Қазақстан Әскери теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы ұсталды
Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Қазақстанда Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот оны қамауға алуды санкциялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Tengrinews.kz редакциясының сауалына берген жауабында мәлімдеді.
"ІІМ әскери-тергеу бөлінісі Каспий теңізіндегі жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болуы дерегі бойынша қылмыстық істі тергеу аясында, қызметіне салғырт қарағаны үшін Қазақстан Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы, 1-дәрежелі капитанды ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады", - деп хабарлады ІІМ.
Соттың санкциясымен ол қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
Айта кетейік, Қазақстан ӘТК бас қолбасшысы лауазымын Қанат Ниязбеков атқарған болатын. Өткен сенбіде ол, сондай-ақ Қорғаныс министрінің екі орынбасары қызметтерінен босатылды. Тиісті өкімге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
Материал толықтырылып жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:64
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қазан 2026 15:18 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















