Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Қарымды қаламгер, қажырлы ғалым

Қарымды қаламгер, қажырлы ғалым

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Атап айтар болсақ,  2013 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша жарық көрген «Бабалар сөзі» көптомдығының бес томын жалғыз өзі дайындап берсе, жалынды жыршы Таңжарық Жолдыұлының әдеби мұрасын зерттеп, ол туралы 12 сериялы телефильм және «Тау ұлы», «Көк бөрі немесе тағдыр тәлкегі»,  «Бұл да бір белес», «Адам, ат, ит» атты роман-повестері мен «Сахара бұлбұлы» қатарлы очерктер жазып қалдырды. 

Биыл туғанына 90 жыл толып отырған жанкешті қаламгер-ғалым 1954 жылы  алғаш өлкелік «Шинжаң газетінде», соңынан облыстық «Іле газетінде» тілші, редактор, бет жауапшысы қатарлы қызмет атқарды. Дүние шіркін бір орында тұрмайды, саясат өзгереді, өңі айналады. Шыңжаң өлкесінде болған саяси оқиғалар Оразанбай Жұмағұл­ұлын айналып өтпеді. 1962 жылы бұл кісіге «шетелмен астасқан кері төңкерісшіл» деген айып тағылып, осы жылдың ма­мыр айында абақтыға жабылып, ұзақ мерзімге сотталып Тарым түр­месіне айдалады. 

Жарықтық өзі туралы жазған есте­лігінде: «Сот үкімінен кейін мені көмір қазуға жіберді. Жұмыс істеп жүріп  опы­рылып құлаған үйінді астында қалып, жамбас сүйегім сынды.  Нәтижесінде, бір аяғы кем болып қалды. Қамау мер­зімі аяқталған соң мені шек­ара­лық өлкеде тұруға болмайды деп отба­сына оралуыма шектеу қойыл­ған­дықтан, туған жеріме кеш орал­дым» депті. 

Осылай қайта үйірін тапқан тұлға әдеби істермен айналысып, «Мұра» журналының тізгінін ұста­ды. Басылымды көркейтті, маз­мұнын биік деңгейге шы­ғарды. Шың­жаңдық зиялылар арасында Орекеңнің аты күні бүгін журнал­мен қатар айтылады. 

 Жалпы, Оразанбай ағаның қазақ руханиятына сіңірген еңбе­гін екі кезеңге жіктеуге болады. Бірін­шісі очерк, әңгіме, фелетон­­дары болса, екінші кезеңі – фоль­клорлық мұраларды зерт­теуі. Қытайда сала бойынша Ора­занбай Егеубаевтың есімі әй­гілі фоль­клор­танушы Нығмет Мыңжа­ни­дан кейін аталады. 

Әсіресе, «Мұра» журналын бас­қарған кезінде ел арасында ша­шылып жатқан ауыз әдебиет нұс­қалары: батырлық дастан­дардың төрт томын, діни қисса­лардың бір томын, ғашықтық жырларының үш томын жинап үлгерді. Бұл дү­ниелер «Балалар сөзінің» көптом­дығына енгізіліп, халық­тың игі­лігіне айналды. Оның сыртында ел аузынан жүзге жуық аңыз-ертегі жинады. 

Ғалымның айтуынша, таң­жарық­тану еңбегі бір төбе. Осы әрекеті үшін ұлтшыл-байшыл-көнешіл деген айып тағылып, 22 жыл айдау көрді. Бірақ сонда да қайт­пады. Бұл ісін 2001 жылы атажұрты Қазақстанған оралған­нан кейін тіпті қарқындатып, ақын шығармаларының екі том­дық толық жинағын жасап, оны «Таңжарық тағылымы» атты зерт­теу еңбегімен қоса жария­латты.

Ұзақ жыл айдау көріп, шы­нық­қан фольклортанушы ота­нына оралған соң көп жыл бөге­ліп тұ­рып, ағытылған бұ­лақтай сарқы­рады. Шыңжаңда жүріп жиып-терген дүниелерін жарық­қа шы­ғар­ды. Яғни, екі еларалық мә­дени байла­ныстарының қою­лауына үлкен дәнекер болды. Қытайдағы қазақтардың мәде­ниетін, өнерін, әдебиетін қазақ­стан халқына кеңінен таныс­тырды. «Жұлдыз», «Парасат», «Ал­тын бе­сік», «Атамекен», «Еге­менді Қа­зақстан», «Қазақ елі», «Түркістан», «Қазақ әдебиеті», «Әдебиет айды­ны» қатарлы басылымдарға ғы­лыми-таным­дық 30-дан астам ғы­лыми-та­ным­дық мақала жария­лап, өзінің өмір тарихы туралы баян «Көк­бөрі немесе тағдыр тәл­кегі» атты эссе романы мен «Та­рымда өткен бір түн» атты повес­терін жарыққа шығарды. 

Оның сыртында жалпы қазақ әдебиетіне ортақ зерттеулерге жол салды. Атап айтқанда, «Ұлт­тық әдебиеттану ғылымының көкей­кесті мәселелері», «С. Мұ­қанов, Ғ. Мүсірепов – қазақ әде­биетінің классиктері», «Қазақ тілі және оралман» тағы басқа тақырып­тарды қам­тыған жазба­лары халық­аралық ғылыми-прак­тикалық конференциялар мен симпо­зиум­дар төрінен оқы­лып, маман әде­­­биет­шілер тара­пы­нан оң бағасын алды. 

Ғалымның еңбегін бағалаған ғылыми орта оны «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапаттаса, жанкешті тұлғаның еңбегін наси­хат­тауға арналған «Ақын мұрасы­ның шырақшысы», «Адамдық айнасы», «Болсайшы әр қазақтың бәрі осындай» атты мақалалар мерзімдік баспасөз беттерінде жарық көрді. 

Сөзімізді түйіндеп айтар бол­сақ, О.Егеубаев қазақ мәдениеті мен өнеріне көрнекті үлес қосқан үлкен ғалым болумен қатар, өзі туып-өсіп, өмір сүрген ҚХР Мемлекеттік кеңесінің өмір бойы берілетін стипендиясының ие­гері, Бүкіл Қытай мемлекеттік жазу­шы­лар одағының мүшесі, Бү­кіл Қытай мемлекеттік фоль­клор­шылар одағының мүшесі, Қазақ­стан Жазушылар одағының мү­шесі, ШҰАР-дың ең таңдаулы маманы, Шыңжаң Жазушылар одағы мен фольклоршылар одағының мүшесі, аға редактор, профессор,  қатарлы мәртебелі абырой биігінен көрінген тұлға. 

Орекеңнің тағдыр тәлкегіне мойы­маған қайыспас қайсар­лығы, өз ұлтына, өз халқына де­ген кір­шіксіз адалдығы, әртүрлі жұ­мысқа шексіз берілген шөгел­дігі, кісілік кішпейілдігі, бүкпесіз ашық-жарқындығы, көкжиегі кең ақыл-пара­саты, тура бидей әділдігі, адами асыл қа­сиеттері өз заман­дас­тарына, өзінен ке­йін­гі буынға үлгі-өнеге болары анық. Ра­сын айтқанда, бұл кісі көзі тірісінде аты аңызға айналған адам. 

Бір дәуірдің жанкешті тұлғасы 2007 жылы 72 жасында өмірден өтті. Жоғарыда атап айтқанымыз­дай, артына асып-төгілген мұра қалдырды. Жарықтықтың биыл­ғы 90 жылдық датасына орай Алматы қаласындағы тұрған үйіне ескерт­кіш тақта орнатылып, алдағы күндері ғалымның өлмес мұрасын еске алу мақсатында ғылыми-тео­риялық конферен­ция ұйым­дас­тырылмақ.

Сали САДУАҚАСҰЛЫ, 

Жазушылар одағының мүшесі

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:186
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қараша 2025 14:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see142

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see140

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see139

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see138

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see137

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see136

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see136

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see135

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see133

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see132

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see131

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see124

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see123

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see122

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see121

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see120

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары