paro кейбір науқастарды шамадан тыс эмоционалды байланысқа түсіріп, күйзеліске ұшыратқан. Ал Pepper тым аласа әрі дауысы биік болғандықтан, жаттығуларын адамдар ести де, көре де алмаған.

Робот өндірушілердің жауабы

Әрине, өндірушілер бұған өз уәжін білдірген. HUG – қазір ықшам әрі қолдануға ыңғайлы етіп жетілдірілген. Paro жасаушысы Така-нори Шибата роботтың 20 жылдан бері сәтті қолданылып келе жатқанын, оның терапиялық әсерін дәлелдейтін клиникалық деректер бар екенін айтты. Pepper – басқа компанияға сатылып, бағдарламасы жаңартылған.

Дегенмен профессор Райттың зерттеуі маңызды сабақ болған.

Зертханадан – тұрмысқа

Ноттингем университетінің профессоры Праминда Калеб-Солли қазір роботтарды күнделікті тіршілікке баулып жатыр. 

«Біздің мақсат – роботтарды зертханадан шығарып, адам өміріне енгізу», дейді ол.

Сол үшін ол Emergence атты желі құрған. Бұл жоба робот жасаушылар мен бизнес өкілдерін, сондай-ақ қарт адамдарды байланыстырып, олардың роботтан не күтетінін анықтауға бағытталған.

Пікірлер әртүрлі: біреулер сөйлей алатын және қорқыныш тудырмайтын робот қаласа, енді біреулер «көрікті әрі сүйкімді» дизайнды қалайды. Бірақ көбінің басты талабы – робот өздігінен тазаланып, өздігінен қуаттанса екен.

«Біз роботқа қарамаймыз, робот бізге қарасын», дейді  сауалнамаға қатысушы қарияның бірі.

Адам қолы секілді

Shadow Robot зертханасына қайта оралсақ, Рич Уокер ең қиын мәселенің бірі – адамның қолындай икемді робот қол жасау екенін айтады.

«Робот пайдалы болу үшін, ол адам сияқты әлеммен әрекеттесе алуы керек. Яғни, қолдың нәзік әрі дәл қимылдарын қайталай білуі шарт», дейді ол.

Робот қолында 100 сенсор бар. Ол металл мен пластиктен жасалған, әрі адамның қолындай мықты және икемді. Саусақтары бірінен соң бірі жылдам әрі дәл қимылдап, соңында «ОК» белгісін жасай алады. Тіпті бір қолымен Рубик кубигін де құрай алады.

Алайда әлі де қайшы ұстау немесе нәзік затты сындырмай көтеру сияқты ұсақ әрекеттерге икемденбеген.

Фото: Getty Images

«Адам қайшыны қалай ұстайды? Асылында бұл керемет құбылыс. Саусақ ұшындағы сезім арқылы қысымды реттейміз, кесу бұрышын өзгертеміз. Мұны роботқа қалай үйретеміз?»  дейді ол.

Жобаның жетекшісі профессор Дженни Рид робот қолдың дизайнын жануарлар қозғалысын зерттеу арқылы жетілдіріп жатыр.

«Жануарлардың қозғалысы – табиғаттың ең ұтымды әрі әсем жүйесі. Әсемдік дегеніміз – тиімділіктің бір түрі», дейді ол.

Жасанды бұлшықеттер

Даниялық инженер әрі кәсіпкер Гугги Кофод роботтарға арналған жасанды бұлшық ет жасап жүр. Оның Pliantics атты компаниясы әзірге ізденіс сатысында болса да, электр тогы өткенде жиырылып-босайтын ерекше икемді әрі төзімді материал таба алған.

Бұл тақырып Гугги Кофод үшін жай ғана ғылыми ізденіс емес, жүрекке жақын іс.

«Жақында маңайымдағы бірнеше адам деменциядан көз жұмды. Соларды күткен жандардың қандай қиындық көретінін өз көзіммен көрдім. Егер біз олардың қорқынышын жеңілдетіп, өмір сапасын сәл де болса жақсарта алсақ – бұл маған үлкен жігер берер еді»,  дейді ол.

Фото: Bloomberg via Getty Images

Кофод әзірлеген бұлшық етке ұқсас материал қазір Shadow Robot компаниясымен бірлесіп жүзеге асып жатқан жаңа жобаға енгізіліп жатыр. Мақсат – адамның қолындай сезімтал, нәзік әрекет ете алатын робот қол жасау. Мұндай қол қысымды өздігінен сезіп, затты қыспай, ұқыппен ұстай білуі тиіс.

Роботтар күтушілердің орнын баса ала ма?

Профессор Джеймс Райт роботтардың пайдасымен бірге, оның көлеңке тұсын да еске салады:

«Егер күтім саласында роботтар жаппай қолданылса, күтушілердің еңбегі арзандап, үлкен стандартталған қарттар үйлері пайда болуы мүмкін. Сол кезде күтушілер роботтарды күтіп-ұстаумен ғана айналысып, адамдармен қарым-қатынас азаяды», дейді ол.

Бұл пікір «роботтар күтушілердің уақытын үнемдейді» деген бастапқы сенімге қайшы.

Болашаққа дайындық

Дегенмен, үмітпен қарайтын сарапшылар да аз емес. Саутгемптон университетінің профессоры Гопал Рамчурн:

«Қазір күтушілердің жетіспеушілігі айқын. Сондықтан бұл сала алдағы жылдары ірі индустрияға айналуы мүмкін»,дейді.

Ол «Responsible AI» компаниясының бас директоры ретінде жасанды интеллект жүйелерінің қауіпсіз әрі сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету бағытында еңбектеніп жүр.

Профессор мысал ретінде Илон Масктің өткен жылы таныстырған Optimus атты адам бейнелі роботын атап өтті:

«Ұнаса да, ұнамаса да – роботтар заманы келе жатыр. Біз соған дайын болуымыз керек», дейді ол.

Сондықтан қазірдің өзінде роботтардың адамдарға қызмет ететін болашағын айқындайтын заңдар мен ережелерді жасау қажеттігі айтылып жүр.

«Біз роботтарға емес, роботтар бізге қызмет ететін жағдай жасауымыз керек», дейді сарапшы.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:192
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қазан 2025 12:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары