Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Қызылша неге қауіпті және баланы инфекциядан қалай қорғау керек

Қызылша неге қауіпті және баланы инфекциядан қалай қорғау керек

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Аурудың белгілерін қалай білуге және баланы қалай қорғауға болатыны туралы Алматыдағы №36 қалалық емхананың инфекционист дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты Жанат Досбаева айтып берді. Маманның айтуынша, науқаспен байланыста болған жағдайда екпе алмаған адамның жұқтыру ықтималдығы шамамен 100% жуық.

Науқаспен байланыстан кейін алғашқы белгілер пайда болғанға дейін 7-21 күнге дейін инкубациялық кезең өтеді. Ауру бірнеше кезеңмен дамиды. Бірнеше күнге созылатын продромальды кезеңде баланың дене қызуы 38-40 градусқа дейін көтеріледі, әлсіздік байқалады, мұрыннан су ағып, құрғақ жөтел пайда болады, көз қызарып, жарыққа сезімталдық артады. Қызылшаға тән негізгі белгілердің бірі – ұрттың шырышты қабығында пайда болатын Бельский-Филатов-Коплик дақтары, яғни қызыл жиекті ұсақ ақ нүктелер.

Келесі кезеңде бөртпе пайда болады. Әуелі ол бетте және құлақтың артына шығып, кейін біртіндеп бүкіл денеге тарайды. Бұл кезде дене қызуы 39-40 градусқа дейін көтерілуі мүмкін, улану белгілері күшейеді. Сауығу кезеңінде бөртпе біртіндеп жоғалады, алайда теріде уақытша пигментация мен қабыршақтану сақталуы мүмкін. Аурудан кейін екі-үш апта бойы иммунитет әлсірейді, сондықтан ағза басқа инфекцияларға осал болады.

Қызылша ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін. Олардың қатарында осы аурудан болатын өлім-жітімнің негізгі себептерінің бірі саналатын пневмония, ми қабынуы – энцефалит, есту қабілетінің төмендеуіне әкелуі мүмкін отит, сондай-ақ ларингит, трахеит және бронхит сияқты тыныс жолдарының аурулары бар.

Жанат Досбаеваның сөзінше, қызылша вирустық инфекция болғандықтан, оған қарсы арнайы дәрі жоқ.

– Емдеу негізінен ауру белгілерін жеңілдетуге және асқынулардың алдын алуға бағытталады. Баланың төсекте тынығуын қамтамасыз етіп, бөлмені жиі желдетіп, ауаны ылғалдандырып және суды көп ішкізген жөн. Жарыққа сезімталдық болған жағдайда бөлмеде жарықты бәсеңдеткен дұрыс. Дәрігердің нұсқауымен қызу түсіретін дәрілер, антигистаминдік препараттар және А дәрумені қолданылуы мүмкін. Антибиотиктер қызылша вирусына әсер етпейді және тек бактериялық асқынулар пайда болған жағдайда ғана тағайындалады, - дейді ол.

Бала қызылшамен ауырған адаммен байланыста болса, оны балабақшаға, мектепке және қоғамдық орындарға апармау қажет. Дәрігерді үйге шақырып, баланың дене қызуын және жалпы жағдайын бақылап, инфекцияның таралуын болдырмау үшін оны басқа балалардан уақытша оқшаулау маңызды.

Қызылшаның алдын алудың ең сенімді жолы – вакцинация. Екпе қызылша, паротит және қызамықтан қорғайтын біріктірілген ҚҚП вакцинасының құрамына кіреді. Вакцина балаларға 1 жаста және 6 жаста салынады. Екі доза вакцина 97%-ға дейін қорғаныс қалыптастырып, тұрақты иммунитет береді. Екпеден кейін кей жағдайда дене қызуының аздап көтерілуі немесе қысқа мерзімді бөртпе сынды ағзаның жеңіл реакциялары байқалуы мүмкін.

Маманның айтуынша, кейбір ата-аналар діни көзқарастарға байланысты немесе әлеуметтік желілердегі жалған ақпараттың әсерінен вакцинадан бас тартады.

– Сондай-ақ екпе аутизмге әкеледі деген жаңсақ пікір де бар. Алайда аутизм белгілері әрдайым бірден байқалмайды, сондықтан диагноз кейін қойылған кезде кейбір ата-аналар оны бұрын жасалған вакцинамен байланыстырып, қателеседі, - дейді Жанат Досбаева.

Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы қабылданған. Құжатқа сәйкес қызылша, қызамық және паротитке қарсы вакцинация 6 айдан 10 ай 29 күнге дейінгі балаларға, екпе алмаған 2-5 және 7-18 жастағы балаларға, сондай-ақ екпе алмаған 30 жасқа дейінгі медицина қызметкерлері мен денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлеріне жүргізіледі.

Вакцинация егілетін адамның немесе оның заңды өкілінің ақпараттандырылған келісімі алынғаннан кейін ғана салынады.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда жыл басынан бері қызылша жұқтырған 591 адам тіркелгенін жазғанбыз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:151
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Наурыз 2026 15:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары