Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан әйелдер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

150 ден астам полиция зардап шекті: Францияда мыңнан астам наразылық білдіруші ұсталды

АҚШ Украинадағы Starlink жұмысына шектеу қойғанын жоққа шығарды

Батыс Қазақстанда төрт елді мекеннің тұрғындары үшін ауызсу тарифі 4,5 есе төмендетілді

Қайраттың испаниялық шабуылшысы хет трик жасады

Маңғыстау облысында бір топ қаңғыбас аш ит малдарға қырғидай тиюде

Астанада бірнеше жолды ашу жоспарлануда: әкім мерзімдерін атады

Құтқарушы күні: кәсіби мерекеге қатысты қызықты деректер

Қазақстандағы Рамазан 2027: оразаның басталуы, Қадір түні және Ораза айт күндері аталды

Президент ерлігі мен жанқиярлығы үшін бір топ азаматты марапаттады

Бөлек тұратын ата ана да ескеріледі : жәрдемақы алушы отбасының жағдайы қалай бағаланады

Qajet: қазаққа қажет такси ме, әлде кезекті шикі жоба ма?

Президент азаматтық қорғаныс саласының айрықша маңызын атады

Үш елдің арнайы қызметтері бірлескен операция өткізді: екі адам ұсталды

Republic Day: Астанада жеңілдіктер онкүндігі басталды

Давид Дегтярев екі дүркін Азия чемпионы атанды

Жүйелі түрде ұрып соққан: Аягөзде ерекше балаларды күтуші санитарлар күдікке ілінді

Несие алғанда жиі жіберілетін 7 қателік

Өз елдерінде іздеуде жүрген 62 шетелдік Қазақстан аумағында жасырынған

Елена Рыбакина Нинбо турниріне оралуы туралы айтты

ҚАШАҒАННЫҢ ҚҰРЫШ ҚОЛДАРЫ: Құрлықта қажырлы, суда жүзгіш, көкте қыран

ҚАШАҒАННЫҢ ҚҰРЫШ ҚОЛДАРЫ: Құрлықта қажырлы, суда жүзгіш, көкте қыран

Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Биыл «Жұмысшы мамандықтар жылының» жариялануы – еліміздің экономикалық тірегін ұстап тұрған техникалық салалардың мәртебесін қайта қарауға мүмкіндік берді. Бұл тұрғыда Қазақстандағы ең ірі және технологиялық күрделі жобаның бірі – Солтүстік Каспий жобасын жүзеге асырып жатқан NCOC компаниясының қызмет аясы ерекше назарға алуға тұрарлық.

Қашаған кен орны – геологиясы, теңіз жағдайы және өндірістік талаптары жағынан әлемдегі ең күрделі кен орнының бірі. Мұндай нысанды игеруге бір ғана сала емес, бір-бірін толықтыратын ондаған маман тартылған.

Жеті қабат жер қыртысындағы мұнай кені бұрғылау арқылы алынатынын бәріміз білеміз. Алайда бұл ұзаққа созылған дайындық кезеңінен тұратыны тек осы саланың мамандарына ғана таныс. Олардың басты міндеті – қажетті орында ұңғыманы дәл және қауіпсіз бұрғылау. Ол үшін жұмыс кезеңдерін анықтау, ұңғыма құрылымын, құрал-сайман мен жабдықтарды іріктеп алу, қауіпсіздік шараларын әзірлеу қажет. Ал ұңғымаларды жұмысқа жарамды күйде күтіп ұстау, үздіксіз өнім өндіруді қамтамасыз ету және ақауларды жедел жою – ұңғымаларға техникалық қызмет көрсету мен жөндеу мамандарының міндеті.

Ұңғыдан шыққан мұнай – әлі дайын өнім емес. Оны сепарациялау, тазарту, сақтау мен тасымалдау – мұнай-газ жабдықтарына жауапты мамандардың кәсіби шеберлігін қажет ететін маңызды кезеңдер.

Ал орталық диспетчерлік қызмет – өндірістің «жүрегі». 24/7 режимінде қадағалау жасап, технологиялық процестің әр сәтін бақылап отыратын операторлар бір миллиард баррельдік рекордтық көрсеткішке қол жеткізуді алғашқылардың бірі болып байқағандары тегін емес. «Біз күні-түні еңбек етеміз. Бір ауысым 12 сағат күндізгі кезекшілігімізді атқарып шығып, 12 сағаттық түнгі ауысымға кезекшілікті тапсырамыз. Біз отыратын бөлме – зауыттың миы да, көзі де. Әрқайсымыздың алдымызда 10-12 монитор бар. Сол монитордан қысым, ағым, температура, деңгейлер, соның барлығын қарап отырамыз» дейді сала қызметкерлері.

Солтүстік Каспийдің қатал табиғи жағдайларында жұмыс істейтін сүңгуірлер – ерекше мамандық иелері. Олар теңіз түбіндегі инфрақұрылымды жөндеп, дәнекерлеу мен монтаждау жұмыстарын атқарады. Бұл мамандық – кәсіби шеберлікті талап етеді. Мамандардың айтуынша, олар екі бағытта еңбек етеді. Біріншісі – Қашаған кен орнында су астына сүңгіп, металл конструкциялардың жай-күйін тексереді. Екінші бағыт – кемелерді тексереді. Олардың да талапқа сай болуы, біріншіден, жұмыс циклының үзілмеуіне себепші болса, екіншіден, экологияға да оң әсер етеді.

Экология демекші, NCOC компаниясында 100-ден астам маман мұнай төгілімдеріне ден қою саласында жұмыс істейтінін айта кеткен жөн. Олар болуы мүмкін төтенше жағдай кезінде оқиғаны жедел бағалап, әрекет алгоритмін құрайды және суға төгілген мұнайдың жайылып кетпеуі үшін бар амалды жасайды. Бұл Қазақстандағы әлі жас, бірақ экологиялық қауіпсіздік үшін стратегиялық маңызы бар сала.

Кен орнындағы жұмыс тек мұнай өндірумен шектелмейді. Арнайы техника жүргізушілері күнделікті тасымалдау қызметін атқарып, жүздеген қызметкерді жұмыс орнына жеткізеді. Теңіз экипажы Каспийдегі жүк және жабдық тасымалына жауап береді. Капитаннан бастап матросқа дейін әрқайсысы қауіпсіз теңіз операциясының ажырамас бөлігі.

Сондай-ақ тікұшақ пилоттары – Қашағанның негізгі әуе көпірі. Қақаған боран мен тұман, екпіні түйе шайқайтын жел, алақандай алаңқай – олардың жұмыс жағдайы. Бұл қызметтердің барлығы үздіксіз өндірістің арқауы.

Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар – оқыс жағдайдың алдыңғы шебінде жүретін әскер іспеттес. Кәсіби өрт-құтқару топтары бірінші кезекте адамдарды эвакуациялап, қауіп аймағын оқшаулау, газ деңгейін тексерумен қатар, өрт сөндіру жұмыстарын атқарады. Бұл – темірдей тәртіп пен ерекше ерік-жігерді талап ететін мамандық.

Бұдан бөлек, құрылыс сатыларын құрастырушы, эколог, зертханашы сынды мамандық иелері де ел экономикасының бір кірпіші болып қаланған маңызды кадрлар. Олардың ішінде ерлермен қатар иық тіресіп еңбек етіп жатқан әйелдер де аз емес. Еліміздің энергетикалық қауіпсіздігі мен өндірістік дамуы – дәл осы қарапайым, бірақ ерлікке тең еңбектің арқасында жүзеге асып жатыр.

Бүгін, 14:59

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:196
embedДереккөз:https://azh.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Қараша 2025 15:02
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан әйелдер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

18 Қазан 2026 11:54see136

150 ден астам полиция зардап шекті: Францияда мыңнан астам наразылық білдіруші ұсталды

18 Қазан 2026 12:25see134

АҚШ Украинадағы Starlink жұмысына шектеу қойғанын жоққа шығарды

18 Қазан 2026 12:29see134

Батыс Қазақстанда төрт елді мекеннің тұрғындары үшін ауызсу тарифі 4,5 есе төмендетілді

17 Қазан 2026 20:13see132

Қайраттың испаниялық шабуылшысы хет трик жасады

18 Қазан 2026 19:55see125

Маңғыстау облысында бір топ қаңғыбас аш ит малдарға қырғидай тиюде

18 Қазан 2026 17:01see125

Астанада бірнеше жолды ашу жоспарлануда: әкім мерзімдерін атады

18 Қазан 2026 17:37see124

Құтқарушы күні: кәсіби мерекеге қатысты қызықты деректер

19 Қазан 2026 08:32see122

Қазақстандағы Рамазан 2027: оразаның басталуы, Қадір түні және Ораза айт күндері аталды

19 Қазан 2026 12:32see116

Президент ерлігі мен жанқиярлығы үшін бір топ азаматты марапаттады

19 Қазан 2026 14:28see115

Бөлек тұратын ата ана да ескеріледі : жәрдемақы алушы отбасының жағдайы қалай бағаланады

18 Қазан 2026 13:22see114

Qajet: қазаққа қажет такси ме, әлде кезекті шикі жоба ма?

18 Қазан 2026 14:28see114

Президент азаматтық қорғаныс саласының айрықша маңызын атады

19 Қазан 2026 13:35see114

Үш елдің арнайы қызметтері бірлескен операция өткізді: екі адам ұсталды

18 Қазан 2026 08:10see113

Republic Day: Астанада жеңілдіктер онкүндігі басталды

19 Қазан 2026 12:22see112

Давид Дегтярев екі дүркін Азия чемпионы атанды

19 Қазан 2026 12:39see112

Жүйелі түрде ұрып соққан: Аягөзде ерекше балаларды күтуші санитарлар күдікке ілінді

19 Қазан 2026 18:07see112

Несие алғанда жиі жіберілетін 7 қателік

18 Қазан 2026 16:49see112

Өз елдерінде іздеуде жүрген 62 шетелдік Қазақстан аумағында жасырынған

19 Қазан 2026 17:07see109

Елена Рыбакина Нинбо турниріне оралуы туралы айтты

19 Қазан 2026 07:21see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары