Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл партиясы өндірушілер тәжірибесін мемлекеттік қолдауда ескеруді ұсынды

Жас ғалымдар мәрмәр қой етін өндіру технологиясын әзірледі

Мектеп сөмкесі бала салмағының 10% нан аспауы тиіс министрлік

Қазақстанда eGov 3.0 порталының жаңа нұсқасы іске қосылды

Қазақстанда ипотеканы кімдер жиі рәсімдейді Отбасы банк статистикасы

Qalqan медициналық қызметтерді тексеру мен төлемді бірыңғай цифрлық жүйеге біріктіреді

Ақ жол партиясы Жана Роса кәсіпорынның жұмысымен танысты

Магистратура гранттары 2026 құжаттарды қалай тапсыру керек және қандай мерзімдерді жіберіп алмау қажет

Биологиялық қоспаларды таңбалау ережелері бекітілді

Астанада газ желілеріне қосылу онлайн форматқа көшті

“Ел өміріндегі маңызды оқиға болмақ“ Тоқаев Құрылтай сайлауы туралы

Қазақстандық қақпашы Покатилов УЕФА Чемпиондар лигасының плей офф кезеңінде ойнайды

eGov бұзылған жоқ : министрлік 15 миллион азаматтың жеке дерегі тарағанын жоққа шығарды

Орталық Азия экономикасының жартысынан астамы Қазақстанға тиесілі

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова қызының бір жасқа толған тойын жасады (видео)

Имантау көлінде қиын жағдайға тап болған Ресейдің төрт азаматы құтқарылды

Шекара шебіндегі өндіріс серпіні

Дәрігерлер отадан кейін қазақстандықтың денесінде зат қалдырып кеткен

Еңбек министрлігінде мүгедектік неге әртүрлі мерзімге белгіленетіні түсіндірілді

Астанада полицейлер алтын әшекейлер ұрлаған күдіктіні қолға түсірді

Баланы 1 сыныпқа психологиялық тұрғыда қалай дайындау керек

Баланы 1 сыныпқа психологиялық тұрғыда қалай дайындау керек

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

АСТАНА, 13 тамыз – Sputnik. Биыл Қазақстанда 380 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады. Осындай маңызды әрі жауапты кезеңде ата-аналардың көбі балаға қажетті оқу құралдарын алып берумен міндетіміз аяқталды деп ойлайды. Қалғанын педагогтерге тапсырады. Алайда баланы бірінші сыныпқа бермес бұрын оны психологиялық тұрғыда дайындау да аса маңызды. Себебі баланың жаңа ортаға тез әрі сәтті бейімделуі осыған тікелей байланысты.

Sputnik Қазақстан "Өркен" балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының мамандары әзірлеген негізгі кеңестерді ұсынады.

"Жұрттың баласы" үлгі емес

Психолог Әйгерім Дәулетқызының айтуынша, алдымен баланың санасында мектеп туралы жағымды әрі қызықты түсінік қалыптастыру қажет.

"Оған мектепті көптеген жаңа нәрсені білуге, жақсы достар табуға және қызықты дүниелерді үйренуге болатын керемет орта ретінде суреттеп беріңіз. Баланы қорқытып-үркітуден және оны басқа балалармен салыстырудан аулақ болыңыз. Өзіне сенімді, бойында қорқынышы жоқ бала жаңа ортаға әлдеқайда жеңіл бейімделеді", – дейді Дәулетқызы.

Баланың өзіне деген сенімін арттыру үшін "Сенің қолыңнан міндетті түрде келеді!", "Біз саған сенеміз!", "Егер бірдеңе ойдағыдай болмай қалса, біз оны міндетті түрде бірге шешеміз" деген сөздерді айтып отырған жөн.

"Баланы дербестікке, өздігінен әрекет етуге баулыңыз. Бұл қасиет оның мектепте өзін еркін әрі сенімді сезінуіне көмектеседі", – деп атап өтті психолог.

Бала 1-сыныпқа дейін нені білуі керек?

Мектепке баратын бала бірнеше маңызды әрекетті өздігінен орындай алуы керек. Атап айтқанда:

өз бетінше киініп, аяқ киімін кие алу;

өз заттарын жинақы ұстау;

ересектердің көмегімен мектеп сөмкесін жинау;

жеке гигиена ережелерін сақтау;

өз жұмыс орнын жинап, тазалықты сақтау.

Баланы дұрыс қарым-қатынас құруға және достасуға да үйреткен дұрыс. Ол сыныптастарымен қалай танысу керектігін, мұғалімге сыпайы тіл қатуды, қажет кезде көмек сұрауды, келісімге келуді және кішігірім келіспеушіліктерді сабырмен шешуді білуі керек.

"Ештеңе етпейді" деп айта бермеңіз

Балаға өз сезімдерін түсінуге көмектесу де маңызды. Ол қуаныш, уайым, ашу сияқты эмоциялары туралы ашық айта алса, ішкі қобалжуымен оңайырақ күреседі.

"Егер бала мектепке барар алдында қобалжыса, оған: "Қорықпа", "Ештеңе етпейді", "Бәрі де бір кездері бірінші сыныпқа барады ғой" деп айтудың қажеті жоқ. Оның орнына: "Сен бір нәрсеге уайымдап тұрсың ба?", "Сені не мазалап тұр?", "Мен саған қалай көмектесе аламын?" деп сұраған абзал. Жайбарақат, байсалды әңгіме алаңдаушылықты сейілтуге жақсы көмектеседі", – дейді психолог Әйгерім Дәулетқызы.

Бұдан бөлек, бала жеке шекарасын қорғай білуі керек. Негізгі ережелер:

ешкімнің оған тиісіп, ренжітуіне жол бермеу;

мазаққа немесе қорқытуға төзбеу;

кез келген уақытта мұғалімнен немесе ата-анасынан көмек сұрауға болатынын білу;

жағымсыз жағдайларда батыл түрде "Жоқ!" деп айту қалыпты екенін түсіну.

Бала ересектердің кез келген уақытта оған көмекке келіп, қорғауға дайын екеніне нық сенімді болуы керек.

Мектеп режиміне қалай үйрету керек?

1 қыркүйекке 2-3 апта қалғанда баланы біртіндеп мектеп режиміне үйреткен дұрыс.

баланы ертерек жатқызу;

таңертең мектепке баратын уақытқа сәйкес ояту;

тамақтану режимін сақтау;

сабақ оқу мен демалысты кезектестіріп отыру.

Мұның барлығы баланың ағзасының мектеп кестесіне жеңіл әрі тез бейімделуіне көмектеседі.

Сондай-ақ баланың білімге деген қызығушылығын қолдап отырған жөн.

"Баламен бірге кітап оқыңыз, балаларға және отбасына арналған фильмдер көріңіз, оқыған және көрген дүниелеріңізді талқылаңыз, үстел ойындарын ойнаңыз, қоршаған ортаны тани отырып, бірге серуендеңіз", – деп атап өтті психолог.

Басты мақсат – баланы қандай да бір іспен күштеп айналысуға мәжбүрлеу емес, оның бойындағы жаңа нәрсені танып-білуге деген табиғи құштарлығын сақтап қалу.

Қателік жасауға болады

Баланың қателікке деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру да аса маңызды. Балаға қателесу оқу процесі мен жалпы өмірдің заңды әрі табиғи бөлігі екенін түсіндіру керек. Сонда ол сабақта жауап беруге немесе жаңа нәрсені байқап көруге қорықпайды.

Оқу жылы басталар алдында баланың экран алдында өткізетін уақытын шектеген дұрыс. Телефон, планшет және теледидарға бөлінетін уақытты біртіндеп азайтуға болады. Гаджеттердің орнына уақытты мынадай пайдалы істерге арнауды ұсынуға болады:

серуендеу;

үстел ойындарын ойнау;

шығармашылықпен айналысу;

кітап оқу;

отбасымен бірге уақыт өткізу.

Мұның барлығы баланың зейінін, есте сақтау қабілетін және ұйқы сапасын жақсартуға көмектеседі.

Зейінді дамыту жолдары

Мектепке дейін баланың зейіні мен табандылығын дамыту қажет. Ол үшін күн сайын 15-20 минут бойы нақты бір іспен айналысуға дағдыландырған жөн.

сурет салу;

ермексаздан мүсін жасау;

құрастыру;

пазл жинау;

дауыстап кітап оқу.

Бұл дағдылар баланың 1-сыныптағы оқуын едәуір жеңілдетеді.

Цифрлық қауіпсіздікті де естен шығармаған абзал. Бала бейтаныс адамдарға жеке ақпаратын бермеу, белгісіз сілтемелерге өтпеу сияқты негізгі ережелерді білуі керек. Ал интернеттегі қандай да бір нәрсе оны ұялтса, мазасын қашырса немесе қорқытса, бұл туралы дереу ересектерге айтуы қажет.

Негізгі мәселелер

Әйгерім Дәулетқызының айтуынша, алғашқы оқу жылында баланы хат тануға және мүдірмей оқуға мінсіз дайындағаннан гөрі, оның жан дүниесінің жайлылығы мен эмоционалдық әл-ауқатына көңіл бөлу әлдеқайда маңызды.

"Мектеп ортасына бейімделуге психологиялық тұрғыдан толық дайын бала дегеніміз – бәрінен жылдам оқитын немесе күрделі есептерді оңай шығаратын бала емес. Бұл – өзіне сенетін, өзгелермен тез тіл табыса алатын, өз сезімдерінің құнды екенін түсінетін, қателік жіберуден қорықпайтын және үлкендердің жылы демеуін әрдайым сезінетін бала", – дейді психолог.

Осы орайда бірнеше маңызды мәселеге мән берген жөн:

баланы өздігінен әрекет етуге және жауапкершілік алуға баулу;

құрдастарымен де, үлкендермен де ашық әрі еркін тіл табыса білуіне жағдай жасау;

күн тәртібін сақтап, толыққанды тынығуын қамтамасыз ету;

гаджеттерді шектен тыс қолданбауын қадағалау;

есте сақтау және өзін-өзі бақылау қабілеттерін дамыту.

Ал ата-ананың мұғалімдермен тұрақты байланыста болуы баланың жаңа ортаны жатырқамай, оған тез бейімделуіне септігін тигізеді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:103
embedДереккөз:https://sputnik.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Тамыз 2026 13:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл партиясы өндірушілер тәжірибесін мемлекеттік қолдауда ескеруді ұсынды

11 Тамыз 2026 22:12see121

Жас ғалымдар мәрмәр қой етін өндіру технологиясын әзірледі

11 Тамыз 2026 15:05see121

Мектеп сөмкесі бала салмағының 10% нан аспауы тиіс министрлік

11 Тамыз 2026 22:14see121

Қазақстанда eGov 3.0 порталының жаңа нұсқасы іске қосылды

11 Тамыз 2026 15:05see119

Қазақстанда ипотеканы кімдер жиі рәсімдейді Отбасы банк статистикасы

11 Тамыз 2026 16:40see117

Qalqan медициналық қызметтерді тексеру мен төлемді бірыңғай цифрлық жүйеге біріктіреді

12 Тамыз 2026 11:23see115

Ақ жол партиясы Жана Роса кәсіпорынның жұмысымен танысты

12 Тамыз 2026 22:15see114

Магистратура гранттары 2026 құжаттарды қалай тапсыру керек және қандай мерзімдерді жіберіп алмау қажет

12 Тамыз 2026 16:23see114

Биологиялық қоспаларды таңбалау ережелері бекітілді

11 Тамыз 2026 15:50see114

Астанада газ желілеріне қосылу онлайн форматқа көшті

12 Тамыз 2026 13:53see114

“Ел өміріндегі маңызды оқиға болмақ“ Тоқаев Құрылтай сайлауы туралы

12 Тамыз 2026 15:13see113

Қазақстандық қақпашы Покатилов УЕФА Чемпиондар лигасының плей офф кезеңінде ойнайды

12 Тамыз 2026 16:27see113

eGov бұзылған жоқ : министрлік 15 миллион азаматтың жеке дерегі тарағанын жоққа шығарды

12 Тамыз 2026 19:42see113

Орталық Азия экономикасының жартысынан астамы Қазақстанға тиесілі

11 Тамыз 2026 18:36see110

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова қызының бір жасқа толған тойын жасады (видео)

13 Тамыз 2026 01:01see110

Имантау көлінде қиын жағдайға тап болған Ресейдің төрт азаматы құтқарылды

12 Тамыз 2026 23:00see110

Шекара шебіндегі өндіріс серпіні

13 Тамыз 2026 04:41see108

Дәрігерлер отадан кейін қазақстандықтың денесінде зат қалдырып кеткен

13 Тамыз 2026 10:29see106

Еңбек министрлігінде мүгедектік неге әртүрлі мерзімге белгіленетіні түсіндірілді

12 Тамыз 2026 08:00see106

Астанада полицейлер алтын әшекейлер ұрлаған күдіктіні қолға түсірді

13 Тамыз 2026 10:13see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары