Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Қазақстан алғашқы халықаралық OpenAI Edu for Countries тобына қосылды

Қазақстан алғашқы халықаралық OpenAI Edu for Countries тобына қосылды

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

OpenAI компаниясы OpenAI for Countries жаһандық бағдарламасы аясында Edu for Countries бастамасының алғашқы халықаралық тобын іске қосқанын жариялады. Қатысушы елдердің алғашқы легіне Эстония, Сингапур, Біріккен Араб Әмірліктері, Иордания, Грекия және Қазақстан кірді, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Қазақстанның бұл бастамаға қосылуы – жасанды интеллектінің білім беру саласына арналған мамандандырылған нұсқасы ChatGPT Edu-ды ұлттық білім беру жүйесіне жүйелі түрде енгізудің басталғанын білдіреді. Осылайша, Қазақстан аталған халықаралық бағдарламаға қосылған Орталық Азиядағы алғашқы ел атанды.

Edu for Countries бастамасына қатысу елдің білім беру саясаты үшін стратегиялық маңызға ие. ЖИ-дің оқыту процесіне ықпалы жөніндегі жаһандық пікірталастар жағдайында Қазақстан жасанды интеллект мұғалімді алмастырмайтынын, керісінше оның кәсіби мүмкіндіктерін күшейтетінін басшылыққа алады. ChatGPT Edu-ді қолдану педагогтердің әкімшілік және әдістемелік жүктемесін азайтуға, сондай-ақ оқыту сапасын арттыруға бағытталған.

Негізгі келісім OpenAI, Inc., Freedom Holding Corp. және өңірлік серіктес Bilim Group арасында жасалды. Жобаға мемлекеттік бюджет пен сыртқы гранттар тартылмайды, жеке қаражат есебінен жүзеге асырылады. Бұл іскерлік қоғамдастық көрсетіп отырған қолдауды айқындайды.

«Қазақстанның Edu for Countries алғашқы халықаралық тобына қосылуы Жасанды интеллект және цифрландыру жылы аясында жүзеге асуда. Бұл жасанды интеллектіні негізгі салаларға енгізудегі жүйелі тәсілді көрсетеді. ChatGPT Edu-ды педагогтерді қолдаудың және зерттеу ортасын дамытудың практикалық құралы ретінде қарастырамыз. Бағдарлама ұлттық білім беру стандарттарын, қауіпсіздік талаптарын және тең қолжетімділік қағидатын ескере отырып, іске асырылады», – деп атап өтті Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.

ChatGPT Edu-ды Қазақстанда енгізу аясында елдің білім беру ұйымдарына 165 000 лицензияны тегін беру көзделген, оның ішінде:

100 000 лицензия – мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру педагогтері үшін;
62 800 лицензия – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының оқытушылары мен әкімшілік қызметкерлері үшін;
2 200 лицензия – Astana Hub экожүйесінің қатысушылары үшін. 

«OpenAI-мен әріптестікті болашақтың білім беру моделін қалыптастыратын бірегей жоба ретінде қарастырамыз. ChatGPT Edu – оқытушы мен зерттеуші мүмкіндіктерін алмастырмайды, тиісінше күшейтеді әрі ол университеттерге арналған кешенді шешім. Жасанды интеллект адамды алмастыратын құрал емес, сыни түсінік пен оны қолдану мәдениеті болған жағдайда ойлауды күшейтеді. Білім беру мен ғылымда ЖИ оқу материалдарын дайындауды жеделдетуге, студенттермен кері байланыс сапасын арттыруға және зерттеу қызметі үшін жаңа мүмкіндік ашуға мүмкіндік береді. Бұл – Қазақстанда бәсекеге қабілетті, AI-сауатты академиялық ортаны қалыптастырудың маңызды элементі. Қазақстан білім беруді автоматтандыруға емес, адами әлеуетті кеңейтуге басымдық береді. Біз жасанды интеллектіні тек пайдаланатын емес, оны жасайтын мамандарды дайындаймыз», – деп атап өтті ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

«Білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізуді біз педагог рөлін күшейтудің стратегиялық қадамы ретінде қарастырамыз. Жасанды интеллект мұғалімге тән емес бірқатар міндеттерді өз мойнына алып, оның көмекшісіне айналады. ChatGPT Edu сияқты құралдар педагогтердің интеллектуалдық көмекшісі болып, мүмкіндіктерін кеңейтеді және әрбір білім алушының жеке қажеттілігіне сай жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Жасанды интеллект дайын жауап көзі емес, ойлауды, жауапкершілікті және цифрлық мәдениетті дамытуға арналған ресурс. Ол дайындық деңгейі әртүрлі білім алушыларға арналған сараланған оқу материалдарын жедел әзірлеуге, кері байланыстың тиімділігін арттыруға және заманауи технологиямен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі.

Қазақстан үшін ЖИ-дің пассивті тұтынушыларын емес, онымен саналы, сыни және жасампаз түрде әрекеттесе алатын ұрпақты тәрбиелеу ерекше маңызды. Біздің мақсатымыз – адами әлеуетті дамыту және болашақтың сын-қатерлеріне дайын білім беру ортасын қалыптастыру», – деп атап өтті Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ж.Сүлейменова.

ChatGPT Edu педагогтерге тапсырмалар мен тестті, оқу материалдарын әзірлеуге, контентті білім алушылар деңгейіне бейімдеуге, сондай-ақ қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде материалдар дайындауға арналған құралдарды ұсынады. Жұмыстарды тексеру кезінде жүйе кері байланысу мен бағалау критерийлерін қалыптастыруда пайдаланылуы мүмкін, алайда бағалауға қатысты барлық шешімдер оқытушы құзыретінде қалады.

2026 жылғы қаңтардан бастап OpenAI мамандарымен бірлесіп ChatGPT Edu-ды білім беру, әкімшілік және зерттеу қызметінде қолдану бойынша тұрақты оқыту ұйымдастырылады. Бұл ЖИ-ді пайдалануда бірыңғай тәсілдерді қамтамасыз етуге және педагогтердің цифрлық әрі AI-сауаттылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Білім беру ұйымдары үшін ақпараттық қауіпсіздік пен дербес деректерді қорғау саласындағы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ететін арнайы жұмыс кеңістігі қарастырылған.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:202
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қаңтар 2026 13:26
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары