Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қайтарылмайтын билетті қайтаруға бола ма заңгер Алматыдағы Канье Уэст концертіне қатысты жағдайды түсіндірді

Отандық көкөніс өндірісін арттыру Ауыл партиясының назарында

Алматыда алманың жаңа сұрпына Әділет атауы беріледі

Қазақстан Президенті Үндістан Премьер министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Жағалаудан 400 метр: Каспийде жас жұп қиын жағдайда қалды

Челси , Дастан Сәтбаев және Бернли қазақстандық футболшының ауысуына қатысты пікір білдірді

Ислам Махачев UFC тарихында жаңа рекорд орнатты

Тоқаев Лихтенштейннің Тақ мұрагерін елдің Ұлттық күнімен құттықтады

ҚПЛ: Қайрат пен Жеңіс ірі жеңіске жетті

Украинаға қару жарақ жеткізу Ресей сенімін әлсіретуі мүмкін Түркияның бұрынғы атташесі

Еңбек, цифрландыру, инфрақұрылым: Әділет партиясы өңірлердегі өзекті мәселелерді талқылады

Қатты шаршадым : Рыбакина Торонто финалындағы жеңілісін түсіндірді

Персеид жұлдыздары әлем елдерінде қалай көрінді фото

Экс депутат Базарбек адам қағып кетті ме? Полиция не дейді

Жылу желілері жаңарады

Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай Ән ағасы Шәмші челленджі басталды

Индонезияда магнитудасы 7,7 болатын жер сілкінісі болды. Кемінде 20 адам қаза тапты

Тұрғын үй сертификаты: тетік пе, кетік пе?

Алматыда қанша үй газға тегін қосылады әкімдіктің жауабы

Кәсіптің кілті гаражда

Қазақ үнінің қазынасы

Қазақ үнінің қазынасы

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Биыл «Шалқар» радио­сының әуе тол­қы­нына шық­қа­ны­на 60 жыл толды. Ұлт­тық радионың алпыс жылдық шежіресі – ел дамуының айтулы кезеңдері мен рухани жаңғыруының жарқын көрінісі. Арнаның өткені мен бүгінгі даму белестерінен сыр шертетін тарихи деректер мен соны мәліметтер осының айқын дәлелі іспетті.

1966 жылдың 1 қаңтарында кешкі сағат 19.00-де диктор, Қазақстанның халық әртісі Әнуарбек Байжанбаев «Эфирде – «Шалқар» бағдарламасы» деп ұлттық радионың тұсауын кесті. Осы кезде қырық пайыздай мөлшерде ғана қазақ тілінде хабар таратқан Қазақ радиосы қызметкерлері ұлттық тілдегі жаңа бағдарлама ашуды сол уақытта жоспарлайды. Бұл шалғайдағы ауылдар, шет жайлаған ел-жұрт, рухани қазынаға сусаған қаншама халық ел жаңалығын қазақ тілінде естісін деген мақсаттан туған ой еді. Әрі одақ көлемінде ұлттық радиобағдарламалар қаулап шыға бастаған кез. Осының бәрі себеп болып, Қазақ радиосының басы-қасында жүрген ардагерлер бастап, Ресейдің «Маяк», Украинаның «Промин» бағдарламаларындай хабар беретін радиостанса ашуға рұқсат алу мәселесін Орталық комитетте көтереді. Бұл бастаманы республика басшылары да қолдап, Орталық жаққа құжаттар мен ұсынысты жөнелтеді. Бірақ ол жақтан бірден жауап келе қоймайды. Арада біраз уақыт оздырып, қосымша құжаттар жасалып, Мәскеуге қос тілге бірдей жүйрік маман, соғыс ардагері, журналист Мифтах Жантикинді аттандырады. Ол екі айдай Мәскеуден шықпай жүріп, құжаттарды Алматыдан арнайы алдыртып, толық реттестіреді. Ақыры Қазақ радиосының «Соңғы хабар» редакциясы аясында «Шалқар» бағдарламасын ашу туралы бұйрыққа қол жетеді.

Сөйтіп, Қазақ радиосының «Соңғы хабарлар» редакциясының жаны­нан шыққан ақпаратты-сазды «Шалқар» бағдарламасы бірден жеке толқында эфирге шығарылды. Алғашқы кезде екі сағат хабар таратса, кейіннен сағат саны ұлғая түсіп, көп ұзамай тәулік бойы хабар таратты. Бертінге дейін Қазақ радиосы – республикалық бірінші арна атанып келсе, «Шалқар» – республикалық екінші арна атанды. «Шалқардан» ел ішіндегі ғана емес, сыртта жүрген бауырларымыз да қазақ үнін, әнін, күйін тыңдап, жүректеріндегі сағынышын басқаны анық.

Радиомыздың «Алтын қоры» ұлты­мыздың халық ауыз әдебиеті және дала әуезі үндескен дәстүрлі әндеріне бай. Бүгінде «Алтын қорда» 1948 жылдан бері жинақталған 100 мыңнан аса үнтаспа сақтаулы. Қазіргі уақытта өт­кен ғасырдың 30-40 жылдарынан бері жинақталған «Алтын қордағы» бай үн­таспалар, ондағы аса құнды радиохабарлар мен музыкалық шығармалар цифрлық форматқа көшіріліп, «Шалқар» радиосының эфирінен күнделікті 22.00-23.00 аралығында беріледі.

«Алтын қорда» үнтаспалармен қатар, Қазақстан композиторлары шығар­маларының 3 мыңнан аса ноталық нұс­қалары – қолмен жазылған клавирлері мен партитуралары сақталған. Бұған де­йін «Клавирлер жинағының» 1 және 2-томы жарыққа шықты. Жинаққа Мұқан Төлебаев, Ахмет Жұбанов, Латиф Хами­ди, Қапан Мусин, Евгений Брусилов­ский сияқты композиторлармен қатар, Әбілахат Еспаев, Шәмші Қалдаяқов, Садық Кәрімбаев, Бекен Жамақаев сынды сазгерлеріміздің кең тараған әндерінің 50 шақты ноталық нұсқасы – клавирі кірді.

Егемендікті еншілеп, еңселі ел атанғаннан кейін радио тарихының жаңа парағы ашылды. Ұлттық радио халқымыздың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, тілі, діні, әдебиеті мен мәдениеті жайында хабар таратады. «Шалқар» радио­­сының әуе толқынында бүгінде 35 хабар бар. 21-і таспа хабар, 14 бағдарлама тікелей эфирде шығады. Олардың ішінде жылдар бойы эфирге шығып, тыңдаушы талғамынан шыққан дәстүрлі хабарлар да бар. «Шалқар» радиосының хабарлары ел тұрғындарының 73 пайызға жуығын қамтып, тәулігіне 18 сағат әуе толқынына шығады.

«Шалқар» 2012 жылы 1 қазаннан Астана қаласындағы заманауи үлгіде са­лынған «Қазмедиа» орталығындағы Радиокешеннен де хабар тарата бастады. Орталықта жоғары деңгейдегі шығар­машылықпен жұмыс істеуге барлық жағ­дай жасалған. Жетілген цифрлық технология орнатылған. Оны игеру арқылы радио мультимедиа сапына қосылды.

«Шалқар» радиосы 2017 жылы «Қазақ радиолары» ЖШС құрамына кіріп, қанатын кеңге жайды. Серіктестік құра­мында қазір Қазақ радиосы, «Шалқар»,  «Classic» радиолары тыңдаушыларға қызмет етеді.

Радио эфирі 2020 жылғы қыркүйектен руханият ордасы – Алматы қаласынан шыға бастады. «Шалқар» ұлттық арна атына сай жаңа маусымынан бастап тек қазақтың дәстүрлі музыкасын, ұлттық мәдениеті мен әдебиетін, бабалар мұрасы – қазақтың әні мен күйін, ретро музыкасын, өткенімізден сыр шертетін «Алтын қордағы» асыл қазыналарын насихаттауға түбегейлі бет бұрды.

Радионың контенті де, музыкасы да таза ұлттық бағытқа көшті. Эфирден беріле­тін музыкалары: дәстүрлі музыка, халық әндері, күй, жыр, толғаулар, оркестрде орындалған шығармалар, термелер мен ретро музыка, т.б. Ал арнайы эстрадалық музыкаға арналған бағдарламада ғана эстрадаға өңделген халық әндері мен қазақы сипаттағы эстрадалық әндер беріледі.

«Алтын қордың» мүмкіндігімен бір­қатар ролик сериялары эфирде қойылады. «Алтын қордағы тұл­ғалар дауысы!», «Алтын қордан ән тыңдайық!»,«Алтын қордан күй тың­дайық!», «Сөзтаным», «Асыл мұра» сынды роликтер сериясы бойынша «Алтын қордағы» тарихи тұлғаларымыздың дауысы, ел есінен шыға бастаған ескілікті ән-күйлер беріледі. Дәстүрлі әншілеріміз бен күйшілерімізді насихаттауға арналған «Күй-құдірет», «Ән-аманат» роликтер сериясы да – тыңдарман көңілінен шыққан дүниелер.

2023 жылы Алматыда «Шалқар» радио­сының тікелей эфир студиясына Қазақстанның халық әртісі, диктор Әнуарбек Байжанбаевтың 100 жылдық мерейтойы құрметіне орай, дауылпаз диктордың аты берілді. Студияны заманауи тұрғыда жөндеу мен Әнуарбек Байжанбаев атындағы дикторлар бай­қауы «ASSYLTAS» қоғамдық қорының демеушілігімен жүзеге асты.

Бүгінде «Шалқар» радиосының мерейтойына орай екінші тікелей эфир сту­диясы жаңартылып, жаңаша жөн­деу­ден өтті. Алматыдағы «Радио үйі» ғима­ратында «Шалқар» радиосының то­лық жөндеуден өткен жаңа студия­сы сал­танатты түрде ашылды. Жаңа сту­дияға қазақтың тұңғыш радиодикторы, Қазақ радиосының ардагері, КСРО-ның құрметті радисі, Қазақ КСР-нің ең­бек сіңірген мәдениет қайраткері Мина Сейітованың есімі берілді. Салтанатты іс-шараға радио саласының ардагерлері, қазіргі қызметкерлері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Талай дикторға тәлім берген ұстаз, радио өнерінің көрнекті өкілі Мина Сейітова­ның есімін ұлықтау мақсатында ашылған студияның тұсаукесер рәсімінде Руслана Құдайбергенова, Сауық Жақанова сынды бірқатар аға буын өкілдері сөз сөйлеп, бастаманың маңызын атап өтті.

«Шалқар» радиосына 60 жыл» атты тарихи-танымдық кітап дайындалып жатыр. Атаулы датаға орай басқа да іс-шаралар жоспарланған. Алдағы биік белестерді ұлттық радио ұжымы осындай жақсы жаңалықтармен, қажырлы еңбегімен, үздіксіз ізденуімен бағындыра бермек.

Болатбек ТӨЛЕПБЕРГЕН,

«Шалқар» радиосының бас редакторы, Президенттің БАҚ саласындағы сыйлығының лауреаты

Соңғы жаңалықтар

Таразда екі зауыт іске қосылды

Өндіріс • Бүгін, 08:20

Жартастарға жазылған тарих

Көрме • Бүгін, 08:17

Суды үнемдеуге тиянақты көзқарас керек

Қоғам • Бүгін, 08:15

Коммуналдық шаруашылық жүйесін жаңғырту жалғасады

Саясат • Бүгін, 08:12

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:10

Бауырлас елдердің байланысы беки түседі

Саясат • Бүгін, 08:07

Эйфман қойылымы – Астанада

Театр • Бүгін, 08:05

Қазақстан мен Перу арасындағы келісім заңмен бекітілді

Саясат • Бүгін, 08:02

Айға аттанар күн жақын

Әлем • Бүгін, 08:00

Ынтымақтастықты арттыруға ынталы

Саясат • Бүгін, 07:58

Зерлеп тігу шебері

Мирас • Бүгін, 07:55

Симпозиум қатысушыларына құттықтау жолдады

Саясат • Бүгін, 07:53

Парижде ән әуелеткен өрендер

Өнер • Бүгін, 07:50

Астанада 4 және 5 сәуір күндері кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Елорда • Кеше

Наурыз айында дәрі-дәрмектердің бағасы 25%-ға арзандады

Экономика • Кеше

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:120
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Сәуір 2026 09:01
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қайтарылмайтын билетті қайтаруға бола ма заңгер Алматыдағы Канье Уэст концертіне қатысты жағдайды түсіндірді

15 Тамыз 2026 19:25see120

Отандық көкөніс өндірісін арттыру Ауыл партиясының назарында

14 Тамыз 2026 23:08see115

Алматыда алманың жаңа сұрпына Әділет атауы беріледі

15 Тамыз 2026 11:06see114

Қазақстан Президенті Үндістан Премьер министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

15 Тамыз 2026 10:39see114

Жағалаудан 400 метр: Каспийде жас жұп қиын жағдайда қалды

15 Тамыз 2026 23:23see114

Челси , Дастан Сәтбаев және Бернли қазақстандық футболшының ауысуына қатысты пікір білдірді

15 Тамыз 2026 13:28see114

Ислам Махачев UFC тарихында жаңа рекорд орнатты

16 Тамыз 2026 11:48see112

Тоқаев Лихтенштейннің Тақ мұрагерін елдің Ұлттық күнімен құттықтады

15 Тамыз 2026 11:11see111

ҚПЛ: Қайрат пен Жеңіс ірі жеңіске жетті

15 Тамыз 2026 21:54see110

Украинаға қару жарақ жеткізу Ресей сенімін әлсіретуі мүмкін Түркияның бұрынғы атташесі

16 Тамыз 2026 10:07see110

Еңбек, цифрландыру, инфрақұрылым: Әділет партиясы өңірлердегі өзекті мәселелерді талқылады

16 Тамыз 2026 13:08see109

Қатты шаршадым : Рыбакина Торонто финалындағы жеңілісін түсіндірді

15 Тамыз 2026 19:19see104

Персеид жұлдыздары әлем елдерінде қалай көрінді фото

15 Тамыз 2026 18:53see104

Экс депутат Базарбек адам қағып кетті ме? Полиция не дейді

16 Тамыз 2026 17:15see103

Жылу желілері жаңарады

15 Тамыз 2026 04:43see103

Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай Ән ағасы Шәмші челленджі басталды

15 Тамыз 2026 19:16see101

Индонезияда магнитудасы 7,7 болатын жер сілкінісі болды. Кемінде 20 адам қаза тапты

15 Тамыз 2026 13:53see101

Тұрғын үй сертификаты: тетік пе, кетік пе?

15 Тамыз 2026 09:14see99

Алматыда қанша үй газға тегін қосылады әкімдіктің жауабы

16 Тамыз 2026 09:40see98

Кәсіптің кілті гаражда

15 Тамыз 2026 07:46see98
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары