Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Қазақ дәстүрінде қыз алып қашу болмаған мәдениеттанушы

Қазақ дәстүрінде қыз алып қашу болмаған мәдениеттанушы

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Оның айтуынша, дәстүрлі қазақ қоғамында неке екі әулеттің келісіміне негізделген әлеуметтік институт болып, қыздың және ата-анасының келісімінсіз некеге тұрғызу ауыр қылмыс саналған. Мұндай әрекет тек жеке адамның ғана емес, бүкіл руға жасалған қорлық ретінде қабылданып, қатаң жаза қолданылған.

— Келісімсіз некеге тұру дәстүрлі қазақ қоғамында ауыр қылмыс болған. Мұндай жағдайлар тарихта кездескенімен, қызды өз еркімен алып кеткен жігіттер де әрдайым қатаң жазаланған. Мысалы, Естай Қорланды алып қашқанда немесе Маңғыстауда әнші әрі қолөнер шебері Қайып Қорабайұлы Ақбөбек басқаға айттырылған қыздың өз еркімен алып қашқанда да оны өлімші етіп сабады. Егер қыз айттырылмаған, бірақ екі жақ үйленуге келісе қалса, мәселе көбіне қалыңмал мен айып төлеу арқылы шешілген. Ал айттырылған қызды алып қашу бір рудың емес, үш рудың арасындағы қақтығысқа ұласып, дау күрделенген, — деді сарапшы.

Мәдениеттанушының айтуынша, «қыз алып қашу» ұғымының кең таралуы кеңес билігінің дәстүрлі неке рәсімдеріне, соның ішінде қалыңмалға тыйым салуы салдарынан болған. Бұл қоғамда бейресми, мәжбүрлі тәжірибелердің пайда болуына жол ашты.

Фото: Әбілхан Қастеевтің "Қыз алып қашу" картинасы /Jibek Joly TV

— Сол кезеңде «жастар өз еркімен қашып кетті» деген уәж жауапкершіліктен жалтарудың амалына айналды. Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романында да сол дәуірдің шындығы көрініс тапқан: түрлі әскери жасақтар, кейін кеңестік милиция мен шолақ белсенділер ауылдарға басып кіріп, қыз-келіншектерге зорлық көрсеткен. Уақыт өте келе бұл құбылыстар тарихи контекстен ажыратылып, қате түрде «ұлттық дәстүр» ретінде қабылдана бастады, — деді Зира Наурызбай.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында дәстүрді жаңғырту процесіне көбіне 1930 жылдардан кейін туған, ашаршылық пен ұжымдастырудан кейінгі буын араласты. Олар дәстүрлі қазақ қоғамын өз көзімен көрмеген, этнографиялық білімді көбіне кеңес кезіндегі оқулықтар мен идеологиялық еңбектер арқылы алған. Сол себепті, тарихи шындық пен кеңестік бейнелер араласып, қате түсінік қалыптасты.

Сарапшы кеңес идеологиясының әсерін де атап өтті. Сол кезеңде қазақ қоғамы «артта қалған», «жабайы», «әйел құқығын аяққа таптаған» орта ретінде сипатталған, әйелді ұрлау тақырыбы әдебиетте, кинода және ғылыми еңбектерде әсіреленіп көрсетілген. Кеңестік сипаттамалар кейін «ұлттық дәстүр» ретінде қайта ұсынылды, бірақ шын мәнінде, 1920–30 жылдары пайда болған зорлық-зомбылық дәстүрге жатпайды.

Зира Наурызбай бұл құбылыстың тек қазақ қоғамына ғана тән еместігін де атап өтті. 1917 жылғы төңкерістен кейін Ресей мен басқа өңірлерде де әлеуметтік күйзеліс салдарынан әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық күшейген, бірақ ол орыс халқының «ұлттық дәстүрі» ретінде қабылданбаған.

— Қыз алып қашуды дәстүр деп ақтау — тарихты бұрмалау және зорлық-зомбылықты ақтау. Сондай-ақ дәстүрдің озығы бар, тозығы бар дегендей, бұл мәселе 21 ғасырдың деңгейінде қоғамдық жауапкершілік тұрғысынан бағалануы керек, — деп түйіндеді сарапшы.

Фото: Kazinform

Айта кетейік, Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қыз алып қашу — ұлтымыздың беделіне нұқсан келтіретін жабайы қылмыс екенін айтқан еді.

Сонымен қатар, Президент Шымкентте Нұрай есімді бойжеткеннің кісі қолынан қаза болуы оқиғасына байланысты Бас прокуратураға дереу шара қолдану жөнінде тапсырма берді. Айта кетейік, марқұм Нұрай Серікбайдың өліміне күдікті ретінде 28 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл жағдай қоғамдағы қыз бала қауіпсіздігі мәселесінің өзектілігін тағы да көрсетті.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:128
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қаңтар 2026 19:17
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see138

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see137

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see136

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see135

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see135

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see134

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see133

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see133

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see132

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see129

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see126

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see119

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see118

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see116

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see116

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see115

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see115

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары