Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Атырау көпірі Гиннес рекордтар кітабында: ақиқат па, аңыз ба?

Қазақстанда Бас прокурор мен облыс прокурорларына жаңа өкілеттіктер берілмек

Алматының 16 оқушысы халықаралық олимпиададан түгел жүлдемен оралды

Сәтбаевта стадионды бүлдірген балалардың ата аналары жауапқа тартылады

​КамАЗ дың тежегіші істен шықты: жүргізуші Маңғыстаудағы жолда амалсыз жартасқа соғылды

ЖИ саласындағы Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығы ПХЭФ алаңында талқыланды

​Атырауда Керемет паркі лаулап жанды

Қазақстанда полиция мен армияның қатысуымен ауқымды операция басталды

Мұхамедиұлымен байланысты компаниядан 1,3 млрд теңгенің активі мемлекетке қайтарылды

Ғалымдар жойқын магниттік дауыл туралы ескертті

Баласы бар сотталған азаматтарға жеңілдіктер беріледі заңға түзету енгізілді

Ұлттық банк төрағасы базалық мөлшерлеме төмендегеннен кейін жылжымайтын мүлікке салынатын инвестицияларды бағалады

Олжас Бектенов: Агробизнес ауылда тұрақты жұмыс орындарын құруы тиіс

Президент Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы айтты

Пакетке салып, қоқысқа тастады : Атырауда мысық пен безектердің тағдырына байланысты дау туды

​Каспийде жыл басынан бері 32 ші жер сілкінісі болды

ЖСН, телефондар мен мекенжайлар: коллекторлардан барлық дерлік қазақстандықтардың деректері бар база табылды

Зейнетақы жинақтарын алуға неліктен рұқсат берілді және жеткіліктілік шегі не үшін көтеріліп жатыр Ұлттық банк басшысы түсіндірді

Елімізде 34 градусқа дейін ыстық болады

Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді

Қазақ әйелдерінің шежіресі

Қазақ әйелдерінің шежіресі

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Биыл қыз-келіншектерге арналған алғашқы қазақ басылымы «Әйел теңдігі» журналының жарық көргеніне 100 жыл толды. Журналдың алғашқы саны 1926 жылғы қаңтар айында сол кездегі астана – Қызылорда қаласында басылды.

Коллажды жасаған – Алмас МАНАП, «EQ»

Басылымның алғашқы редакторы болып «Тілші» газетінде ысы­­лып, әйел­дерге арналған «Теңдік», «Азат әйел» газеттері мен «Жетісу әйелі» журналын шы­ғар­ған тәжірибелі журналист Сара Есова тағайындалды. Ол бұл қызметті 1932 жылға дейін атқарды. 1925 жылы Орынбордағы Қазақ өлкелік партия комитеті жанындағы әйелдер бөлімі «Теңдік» газетін ашқан еді. Бар-жоғы 7 саны ғана шықты да, ел астанасы Орынбордан Қызылордаға ауысқан соң, осы газеттің орнын «Әйел теңдігі» журналы басты.

Алғашқы кезде журнал жұ­мысына Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатұлы, Жүсіпбек Аймауытов, т.б. Алаш қайрат­кер­лері автор ретінде атсалыс­ты. Сонымен қатар Нәзипа Құлжанова, Аққағаз Досжанова да журналға мақала жазып, әйел денсаулығы, бала тәрбиесіне қатысты мазмұнды мақалаларын жария­лады. Журналдан мәде­ниет, әдебиет тақырыбы да шет қалған жоқ. 1926 жылғы №12-13 санына ақын Иса Байзақовтың:

Алдырсын әйелдер де елде жатқан,

Неше жыл надандықтың зарын тартқан.

Жазылыңдар, бұл журнал сендердікі,

Теңдіктерің сарғайып зорға тапқан,

– деп жыр-шашуы жарияланды.

Ол кезде журнал шығару оңай жұмыс емес еді. Сара Есова бір сұхбатында: «...Бәрін жоқтан бар етіп, қолдан жасадық. Қазақта талантты қыздар аз болған жоқ. Бірақ солардың суырылып шыға қоюы екіталай еді. Тап сол жылдары ерте көз жұмған қазақтың дүлдүл ақын қызы Шолпан Иманбаеваның өлеңдерін жинап, жарыққа шығарғаным әлі есімде. Қазіргі үлкен ақынымыз Мәриям Хәкімжанованы журнал редакциясына қызметке шақырып, халыққа танылуына, талантының ашылуына тікелей ықпал жасадық. Сондағы менің ақыл-кеңесшілерім, сүйеніштерім – Алма Оразбаева, Нағима Ары­қо­ва, Нәзипа Құлжанова сынды оқығаны, тоқығаны көп интел­лигент әйелдер болды», деді («Алғашқы қарлығаштар», Алматы, «Қазақстан», 1993 жыл). Осын­дай қолдаушыларының арқа­сында Сара «Әйел теңдігін» қыз-келіншектер қызыға оқитын маз­мұнды басылымға айналдырды.

Сонымен қатар журнал бетінде қалыңмал, әмеңгерлік, т.б. өзекті мәселелер көтеріліп, қазақ әйелдерінің қоғамдық өмірге араласуы жиі жазылды. Мәселен, Алма Тұрсынбайқызы 1928 жылғы №3 санда жарияланған мақаласында: «...Осы күні өлкелік әйелдер курсында оқып жүрмін. Өзім күңдік көрген, езілген әйелдің ортасынан білім іздеп шыққандықтан, ендігі алған білімімді бұқара әйелдер ортасына тартпақпын», деп жазса, тағы бір нөмірде Мүбина Танашеваны оқырманға таныстырып: «1928 жылдың октәбірінен берлі РСПСР-дың Жоғарғы сотының қазақ бөлімінде алқа мүшесі болып қызмет етеді. Мүбина жолдас 28 жылдан берлі партия мүшесі»,  деп жазды.

Сарадан кейін журналды екі жылдай Нұржамал Саналиева шығарды. Ал 1934 жылдан бас­тап газеттің басшылығына өзі айтқан сүйеніштерінің бірі Нағима Арықова келді. Ол журналды 1937 жылдың соңына дейін басқарып, басылымның таралымын 5 мыңнан 30 мыңға дейін жеткізді. Нағима редактор болған тұста, 1935 жылы журнал атауы «Сталин жолы» болып өзгеріп, басылымның бағыты колхозшы-жұмысшы әйелдер тақырыбына қарай ойысты. Партия насихатынан бөлек журналда заң, денсаулық, әдебиет, өнер, білім тақырыптары да жиі жазылды. Басылымға Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов секілді қаламгерлер жиі жазып, атсалысып тұрды. Атап айтсақ, Ғабиттің «Жайлау жолында», Бейімбеттің «Күлегеш жеңгей», Ілиястың «Бақытты Жамал», Сәбиттің «Достар» секілді жаңа туындылары журналдың бір­­неше санына жалғасып жария­лан­ды.

«Сталин жолының» 1936 жылғы №2 санына журналдың 10 жасқа толуына орай Ілияс Жансүгіровтің:

Азат қазақ әйелі,

Құтты болсын жорналың.

Жорналыңа жыр жазып,

Сізге сәлем жолдадым, деп келетін өлеңі жарияланса, осы нөмірде Сәкен Сейфуллиннің «Жұбату» деген мақаласы басылды. Сәкен осы мақаласы арқылы қазақ қыздарын: «...Жылама, тый көзіңнің жасын! Өтер қайғылы қара түн! Міне, рауандаған таң белгісі! Ашылар бақытың. Зұлмат қара түнді қуып, жарқырап таң атар!» деп жұбатты.

Журнал қазақтың талантты, талапты қыздарын қолдаудан да кенде қалмады. 1936 жылы КСРО-ның Халық әртісі атағын алуына орай журналдың №4 санының мұқабасына атақты әнші Күләш Байсейітованың суреті басылды. Сондай-ақ журналда әнші жа­йында «Күләш – қазақ театрының көркі» деген мақала жарияланды. Сондай-ақ осы нөмірде Жақан Сыздықовтың Күләшқа арналған «Таң бұлбұлы» деген өлеңі басылды. Сол секілді Шара Жиенқұлова «Құрмет белгісі» орденін алған кезде №5 санға биші қызға арналған «Біздің Шара» деген өлең жарияланды. Ал журналдың №6 санының мұқабасына қазақ инженері Мәдина Бегалиеваның суретін басып, оқырманға таныс­тырды.

1938–1941 жылдары басылым тізгінін ақын қыз Мәриям Бектембекова қолына алды. Бұл кезде де өндіріс, мәдениет, т.б. салаларда нәтижелі қызмет етіп жүрген қазақ әйелдері жиі насихатталды. Журналдың 1938 жылы 8 наурыз мерекесіне арналған №3 санының мұқабасына күйші Дина Нұрпейісованың суреті басылды. Сонымен қатар осы санда дарынды домбырашы жайында жазылған «Қайта туған Дина» деген көлемді мақала жарияланды. Ал одан кейінгі №4 санның мұқабасына жыр алыбы Жамбылдың суреті басылып, Дина, Күләш бастаған қазақтың өнерпаз әйелдерінің «Ардақты Жамбылға» деген ақ тілегі жарық көрді. Ал 1941 жылғы №2 санда Ахмет Жұбановтың әнші Майра Уәлиқызы туралы «Майра» деген мақаласы шықты. Журналдың тағы бір санына Ахметтің Күләш Байсейітова тура­лы жазған «Күләш» мақаласы жарияланды.

1941–1949 жылдары соғыс жағдайына байланысты журнал шығуын уақытша тоқтатты. Ал 1950 жылдан бастап «Сталин жолы» оқырманымен қайта қауыш­ты. 1950–1988 жылдары жур­нал редакторы қызметін Хасиба Сейітқазиева, Әтина Жәкетова, Мәрия Қарақунақова атқарды. 1956 жылғы қаңтар айында журнал атауы «Қазақстан әйелдері» болып өзгерді.

Журналда әр жылдары жа­уап­ты хатшы болып Мәриям Хәкім­жа­нова, Ләзиза Серғазина да ең­бек етті. Журналдың 1950 жылғы №1 санында Мәриямның әнші Роза Бағланова туралы «Біздің Роза» мақаласы, №4 санында Шолпан Иманбаеваның 45 жылдығына арналған «Шолпан ақын», 1951 жылғы №1-2 сандарына Мәншүк Мәметова туралы «Батыр даңқы өшпейді», т.б. мақалалары жария­лады. Сонымен қатар басылымға Мұхтар Әуезовтің «Ақын аға» және Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Курляндия» романдарынан үзінді, Бердібек Соқпақбаевтың «Баланы алдауға болмайды», Хамит Ерғалиевтің «Біздің үй­дің адамдары» әңгімелері, Қалижан Бекхожиннің «Мәриям Жагорқызы» поэмасы, т.б. шы­ғар­­малар басылды. Сейітжан Омаровтың Хиуаз Доспанова тура­лы «Өмір өсірген қыз» очеркі 1950 жылғы №10 санына шық­ты. Журналда сонымен қатар Хиуаз­дың өзі жазған мақалалар да жария­ланып тұрды.

«Әйел теңдігі» журналының қазақ баспасөзі тарихындағы орны бөлек. Себебі басылым қыз-келін­шек­тердің әлеуметтік санасын оятып, оқу-білімге шақырып, әйел­дердің қоғамдағы рөлін өзгер­туге атсалысты. Сондықтан жүзжыл­­­дық тарихы бар басылымды, оның шы­ғарушылары мен авторларын, сондай-ақ олардың қаламынан туған құнды жазбаларды келешекте зерттеп-зерделей түсу қажет.

Соңғы жаңалықтар

Шаршы тақтаның шаһбазы

Шахмат • Бүгін, 09:00

Ауылдан шыққан әлем чемпионы

Спорт • Бүгін, 08:55

Шекісудің де қайыры бар

Спорт • Бүгін, 08:50

Жерлесіміздің 20 жетістігі

Спорт • Бүгін, 08:45

Көпбалалы отбасы қуанышы

Қоғам • Бүгін, 08:40

Нәрестені ширатқан орталық

Аймақтар • Бүгін, 08:35

Көптің аманатын арқалаған

Әйел әлемі • Бүгін, 08:30

Атриенің тұңғыш кітабы

Әйел әлемі • Бүгін, 08:25

«Amazon»-да жұмыс істейді

Әйел әлемі • Бүгін, 08:20

Өз ісінің маманы

Әйел әлемі • Бүгін, 08:15

Гүл сыйлау әдебі

Қоғам • Бүгін, 08:10

Аудармашының еселі еңбегі

Қоғам • Бүгін, 08:05

Серіктестік сұлуларына ілтипат

Мереке • Бүгін, 08:00

Қазақстан құрамасы дзюдодан Австриядағы Гран-придің алғашқы күнінде бір қола медаль жеңіп алды

Қазақстан • Кеше

АҚШ Ирандағы мектепке жасалған соққыға қатысы бар екенін мойындады

Әлем • Кеше

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:132
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Наурыз 2026 09:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Атырау көпірі Гиннес рекордтар кітабында: ақиқат па, аңыз ба?

04 Маусым 2026 14:26see116

Қазақстанда Бас прокурор мен облыс прокурорларына жаңа өкілеттіктер берілмек

04 Маусым 2026 13:06see116

Алматының 16 оқушысы халықаралық олимпиададан түгел жүлдемен оралды

04 Маусым 2026 09:34see116

Сәтбаевта стадионды бүлдірген балалардың ата аналары жауапқа тартылады

04 Маусым 2026 10:13see115

​КамАЗ дың тежегіші істен шықты: жүргізуші Маңғыстаудағы жолда амалсыз жартасқа соғылды

04 Маусым 2026 19:44see115

ЖИ саласындағы Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығы ПХЭФ алаңында талқыланды

04 Маусым 2026 09:23see113

​Атырауда Керемет паркі лаулап жанды

04 Маусым 2026 10:34see112

Қазақстанда полиция мен армияның қатысуымен ауқымды операция басталды

05 Маусым 2026 09:45see110

Мұхамедиұлымен байланысты компаниядан 1,3 млрд теңгенің активі мемлекетке қайтарылды

05 Маусым 2026 10:48see109

Ғалымдар жойқын магниттік дауыл туралы ескертті

04 Маусым 2026 17:44see109

Баласы бар сотталған азаматтарға жеңілдіктер беріледі заңға түзету енгізілді

04 Маусым 2026 13:01see109

Ұлттық банк төрағасы базалық мөлшерлеме төмендегеннен кейін жылжымайтын мүлікке салынатын инвестицияларды бағалады

05 Маусым 2026 14:23see109

Олжас Бектенов: Агробизнес ауылда тұрақты жұмыс орындарын құруы тиіс

05 Маусым 2026 17:31see108

Президент Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы айтты

05 Маусым 2026 13:24see108

Пакетке салып, қоқысқа тастады : Атырауда мысық пен безектердің тағдырына байланысты дау туды

04 Маусым 2026 14:27see107

​Каспийде жыл басынан бері 32 ші жер сілкінісі болды

05 Маусым 2026 13:41see107

ЖСН, телефондар мен мекенжайлар: коллекторлардан барлық дерлік қазақстандықтардың деректері бар база табылды

05 Маусым 2026 12:03see107

Зейнетақы жинақтарын алуға неліктен рұқсат берілді және жеткіліктілік шегі не үшін көтеріліп жатыр Ұлттық банк басшысы түсіндірді

05 Маусым 2026 15:22see107

Елімізде 34 градусқа дейін ыстық болады

05 Маусым 2026 08:07see106

Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді

04 Маусым 2026 21:35see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары