Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қоқыс, ішек таяқшасы және шомылуға тыйым. Жаздың ең ыстық күндерінде Сайрандағы жағдай қандай?

Цифрлық байлыққа бастар бағыт

Ормұз бұғазында екі мұнай танкері жарылды

Испания футболдан екі дүркін әлем чемпионы атанды

Шакира әлем чемпионатының финалында көпшілікті тәнті етті: жанкүйерлер желіні шулатуда

Бірін Месси шомылдырған, бірінің ата анасы Сахараны жаяу кесіп өткен: әлем чемпиондары туралы қызық деректер

Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап сұр көліктерге қарсы жаңа шаралар жарияланды

Шығыс Қазақстан облысында кәсіпорын 49 қызметкерге жалақысын төлемеген

Қазақстанда жүргізушілерге қатысты жаңа заң 25 тамыздан бастап күшіне енеді

Тоқаев Бельгия королін құттықтады

Биыл автомобиль мамандарын даярлауға 3 мыңнан астам грант бөлінді

Сатылмаған киімдерді жоюға және қайтаруға болмайды: ЕО да экодизайн ережелері күшіне енді

Wildberries қоймасындағы өрт: өтемақы, сақтандыру және кәсіпкерлерге сабақ

Ала доп аламаны аяқталды

Алматыда жасөспірімдер арасында үстел теннисінен халықаралық турнирі өтеді

Мас жүргізушілер мен құқығынан айырылғандар Ақтөбе облысында рейдтер өтті

Иранның одақтасы Сауд Арабиясына теңіз блокадасы басталғанын жариялады

Мұнай танкеріне шабуыл жасалды: Энергетика министрлігі не дейді

Өскеменде көлік аударылып, екі жасөспірім қаза тапты

Әскерде зорлық жасады : ақша табу үшін елді алдаған астаналық сотталды

Қазақстан OpenAI Edu for Countries халықаралық бағдарламасының алғашқы легіне қосылды

Қазақстан OpenAI Edu for Countries халықаралық бағдарламасының алғашқы легіне қосылды

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Ғылым және жоғары білім министрлігі мәліметінше, бұл Қазақстанның ұлттық білім беру жүйесі мен цифрлық даму әлеуетіне деген халықаралық сенімнің жоғары деңгейін айғақтайды.

Қазақстанның бұл бастамаға қосылуы жасанды интеллектінің білім беруге арналған арнайы нұсқасы – ChatGPT Edu жүйесін ұлттық білім беру жүйесіне жүйелі түрде енгізудің басталуын білдіреді. Қазақстан аталған халықаралық бағдарламаға қатысқан Орталық Азиядағы алғашқы мемлекет атанды.

Edu for Countries бағдарламасына қатысу еліміздің білім беру саясаты үшін стратегиялық маңызға ие. Жасанды интеллектінің оқыту үдерісіне ықпалы жөніндегі жаһандық пікірталастар жағдайында Қазақстан жасанды интеллект оқытушыны алмастырмайтынын, керісінше оның кәсіби мүмкіндіктерін күшейтетінін басшылыққа алады. ChatGPT Edu жүйесін қолдану педагогтердің әкімшілік және әдістемелік жүктемесін азайтуға, сондай-ақ сапалы әрі жекелендірілген оқытуға қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Жоба 2025 жылғы 6 қарашада Мемлекет басшысының Америка Құрама Штаттарына жасаған ресми сапары барысында қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум аясында қол жеткізілген келісімдер негізінде іске асырылады. Негізгі келісім OpenAI, Inc., Freedom Holding Corp. және өңірлік серіктес Bilim Group арасында жасалды. Жоба мемлекеттік бюджет немесе сыртқы гранттар тартылмай, жеке қаражат есебінен жүзеге асырылады. Бұл – іскерлік қауымдастық тарапынан көрсетілген сенімді қолдаудың айқын көрінісі.

– Қазақстанның Edu for Countries бағдарламасының алғашқы халықаралық легіне қосылуы Жасанды интеллект және цифрландыру жылымен тұспа-тұс келіп отыр және бұл біздің жасанды интеллектіні негізгі салаларға жүйелі түрде енгізуге бағытталған ұстанымымызды көрсетеді. Біз ChatGPT Edu-ді педагогтерді қолдаудың және ғылыми-зерттеу ортасын дамытудың практикалық құралы ретінде қарастырамыз. Бағдарлама ұлттық білім беру стандарттарын, қауіпсіздік талаптарын және тең қолжетімділік қағидатын ескере отырып іске асырылады, – деп атап өтті ҚР Премьер-министрдің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.

Қазақстанда ChatGPT Edu жүйесін енгізу аясында елдің білім беру ұйымдарына 165 000 лицензияны тегін беру көзделген, оның ішінде:

100 000 лицензия – мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру педагогтеріне;

62 800 лицензия – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының оқытушылары мен әкімшілік қызметкерлеріне;

2 200 лицензия – Astana Hub экожүйесінің қатысушыларына арналған.

– Біз OpenAI компаниясымен әріптестікті болашақ білім беру моделінің негізін қалайтын бірегей жоба ретінде қарастырамыз, ал ChatGPT Edu-ді оқытушы мен зерттеушінің мүмкіндіктерін алмастырмайтын, керісінше кеңейтетін кешенді шешім деп білеміз. Жасанды интеллект – адамды алмастыратын құрал емес, сыни ойлау мен оны қолдану мәдениеті қалыптасқан жағдайда ойлау қабілетін күшейтетін құрал. Білім беру мен ғылымда ЖИ оқу материалдарын әзірлеуді жеделдетуге, студенттермен кері байланыстың сапасын арттыруға және зерттеу жұмыстары үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға жол ашады. Бұл – Қазақстанда бәсекеге қабілетті, AI-сауатты академиялық ортаны қалыптастырудың маңызды бөлігі. Қазақстан білім беруді автоматтандыруға емес, адам әлеуетін кеңейтуге басымдық береді. Біз жасанды интеллектіні тек пайдаланатын емес, оны жасайтын мамандарды дайындаймыз, – деп атап өтті ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

ChatGPT Edu педагогтерге оқу материалдарын, тапсырмалар мен тесттерді дайындауға, контентті білім алушылардың деңгейіне бейімдеуге, сондай-ақ қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқу материалдарын әзірлеуге мүмкіндік береді. Жұмыстарды тексеру барысында жүйе бағалау критерийлерін қалыптастыруға және кері байланыс әзірлеуге қолданылуы мүмкін, алайда бағалауға қатысты барлық шешім толықтай оқытушының құзыретінде қалады.

– Біз жасанды интеллектіні білім беру жүйесіне енгізуді педагогтердің рөлін күшейтуге бағытталған стратегиялық қадам ретінде қарастырамыз. Жасанды интеллект педагогке тән емес бірқатар міндетті өз мойнына алып, оның сенімді көмекшісіне айналады. ChatGPT Edu секілді құралдар педагогтердің зияткерлік серіктесіне айналып, олардың мүмкіндіктерін кеңейтеді және әрбір білім алушыға жеке тәсілді күшейтеді. Жасанды интеллект – дайын жауаптардың көзі емес, ойлау, жауапкершілік және цифрлық мәдениетті дамытуға арналған ресурс. Ол әртүрлі дайындық деңгейіндегі оқушыларға арналған сараланған оқу материалдарын жедел әзірлеуге, кері байланыстың тиімділігін арттыруға және білім алушылардың заманауи технологиялармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі. Қазақстан үшін жасанды интеллектінің пассивті тұтынушылары емес, онымен саналы, сыни және шығармашылық тұрғыда әрекеттесе алатын ұрпақ тәрбиелеу ерекше маңызды. Біздің мақсатымыз – адам капиталын дамыту және болашақ сын-қатерлеріне дайын білім беру ортасын қалыптастыру, – деді ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова.

2026 жылғы қаңтар айынан бастап OpenAI мамандарымен бірлесіп, ChatGPT Edu жүйесін білім беру, әкімшілік және ғылыми-зерттеу қызметінде практикалық тұрғыда қолдану бойынша пайдаланушыларды тұрақты түрде оқыту ұйымдастырылады. Бұл жасанды интеллектіні қолдануда бірыңғай тәсілдерді қалыптастыруға және педагогтердің цифрлық әрі AI-сауаттылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Білім беру ұйымдары үшін ақпараттық қауіпсіздік пен дербес деректерді қорғау саласындағы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ететін арнайы жұмыс кеңістігі қарастырылған.

– Astana Hub адами капиталды дамытуға және орнықты технологиялық экожүйе қалыптастыруға ерекше мән береді. Инновациялық кластер аясында стартап негізін қалаушылар үшін командаларды дамыту мен өнімдерді түрлі даму кезеңдерінде ілгерілетуге бағытталған инкубациялық және акселерациялық бағдарламалар жүзеге асырылады, ал білім беру бастамалары жоғары білікті мамандар даярлауға бағытталған. Edu for Countries бастамасына қосылу және ChatGPT Edu құралдарына қол жеткізу Tomorrow School peer-to-peer мектебі мен Tech Orda бағдарламасының студенттері үшін білім алу мүмкіндіктерін кеңейтіп, олардың AI-құзыреттерін дамытуға және жасанды интеллект технологияларын тәжірибеде қолдануына жол ашады, – деп атап өтті Astana Hub басқарушы директоры Валерия Тё.

ChatGPT Edu жүйесін әлемнің жетекші білім беру ұйымдарында енгізудің халықаралық тәжірибесі білім алушылардың қызығушылығының артқанын, оқу материалдарының сапасының жақсарғанын және оқытушылар уақытының оңтайландырылғанын көрсетіп отыр. Бұл нәтижелер технологияны Қазақстанның білім беру жүйесіне кезең-кезеңімен енгізу барысында ескерілетін болады.

Айта кетейік, OpenAI балаларды қорғау үшін ChatGPT-ге жасты тексеретін жүйе енгізеді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:161
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қаңтар 2026 16:14
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қоқыс, ішек таяқшасы және шомылуға тыйым. Жаздың ең ыстық күндерінде Сайрандағы жағдай қандай?

20 Шілде 2026 10:24see133

Цифрлық байлыққа бастар бағыт

21 Шілде 2026 05:01see124

Ормұз бұғазында екі мұнай танкері жарылды

20 Шілде 2026 17:09see123

Испания футболдан екі дүркін әлем чемпионы атанды

20 Шілде 2026 08:04see118

Шакира әлем чемпионатының финалында көпшілікті тәнті етті: жанкүйерлер желіні шулатуда

20 Шілде 2026 16:03see116

Бірін Месси шомылдырған, бірінің ата анасы Сахараны жаяу кесіп өткен: әлем чемпиондары туралы қызық деректер

20 Шілде 2026 14:24see113

Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап сұр көліктерге қарсы жаңа шаралар жарияланды

21 Шілде 2026 16:59see111

Шығыс Қазақстан облысында кәсіпорын 49 қызметкерге жалақысын төлемеген

21 Шілде 2026 17:16see110

Қазақстанда жүргізушілерге қатысты жаңа заң 25 тамыздан бастап күшіне енеді

20 Шілде 2026 23:54see110

Тоқаев Бельгия королін құттықтады

21 Шілде 2026 17:00see110

Биыл автомобиль мамандарын даярлауға 3 мыңнан астам грант бөлінді

21 Шілде 2026 17:17see109

Сатылмаған киімдерді жоюға және қайтаруға болмайды: ЕО да экодизайн ережелері күшіне енді

20 Шілде 2026 08:47see109

Wildberries қоймасындағы өрт: өтемақы, сақтандыру және кәсіпкерлерге сабақ

20 Шілде 2026 15:51see109

Ала доп аламаны аяқталды

21 Шілде 2026 07:05see109

Алматыда жасөспірімдер арасында үстел теннисінен халықаралық турнирі өтеді

20 Шілде 2026 23:54see108

Мас жүргізушілер мен құқығынан айырылғандар Ақтөбе облысында рейдтер өтті

20 Шілде 2026 15:22see108

Иранның одақтасы Сауд Арабиясына теңіз блокадасы басталғанын жариялады

20 Шілде 2026 21:12see107

Мұнай танкеріне шабуыл жасалды: Энергетика министрлігі не дейді

20 Шілде 2026 17:29see106

Өскеменде көлік аударылып, екі жасөспірім қаза тапты

20 Шілде 2026 23:54see104

Әскерде зорлық жасады : ақша табу үшін елді алдаған астаналық сотталды

21 Шілде 2026 17:55see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары