Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Қауіпті ескермеген қатерге ұрынады

Қауіпті ескермеген қатерге ұрынады

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Ералы Ақылбековтің айтуынша, су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында кешенді профилактикалық жұмыстар қолға алыныпты.

– Бүгінде облыс аумағында шомылуға рұқсат етілген 12 орын белгіленген. Бұл аумақтарда тәулік бойы 6 стационарлық және 6 мобильді құтқару жасағы кезекшілік етеді. Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 21 құт­қарушы, 8 жүзу құралы мен 8 арнайы техника жұмыл­дырылған.Шомылу орындарында қызмет атқаратын 12 құтқарушы алғашқы медициналық көмек көрсету және суда құтқару бойынша 40 сағаттық арнайы даярлықтан өткен. 16-19 маусым аралығында облыстағы 7 жазғы сауықтыру лагерінде кешенді профи­лактикалық іс-шаралар ұйымдастырылып, 2 400 оқушы қамтылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда, – дейді Ералы Ақылбеков. 

Шомылу маусымы басталғалы Төтенше жағдайлар департаменті, полиция және жергілікті атқарушы органдар бірлесіп 621 рейд өткізіп отыр. Нәтижесінде, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 364, 412, 440 және 582-бап­тарына сәйкес, 704 азамат әкімшілік жауап­кершілікке тартылған.

Абырой болғанда, биыл қайғылы оқиға тіркелген жоқ. Алайда апат айтып келмейтіні белгілі. Сондықтан қай кезде де сауысқандай сақ болған жөн. Әсіресе, бассейндерге бақылау жұмыстарын күшейткен абзал. Өйткені көптеген бассейндерде қарапайым қауіпсіздік шаралары сақтала бермейді. 

Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары бассейнде демалушылардың қарапайым қауіпсіздік қағидаларын сақтауы аса маңызды екенін айтады. Ең алдымен, балаларды бір сәтке де қараусыз қалдыруға болмайды. Көптеген жазатайым оқиға бірнеше минуттың ішінде болатындықтан, ата-ананың қырағылығы – баланың қауіпсіздігінің басты кепілі.

– Бассейнге түсер алдында міндетті түрде душ қабылдап, арнайы жүзу киімін пайдалану қажет. Тереңдігі белгісіз жерге секіруге, бассейн жиегінде жүгіріп ойнауға, бір-бірін итеруге немесе әзілдеп суға батыруға болмайды. Мұндай әрекеттер ауыр жарақатқа немесе суға кету қаупіне әкелуі мүмкін.

Сондай-ақ  алкогольдік ішімдік ішкен немесе өзін жайсыз сезінген адамдардың суға түсуіне болмайды. Егер суда жүрген кезде бас айналу, аяқ-қолдың тартылуы немесе әлсіздік байқалса, бірден судан шығып, бассейн қызметкерлеріне хабарлау қажет. Ал жүрек-қан тамыр аурулары бар азаматтарға дәрігердің кеңесінсіз ұзақ уақыт суда болмаған жөн, – дейді құтқарушы Әлібек Ардақұлы.

– Жыл сайын жазғы демалыс қарсаңында түсіндіру жұмыстары күшейтіледі. Себебі статистикаға сәйкес, жазғы маусымда су айдын­дарында демалушылардың шамамен 90 пайызын оқушылар мен жасөспірімдер құрайды. Осыған байланысты биыл Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы мен білім бөлімінің ұйымдастыруымен  судағы қауіпсіздік тақыры­бында интерактивті сабақтар өткізілді. Іс-шара барысында төтенше жағдайлар қызметкерлері мен білім бөлімінің әдіскерлері оқушылар мен педагогтарға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді. Кездесуге мектептің 150 оқушысы мен мұғалімдері оффлайн қатысса, қала мектептерінен 2450-ге жуық оқушы онлайн форматта қамтылды. Сонымен қатар мектеп жанындағы лагерьлер ашылғаннан бері қаладағы 40 мектеп лагерінде судағы қауіпсіздік бойынша түсіндіру сабақтары ұйымдастырылды.

Қауіптің алдын алу мақсатында биылғы 1 мамырдан бастап қаладағы су айдындарында күн сайын рейдтік-профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Су айдындарының 11 учаскесіне 25 дана «Суға түсуге тыйым салынады» деген ескерту тақтайшалары орнатылған. Сонымен бірге бекітілген кестеге сәйкес, төтенше жағ­дай­лар басқармасының қызметкерлері күн­де­лікті рейдке шығып, Жедел құтқару жасағы арнайы техникамен тұрақты кезекшілік атқаруда. Бұдан бөлек, қала көшелеріндегі LED экрандарда қауіпсіздік роликтері көр­сетіліп, халық көп жиналатын орындарға 6 ескерту баннері орналастырылған, – дейді Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы­ның инженері, азаматтық қорғау лейтенанты Данияр Аманжол.

Иә, адам өмірінен қымбат еш нәрсе жоқ. Сондықтан бассейнде болсын немесе табиғат аясында болсын, қай жерде демалсаңыз да қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, балаларды қараусыз қалдырмай, тек рұқсат етілген орындарды таңдаған жөн. Өйткені бірсәттік немқұрайдылық орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін.

Саятхан Сатылған, Жамбыл облысы

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:150
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Шілде 2026 06:24
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

23 Қазан 2026 01:28see132

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see115

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see111

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары