Қазақмыс қызметтік тұрғын үйлерді жұмыскерлердің меншігіне берді
Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС қызметкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік бағдарламасын іске асыруды жалғастыруда. Таяуда компания қызметтік пәтерлерді өңірлердегі жұмыскерлердің меншігіне өткізді.
Бағдарламаның осы кезеңінде 13 пәтердің меншік құқығы рәсімделді. Сегіз пәтер Балқаш қаласында, бес пәтер Жезқазған өңірінде орналасқан. Бағдарлама қызметтік тұрғын үйде тұратын және әлеуметтік тұрғыдан осал санатқа жататын жұмыскерлерге бағытталған. Салық пен міндетті төлемдерді толығымен компания өтеді. Осылайша қызметкерлерге баспананы қосымша қаржылық жүктемесіз иеленуге мүмкіндік берді.
Компания осы бағыттағы жұмысты жүйелі түрде жүргізіп келеді. Соңғы бірнеше жыл ішінде жұмыскерлерге 90-нан астам пәтердің кілті табысталды. Екінші тоқсанда тағы 23 пәтерді жеңілдетілген шартпен сату, сондай-ақ Балқаш қаласындағы қызметтік баспаналар жұмыскерлерге беру жоспарлануда.
Тұрғын үймен қамтамасыз ету – компанияның өз қызметкерлерін қолдауға және олардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жүйелі саясатының бір бөлігі.
Бүгін, 11:41
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:78
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Наурыз 2026 15:52 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















