Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Емханаларда ашық есік күні

Қазақстан мен Бельгия бірлескен білім беру бағдарламаларын дамытады

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

Кофені көп ішсе, не болады?

Тарихи ескерткіштер тазартылды

Бетперде киген және пышағы бар балалар алматылықтарды шошытты: полиция нені анықтады

Индер ауданында ауыл әйелдерінің халықаралық форумы өтті

Индер ауданында ауыл әйелдерінің халықаралық форумы өтті

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Аталмыш форумға Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарынан 100-ге жуық аналар мен қыз-келіншектер қатынасты. Ауылдық жерлердегі әйелдердің ролін талқылау, олардың көшбасшылық әлеуетін нығайту. Әйел кәсіпкерлерді қолдау және ілгерілету, экспорт пен кооперация мүмкіндіктерін кеңейту, ұрпақтар сабақтастығы мен дәстүрлі құндылықтарын нығайту мақсатында ұйымдастырылған форум арнайы шерумен ашылды. Шеруді аталар мен әжелер мектебі бастап шықты. Ауданда орналасқан өндірістік мекемелер мен шаруа қожалықтарының өндірген өнімдерден көрме ұйымдастырылды.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Марат Мурзиев форумның ашылуымен облыс әкімдігінің атынан құттықтап өтті. 

— Бұл форум Форум жұмысына қатысушы Ұлттық комиссия мүшелеріне, Ауыл партиясына, Астана қаласы мен Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарынан арнайы келген қадірлі меймандарға Атырау облысы әкім атынан зор ризашылық білдіреміз. Ауыл әйелінің бейнесі — ана, жар, ұстаз, кәсіпкер әрі еңбеккер ретінде еліміздің болашағы үшін маңызға ие. Сондықтан, бүгінгі форум — ауыл әйелінің мәртебесін арттырумен қатар, олардың идеялары мен ұсыныстарын ескеретін, нақты іс-шараларға негіз болатын алаң боларына сенеміз. Ауыл — біздің рухани түп-тамырымыз, дәстүр мен тәрбиенің бастауы. Ал әйел — сол ауылдың жылуын, берекесін, тірлігін сақтап отырған тірек. Бүгінгі форум аясында айтылған әрбір ұсыныс, бастама — тек ауыл әйелінің ғана емес, тұтас ауылдың, еліміздің болашағына салынған жол боларына сенемін, — деді аймақ басшысының орынбасары Марат Бисенғалиұлы өз сөзінде.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, «Ауыл партиясы орталық аппараты басшысының орынбасары Айгерім Сарсенбаева мемлекет тарапынан әйелдер қауымының мүддесі үшін ұланғайыр істер атқарылып жатырғанын тілге тиек етті. 

— Халықаралық ауыл әйелдері күнімен тұспа-тұс келіп отырған бүгінгі форум — әйелдердің ауылдағы әлеуетін, әлеуметтік-экономикалық белсенділігін арттыруға, көшбасшылық қабілеттерін дамытуға бағытталған нақты қадам. Бұл — ауыл әйелінің үні естілетін, еңбегі еленетін, ұсынысы назарға алынатын маңызды алаң. Қазіргі таңда ауыл әйелдері — тек отбасының ұйытқысы ғана емес, сонымен қатар мұғалім, дәрігер, кәсіпкер, мәслихат депутаты, қоғам белсендісі. Атырау да өз кәсібін дөңгелетіп отырған, ауылдастарын жұмыспен қамтып отырған, өнегелі істерімен елге үлгі болып жүрген әйелдер аз емес. Бұл — біз үшін үлкен мақтаныш! Бүгінгі форумның да басты мақсаты — сол еңбекті бағалау, тың идеяларды ортаға салып, ауыл әйелдерінің әлеуметтік, экономикалық және саяси белсенділігін арттыруға жол ашу, — деді құттықтау сөзінде. 

Республикалық «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары Қуаныш Сейтжанов партияның бастамасымен көпітеген игілікті істер атқарылып жатырғанын баяндап өтті. 

Форумының пленарлық отырысында Атырау облыстық кәсіпкерлікті дамыту басқармасының кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің басшысы Перизат Таңатова, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Әлфиа Төлеғариева, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты, «Нұралы» шаруа қожалығының жетекшісі Камшат Тулеуова, ауылшаруашылық ғылымының кандидаты, проефссор, Қостанай облыстық мәслихатының депутаты Гаиния Есееева, Батыс Қазақстан облысы «Ақжайық аудандық іскер әйелдер» кеңесінің төрағасы Лаззат Сейіткереева, «Аманат» партиясы Индер аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ақжібек Сабырғалиева, Құрманғазы ауданы отбасын қолдау орталығының бөлім басшысы Зәмзагүл Карсакова түрлі тақырыптар бойынша хабарлама жасады.

Статистика бойынша, елімізде ауылдық жерлердегі шағын және орта бизнесте жұмыс жасайтын әйелдердің үлесі артып келеді. Олар өз кәсіптерін ашып, жаңа жұмыс орындарын құрып, экономикалық өсімге де үлес қосты.

Аймақтық форумның екінші бөлімінде өз салалары бойынша белсенді қызмет атқарып жүрген бір топ қыз келіншектер «Жыл үздігі» атанып арнайы марапатталды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:197
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қазан 2025 17:39
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see145

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see144

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see141

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see137

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see137

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see136

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see130

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see130

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see128

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see126

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see123

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see121

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see118

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see118

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see118

Қазақстан мен Бельгия бірлескен білім беру бағдарламаларын дамытады

12 Қазан 2026 17:49see109

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

13 Қазан 2026 04:23see107

Кофені көп ішсе, не болады?

13 Қазан 2026 01:36see106

Тарихи ескерткіштер тазартылды

13 Қазан 2026 04:23see106

Бетперде киген және пышағы бар балалар алматылықтарды шошытты: полиция нені анықтады

12 Қазан 2026 16:53see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары