Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Цифрлық дәуірдегі дала

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Қаламгер қазынасы мұрағат төрінде

Қаламгер қазынасы мұрағат төрінде

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Республика күні қарсаңында «Қазақ газеттері» серіктестігінің «Egemen Qazaqstan» ұжымы әдебиетіміздің көрнекті өкілі, жазушы, журналист, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның жеке қолжазбалары мен құнды құжат­та­рын Ұлттық архивке ресми түрде табыс етті.

Суреттерді түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Белгілі қоғам қайраткерлері, жазушының туыстары, әдебиет­тану­шылар мен бұқаралық ақпа­рат құралдарының өкілдері қатыс­қан жиынды «Қазақ газеттері» серік­тестігінің бас директоры, алаш­танушы ғалым Дихан Қамзабекұлы ашып: «Шерхан Мұртаза – тәуелсіздіктің бастауында тұрған тұлғаларымыздың бірегейі. Ол кісі 90-жылдардағы егемендіктің қалыптасу, даму кезе­ңінде мемле­кетіміз үшін қыр­уар еңбек етті. Біз бүгін «Egemen Qazaqstan» газетінде сақталған Шерағаның алты мың бетке жуық мол мұрасын Ұлттық архивке тапсырмақпыз. Осы бас­тама арқылы ұлт үшін тер төккен тұлғаға құрмет көрсетіп, аға буын мен бүгінгі ұрпақ арасындағы сабақтастықты жалғастырғымыз келеді», деді.

Дихан Қамзабекұлы бүгінгі жаңарған, тәуелсіз еліміздің гүлденуіне ерен еңбек сіңірген Шерхан Мұртаза сынды тұлға­лар­дың еңбегін атай келіп, алғаш тәуелсіздік алған кездегі қиын­дықтарға қарамай, елдің сенім үдесінен шыққан ұлт қайраткерлеріне құрмет көрсету баршаға ортақ парыз екеніне тоқталды. Сондай-ақ «Egemen Qazaqstan» газеті жанынан ұлттық басылымдар музейін жасау идеясы болғанын, осы мақсатта Шерхан Мұртазаның әйгілі «Қызыл жебе» романының түпнұсқасы, Тұрар Рысқұлов туралы жиған деректері, кеңестік биліктің озбырлығын сынайтын «Бесеу­дің хаты» атты екі бөлімді драмасы мен басқа да бірнеше шығар­масының қол­жаз­балары газет редакциясында сақталып келгенін айтты.

«Жалпы, әр құнды деректің кейінгі ұрпаққа бүлінбей жетуі – басты мақсат. Біз зиялы қауым өкіл­дерімен, Шерағаңның туыстарымен ақылдаса келіп қолымыздағы құнды материалдардың бәрін Ұлттық архивке өткізуді дұрыс деп таптық. Себебі, көне қолжазбалар арнайы орында сақталғаны дұрыс. Қазір, архив тілімен айтқанда, біз өткізген қағаздар «емделіп» жатыр. Архив қызметкерлері бір­қатар «емделген қағаздарды» көр­меге қойғанын байқап отырсыздар. Құдай қаласа, келер жылғы Ұлттық баспасөз күнінде алты мың беттік мұраның бәрі қалпына келтіріліп, осында бірлескен салтанатты жиын өткіземіз», деді Дихан Қамзабекұлы.

Мемлекет және қоғам қайрат­кері Қуаныш Сұлтанов 1985 жылдардан бастап кеңес одағының көбесі сөгіліп ыдырай бастағанын, сол кездегі Қазақстанның саяси ахуалы қандай болғанын тілге тиек етіп, «Егемендік декларациясы» жарияланған сәулелі сәтті еске алды. «Балтық жағалауларындағы республикалар кеңес одағы құрамынан шығатынын мәлімдеп, Кавказ елдері олардың бастамасын іліп әкетті. Сол кездегі Қазақ­станның саяси жағдайын одақтас 15 республиканың ешбірімен салыстыруға келмейтіндей күрде­лі болды. Саяси, қоғамдық, тұр­мыс­тық жағдайымыз түгелдей орталыққа, тікелей Мәскеуге тәуел­ді еді. Ұлттық құрамымыз бен түрлі диаспораларды айтпаған­ның өзінде, Қазақстандағы бү­кіл өнеркәсіптің 93 пайызы Мәс­кеуге бағынышты болатын. Сондай жағдайда егемендікті жариялауымызға күш-жігерін аямаған Салық Зиманов, Сұлтан Сартаев, Әбіш Кекілбаев, Шерхан Мұртаза сынды қайраткерлердің ерен еңбегін ұмытпау керек», деді Қуаныш Сұлтанов.

Парламент Сенатының депутаты Дархан Қыдырәлі жазушының құнды мұрасының «Egemen Qazaqstan» газетіне қалай келгені туралы қысқаша баяндап берді.

«Бүгін шынында да ерекше күн. Еліміздің ұлық мейрамы Егемендік декларациясы қабылданған Респуб­ли­ка күні мен Шерағаңның мұрасын архивке өткізу іс-шарасы бір күнге сәтті орайластырылып, қос мерекеге куә болып отырмыз. 1990 жылдың маусым айында «егемен» сөзін қолданысқа енгізген Шерағаң болатын. «Egemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдығы қарсаңында сол құнды құжатты, яғни Орталық комитетте талқыланған жиынның стенограммасын Президенттік архивтен тапқызып, жариялаған едік. Яғни «егемен» сөзі авторының мұрасы дәл Республика күнінде архивке өткізілуін Тәңірдің сыйы деп білемін», дей келіп: «Egemen Qazaqstan» газетінің басшылығына келе салып, ертесі күні Алматыға арнайы барып, «Самал» шағын ауданындағы үйінде Шерағамен кездестім. Сырқаты меңдеп жатқан кезі. Әбіш Кекілбаевтың қазасынан кейін қатты күйзеліп отыр екен. 3–4 сағаттық кездесуде ағаға ұлттық басылым музейін жасақтау идея­сын айтып, сол музейге өткізуге болатын қолжазбаларын сұрадым. Алматыдағы үйден қолымызға еш­қан­дай жәдігер іліне қойған жоқ.

Сосын Шерағаңның мұрасын іздестіріп, Жуалыдағы үйінен бүгінгі құнды қолжазбалары табылды. Марқұм Несіпбек Дәутайұлы, Оралхан Дәуіт, Хамит Есаман сынды азаматтар табылған мұрасын реттеп, Астанаға жеткізіп берді. Біз музейге деп Әбіш аға бастаған біраз қаламгердің қолданған заттарын жинап қойған едік. Осылай сол жәдігерлерге Шерхан Мұртазаның мол мұрасы қосылды. «Egemen Qazaqstan» газе­­тінің 100 жылдығында Ұлттық музейде көрме ұйымдастырып, бұл жәді­гер­­лерді елге де таныстырдық.

Ұлттық баспасөз музейі халық үшін қажет дегенімізбен, оны ашу оңай емес. Арнайы ғимаратты табу мүмкін болмады. Ол күн жеткенше, қолдағы құнды жәді­гер­­­лерді бүлдіріп алуымыз да мүмкін. Сондықтан «Қазақ газет­тері» серіктестігінің басшысы Дихан Қамзабекұлының бүгінгі баста­масына ризашылық білді­реміз», деді Дархан Қуандықұлы.

Мемлекет және қоғам қайрат­кері, «Egemen Qazaqstan» газетін ең ұзақ басқарған қабырғалы қаламгер Сауытбек Абдрахманов Шерхан Мұртазаның журналистика саласына сіңірген еңбектеріне талдау жасай келіп: «Егемендікті жақындатқан, тәуелсіздікті нығайтуға үлес қос­қан кімдер еді?» дегенде, біз­дің тілімізге алғашқылардың қа­та­рын­да Шерхан Мұртазаның есімі оралады. Шерағаң газеттің атын «Егеменді» деп өзгертуден бастап, сол жылдардағы барлық келелі істердің басы-қасында жүрді. Ол кісінің «Социалистік Қазақстан» газетіне басшы болып келуіне септігім тигеніне тәуба айтамын. 1986 жылдағы оқиғалардан кейін елімізде түрлі кадрлық өзгерістер болды. Десе де, бас газетімізге келген кадрлар жұмысты дөңгелетіп әкете алмады. Мен ол кезде Қазақстан компартиясы Орталық комитетінің баспа­сөз секторында істейтінмін. Газет­ке үлкен бір серпіліс қа­жет еке­нін бөлім деңгейінде көтеріп, Шерағаңның «Жұлдыз» журна­­­лы­ның таралымын 200 мыңнан асырғанын, Одақтық «Новый мирден» кейінгі таралымы ең көп басылым жасағанын алға тарта отырып, кандидатурасын ұсындық», деді.

Сауытбек Абдрахманов кейін­нен Шерхан Мұртазаның «Қазақ­стан» телеарнасына басшы болу тарихын баяндап, ол кісінің телеарна­ны қазақыландыру, бағдар­ла­малардың сапасын арттыру, қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жасап, үй әперу секілді еңбектерін тізіп, кейін Парламенттегі белсенділігін баян етті.

Ал «Egemen Qazaqstan» газе­­тінің бұрынғы басшысы Уәлихан Қалижан Шерағаңды зейнет­кер­лікке шыққаннан кейін өзіне кеңесші етіп қызметке шақырған сәтін, сол тұста Шерхан Мұртаза мен Камал Смайылов екеуінің бас басылым бетінде жазысқан хаттары туралы тарихтан сыр шертті. «Ағамыз «айтқаным­­­ды қысқартпасаң, жазғанымды түзетпесең кеңесші боламын» деп уәдемді алғаннан кейін «Egemen Qazaqstan» газетінің бетінде үздіксіз елдік мәселелерді көтерді. Осылай басылымның абыройын көтерді», деді Уәлихан Қалижан.

Сондай-ақ белгілі қоғам қай­раткері, тіл күрескері Оразкүл Асанғазы мен жазушының Алма­ты­дан арнайы келген туысы, Қа­зақстанның еңбегі сіңген сәулет­шісі, көптеген ескерткіш пен қала, облыстар таңбаларының авторы Салауат Дембаев Шерхан Мұр­тазаның адами қасиеттерін әңгіме­леді.

Бұдан кейін «Қазақ газеттері» серік­тестігінің бас директоры Дихан Қамзабекұлы мен Ұлттық архив директоры Сағила Нұрланова қолжазба жәдігерлерді тап­сырып-қабылдап алу құжатына қол қойды.

Ұлттық архив директоры Сағила Нұрланова жазушының өмірі мен шығармашылығына қатысты бұрын еш жерде жария­ланбаған сирек фото­сурет­тері, жеке хаттары, жазба дәптерлері мен басқа да тарихи-мәдени маңызы зор құжаттарының тап­сырылғанына ризашылығын біл­дірді. «Ұлттық архив қоры қа­­зақ әде­­­биетінің алыбы, ұлтының ар-намысын биік ұстаған тұлға Шерағаңның, Шерхан Мұртазаның мұраларымен толығып жатыр. Архив – құжаттарды ғана емес, ұлы тұлғалардың тағдырын сақ­тайтын киелі орын. Бүгін Шерхан Мұртазаның көзін көрген аға­­­ларымызбен жүздесіп, естелік­­­­те­рін тыңдап, көңіліміз босап отыр. «Egemen Qazaqstan» газе­тінің ұжы­мы әдебиетіміз бен тари­­­­хы­­мыз­ға аса маңызды жәдігерлерді болашақ ұрпаққа аманаттап, рухани құндылықтарды сақтауға зор үлес қосып отыр», деп түйіндеді ойын.

«Тәуелсіздік біреу. Ол біз сияқты, қазақ сияқты халыққа жүз­­деген жылдардан кейін ғана ке­­ліп жеткен Алланың ақ нұры. Оған адал ниетті адамдар бәріміз тіреу болсақ қана заман түзелер. Тәуелсіздіктің жолы қатты, дәмі тәтті. Қиыншылық жолын қиялап өтіп, жайдарман жерге де жетерміз. Әйтеуір бір Құдірет әдейі қиян-кескі қиыншылық кездестіретін көрінеді ғой. Баяғы Аюп пайғам­­­­бар­­­ды сынағаны сияқты. Ақыры Аюп барлық сынға шыдап, Құдайдың мейіріне бөленген дейді. Біз не көрсек те Көк Туымыз қолымыздан түспесе екен» деп тілеу тілеген еліміздің дара тұлғасы Шерхан Мұртазаның мұрасын тарихшылар мен мұрағатшылар індете зерттеуге мүмкіндік туды. Республика күні қарсаңындағы іс-шара бізге осыны аңғартты.  

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:169
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Қазан 2025 08:25
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

18 Қыркүйек 2026 21:42see153

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see149

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see141

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see139

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see137

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see137

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see136

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see135

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see132

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see128

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see128

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see126

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see121

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see121

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see116

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see112

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see111

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see111

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see110

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары