Қазақстан азаматы Бурятияда қар көшкіні салдарынан көз жұмды
Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
АСТАНА, 29 сәуір – Sputnik. Қазақстан азаматы Буритияда қар көшкіні салдарынан көз жұмды.
Бұл ақпаратты Қазақстанның сыртқы істер министрлігі растады.
"Министрлік Ресей Федерациясының құзыретті органдарынан осы жылдың 28 сәуірінде алынған ресми ақпаратқа сәйкес, Бурятия Республикасының Муй ауданында, Ирокинда елді мекенінен 13 шақырым жерде қар көшкіні салдарынан 1990 жылы туған Қазақстан азаматы қаза тапқанын растайды", - деп жазылған хабарламада.
Қолда бар мәліметке сәйкес, қар көшкіні астында алты адам қалған.
Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Ресей Федерациясының құзыретті органдарымен тікелей байланыста екенін жеткізді.
Аталған мәселе министрліктің бақылауында, дейді ведомствода.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:86
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Сәуір 2026 19:43 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















