Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Қазақстан мен Грузияның агроөнеркәсіп өнімдері бойынша өзара сауда көлемі 77 пайызға өскен

Қазақстан мен Грузияның агроөнеркәсіп өнімдері бойынша өзара сауда көлемі 77 пайызға өскен

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың Қазақстандағы Грузияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Леван Диасамидземен кездесуі барысында мәлім болды.

Айта кетейік, кездесу барысында тараптар агроөнеркәсіп кешені саласындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі дамыту мүмкіндіктерін талқылады.

Айдарбек Сапаровтың айтуынша, Қазақстаннан Грузияға негізінен бидай мен меслин, айран сарысуы, пияз, шошқа еті және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдері экспортталады.

Айдарбек Сапаров өзара сауда құрылымын әртараптандыруға қызығушылық зор екенін атап өтті.

- Біздің ел азық-түлік өнімдерін жеткізетін негізгі мемлекеттердің бірі ретінде өз орнын нығайтып келеді. Грузия нарығына астық, ұн, өсімдік майлары, макарон өнімдері, шошқа және қой еті, сүт өнімдері, кондитерлік өнімдер жеткізуді кеңейтуге мүмкіндігіміз бар. Экспорт көлемін одан әрі арттыруға дайынбыз, – деді министр.

Өз кезегінде Леван Диасамидзе де ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ынталы екенін айтты.

- Бірлескен жобаларды дамыту елдеріміз арасындағы сауда-экономикалық байланыстарға қосымша серпін беретіні сөзсіз, – деді елші.

Екі елдің ветеринариялық қызметтері арасындағы өзара іс-қимыл да арта түсті.

Өткен жылдың қаңтар айында Қазақстаннан Грузияға асыл тұқымды және шаруашылық мақсатындағы ірі қара мен ұсақ малды, сондай-ақ союға арналған малды экспорттауға арналған ветеринариялық сертификаттар келісіліп, рәсімделді. Қазіргі уақытта тірі шошқа мен шошқа етін экспорттауға қойылатын ветеринариялық-санитариялық талаптарды келісу жұмыстары жүріп жатыр.

Тараптар бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін де назардан тыс қалдырмады.

2023 жылдан бастап Қазақстан аумағында QVM Technology, Ordabasy Group және «Ервира» компаниялары грузиялық Olive Georgia компаниясымен бірлесіп зәйтүн ағаштарын тәжірибелік түрде отырғызу жобасын іске асырып келеді. Түркістан, Маңғыстау облыстарында және Жетісу облысында 6 мыңнан астам көшет отырғызылды. Алғашқы өнім бес жыл ішінде алынады деп күтіліп отыр.

2030 жылға қарай «QVM Technology» компаниясы Қазақстанда зәйтүнді өңдеп, зәйтүн майын өндіретін зауыт іске қосуды жоспарлап отыр.

Кездесу иелері ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ынталы екендіктерін жеткізді.

Осыған дейін Қазақстан мен Грузия туризм және спорт саласындағы серіктестікті нығайтатыны туралы жаздық.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:113
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Наурыз 2026 16:39
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see139

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see139

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see137

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see137

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see136

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see135

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see135

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see134

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see133

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see130

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see128

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see128

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see127

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see120

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see120

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see117

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see117

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see116

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see116

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары