Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Қауіпті вирустар мен қызылша 2026 жылғы Әлем чемпионаты алдында Қазақстаннан баратын саяхатшылар не білуі керек

Қауіпті вирустар мен қызылша 2026 жылғы Әлем чемпионаты алдында Қазақстаннан баратын саяхатшылар не білуі керек

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Бірнеше күннен кейін АҚШ, Канада және Мексикада футболдан 2026 жылғы Әлем чемпионаты басталады. Матчтарға әлемнің түкпір-түкпірінен миллиондаған жанкүйер барады деп жоспарланған. Алайда, жарқын эмоциялармен қатар, саяхатшыларды аптап, инфекциялар және денсаулыққа төнетін басқа да қауіптер күтуі мүмкін. Tengri Travel Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығынан сапар алдында неге назар аудару керектігін білді.

Дайындықты неден бастау керек?

Мамандар алдын ала екпелерді тексеріп, жолға дәрі-дәрмек қобдишасын жинауды ұсынады.

"Жол қобдишасына тұрақты түрде қабылданатын дәрі-дәрмектерді, сондай-ақ дәрігер нұсқаулығының көшірмесін салу ұсынылады. Өзіңізбен бірге қорғаныс факторы SPF 30-дан төмен емес күннен қорғайтын крем, жәндіктерге қарсы репеллент, құрамында кемінде 70 пайыз спирті бар қолға арналған антисептик, медициналық бетперде мен алғашқы көмек көрсетудің негізгі құралдарын алған пайдалы", - деп атап өтті орталықтағылар.

Қызылшаға қарсы вакцинацияға ерекше назар аудару ұсынылады. Панамерикалық денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, жыл басынан бері Америка елдерінде аурудың 21 мыңнан астам расталған жағдайы тіркелген. Науқастардың ең көп саны Мексика, АҚШ және Канадада байқалды.

Сондықтан саяхатшыларға қызылшаға, паротитке және қызамыққа қарсы екпелерінің бар екеніне көз жеткізуге кеңес беріледі. Сондай-ақ әр он жыл сайын жасалуы тиіс дифтерияға, сіреспеге және көкжөтелге қарсы ревакцинация мерзімін тексерген жөн.

Егер өзіңіздің екпе мәртебеңізге сенімді болмасаңыз, алдын ала дәрігермен кеңесіңіз. Сонымен қатар төлқұжаттың, визаның, сақтандырудың және билеттердің цифрлық көшірмелерін бұлттық сервисте немесе электрондық поштада сақтау ұсынылады.

Неден сақтану керек?

Орталық мамандары шетелде болған кезде сақтану қажет бірнеше негізгі қауіп-қатерді атап өтті.

Аптап ыстық

Көптеген жанкүйер үшін ауа температурасының жоғары болуы негізгі қауіп факторына айналады.

"Күн астында ұзақ уақыт болу ағзаның сусыздануына, ыстықтан әлсіреуге және күн өтуге әкелуі мүмкін. Бұл әсіресе матчтарды күту, фан-зоналарға бару және қалада ұзақ уақыт серуендеу кезінде өзекті", - деп атап өтті орталықтағылар.

Күн астында ыстық өтпеуі үшін Ұлттық орталық мамандары көлеңкеде көбірек болуға, суды молынан ішуге және аптап кезінде белсенді әрекеттермен айналыспауға кеңес береді. Серуендеу үшін жеңіл, ашық түсті киім таңдаған дұрыс, сондай-ақ бас киімді, күннен қорғайтын көзілдірікті және әр 2 сағат сайын жаңартып тұру керек күннен қорғайтын кремді ұмытпаған жөн.

Лас су мен тағам

Құбыр суына абай болу керек. Ол барлық елде бірдей таза болмауы мүмкін.

"АҚШ пен Канадада құбыр суы, әдетте, ішуге қауіпсіз. Мексикада тіс тазалау үшін де бөтелкедегі суды пайдаланған абзал", - деп түсіндірді орталықтағылар.

Сондай-ақ саяхатшыларға тек жаңа піскен тағамды таңдап, салқындатылмай ұзақ уақыт тұрған өнімдерден аулақ болуға кеңес беріледі.

"Тек жаңа дайындалған, толық термиялық өңдеуден өткен тағамды тұтыну керек және бөлме температурасында ұзақ уақыт тұрған өнімдерден сақ болу қажет", - деді Ұлттық орталықтағылар.

Егер сапар кезінде іш өту, құсу, қызба немесе іштің ауыруы пайда болса, сұйықтық тұтынуды арттырып, медициналық көмекке жүгіну қажет.

Адамдар көп жиналатын жерлердегі инфекциялар

Орталық мәліметінше, бір жерде адамдардың көп жиналуы вирусты жұқтыру қаупін айтарлықтай арттырады.

"Стадиондар, фан-аймақтар, қоғамдық көліктер, әуежайлар және адамдар көп жиналатын басқа да орындар респираторлық инфекциялардың, соның ішінде тұмаудың, COVID-19 және басқа да жедел респираторлық вирустық инфекциялардың таралуына ықпал етуі мүмкін", - деп түсіндірді мамандар.

Жұқтыру қаупін азайту үшін мамандар мыналарды ұсынады:

қолды тұрақты түрде сабынмен жуу немесе антисептик қолдану; жуылмаған қолмен көзге, мұрынға және ауызға тиіспеу; мүмкіндігінше респираторлық ауру белгілері (жөтел, мұрын бітелуі, түшкіру) бар адамдардан қашықтықты сақтау; адамдар көп жиналатын жерлерде, әсіресе ауру белгілері болған жағдайда, медициналық маска тағу; жөтелгенде немесе түшкіргенде ауыз бен мұрынды майлықпен немесе шынтақпен жабу; иммунитетті сақтау үшін толыққанды ұйқыны, демалысты және жеткілікті мөлшерде сұйықтық ішуді қамтамасыз ету. Жәндіктер мен масалардың шағуы

Мамандар Мексиканың кейбір аймақтарына, соның ішінде туристер арасында танымал Кинтана-Роо штатына баруға ерекше назар аударды.

Онда маса шағуы арқылы берілетін инфекцияларды жұқтыру қаупі бар. Мәселе Денге безгегі, Зика вирусы және Чикунгунья қызбасы туралы болып отыр.

Панамерикалық денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері денге безгегінің 1 миллионға жуық және чикунгуньяның 144 мыңнан астам жағдайы тіркелді.

Денге безгегі дене қызуының көтерілуіне, бастың және бұлшықеттердің қатты ауырсынуына соқтырады. Ауыр жағдайларда қауіпті қан кетулерге әкеп соғуы мүмкін. Зика вирусы дене қызуының көтерілуімен, бөртпемен және буындардың ауырсынуымен сипатталады. Бұл вирус ұрықтың дамуындағы ауыр кемістіктер қаупіне байланысты аяғы ауыр әйелдер үшін өте қауіпті. Чикунгунья дене қызуының көтерілуін және буындардың айқын ауырсынуын тудырады, бұл аурудан айыққаннан кейін де бірнеше апта, тіпті бірнеше айға созылуы мүмкін.

Мамандар қазақстандықтардың көпшілігі үшін бұл инфекциялар эндемиялық болып саналатынын, сондықтан оларға қарсы иммунитет жоқ екенін ескертеді.

Қорғану үшін репелленттерді пайдалану, жабық киім кию және кешкі әрі таңғы уақытта жәндіктер көп жиналатын жерлерден аулақ болу ұсынылады.

Оралғаннан кейін не нәрсеге назар аудару қажет?

Мамандардың айтуынша, кейбір инфекциялық аурулар бірден емес, оралғаннан кейін бірнеше күн немесе птадан соң білінуі мүмкін, сондықтан саяхатшылар мына жайттарды есте сақтауы тиіс:

денсаулығыңызды бақылаңыз. Инфекциялар бірден емес, оралғаннан кейін бірнеше күн немесе аптадан соң көрініс табуы мүмкін; денсаулығыңыз сыр берсе, дереу дәрігерге көрініңіз. Егер дене қызуыңыз көтерілсе, жөтел, бөртпе пайда болса, бұлшықеттеріңіз ауырса немесе лимфа түйіндері ісінсе, дәрігер шақырыңыз. Міндетті түрде футболдан Әлем чемпионатынан келгеніңізді айтып, болған елдеріңіздің бәрін тізіп беріңіз; инкубациялық кезең туралы ұмытпаңыз. Зика мен денге белгілері әдетте екі апта ішінде, қызылша 14 күнге дейін, ал маймыл шешегі 21 күнге дейін білінеді; жаңалықтарды оқи беріңіз. Инфекцияның ықтимал өршуі туралы уақытылы біліп отыру үшін денсаулық сақтау органдары мен турнир ұйымдастырушыларының ресми хабарламаларын біраз уақыт бақылап отырған пайдалы. Әлем чемпионаты туралы не белгілі?

Футболдан 2026 жылғы Әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Мексика және Канадада өтеді және тарихтағы ең ауқымды турнир болмақ. Оған алғаш рет 48 ұлттық құрама қатысады, ұйымдастырушылардың болжамы бойынша, матчтарға 6,5 миллионнан астам жанкүйер келеді.

Instagram-дағы бұл жазбаны көру

A post shared by FIFA World Cup (@fifaworldcup)

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:76
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Маусым 2026 10:51
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see139

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see139

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see137

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see136

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see136

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see135

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see135

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see134

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see133

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see130

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see128

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see127

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see127

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see120

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see119

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see117

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see117

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see116

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see116

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары