Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

Жемісті жеті жыл

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Қазақстан мен Индонезия сауда, логистика және агроөнеркәсіп салаларындағы ынтымақтастықты арттырады

Қазақстан мен Индонезия сауда, логистика және агроөнеркәсіп салаларындағы ынтымақтастықты арттырады

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Қазақстан делегациясын Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, Индонезия делегациясын Индонезияның Экономикалық істер жөніндегі үйлестіруші министрі Аирлангга Хартарто басқарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Отырысқа екі елдің мемлекеттік органдарының, «Атамекен» ҰКП-ның, дипломатиялық миссиялар мен бизнес өкілдері қатысты. Тараптар сауда, инвестиция, көлік-логистика, энергетика, цифрландыру, ауыл шаруашылығы, стандарттау және туризм мәселелерін талқылады.

«Индонезия — Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы негізгі экономикалық серіктестерінің бірі. Біз екіжақты қатынастарды жаңа сапалы деңгейге көтеруге мүдделіміз. Екі ел арасында сауда-экономикалық, мәдени және басқа да салаларды қамтитын 26 келісім бар», — деді Серік Жұманғарин.

Вице-премьер өткен жылдың желтоқсан айында қол қойылған ЕАЭО мен Индонезия арасындағы еркін сауда туралы келісімнің маңызын да ерекше атап өтті.

«Бұл — ЕАЭО мен АСЕАН-ның ең ірі экономикасы арасындағы стратегиялық көпір. Ол экспорт пен өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға жаңа мүмкіндік ашады», — деді Серік Жұманғарин.

Қазақстан өзара жеткізілетін тауарлар номенклатурасын кеңейтуді және қолданыстағы сауда бағыттарын жандандыруды ұсынды. Қазақстан тарапының мәліметінше, 20 тауарлық позиция бойынша экспорттық әлеует $60 млн-нан асады.

Перспективалы бағыттардың қатарында Индонезияның болат құю және автомобиль өнеркәсібіне қазақстандық ферроқорытпаларды жеткізу, сондай-ақ астық экспортын ұлғайту аталды.

«Биыл Индонезияның бидай импортына деген сұранысы 13 млн тоннаға дейін өсуі мүмкін. Қазақстан Индонезияның ұн өндіру өнеркәсібіне жоғары сапалы, желімтегі жоғары бидайды тұрақты түрде жеткізуге дайын», — деді Серік Жұманғарин.

Тараптар халал өнімдері саласындағы ынтымақтастыққа да ерекше назар аударды. Қазақстан Индонезия нарығына сиыр еті, қой еті және ет консервілерін жеткізу көлемін арттыруға дайын екенін мәлімдеді.

Экспорттық әлеуеттің мысалы ретінде Серік Жұманғарин «Қайып ата» ЖШС жобасын таныстырды.

«Бүгінде біз Орталық Азиядағы сиыр етін жеткізуші жетекші елдердің біріміз. Екі жыл бұрын аустралиялық әріптестердің тәжірибесін зерттеп, оны Қазақстанда енгіздік. Нәтижесінде, елімізде 50 мың бас малға арналған толық циклді ең ірі кластер құрылды», — деді ол.

Индонезия тарапы азық-түлік қауіпсіздігі, халал индустриясы және энергетика салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық танытатынын растады.

«Біз инвестиция, энергетика, цифрлық трансформация, туризм, стандарттау, денсаулық сақтау салалары мен бизнес қауымдастықтары арасындағы өзара іс-қимыл бағыттарында бірқатар екіжақты бастамалар бойынша ілгерілеу барын атап өткіміз келеді», — деп атап өтті Аирлангга Хартарто.

Сондай-ақ Аирлангга Хартарто Индонезия мен ЕАЭО арасындағы еркін сауда туралы келісімді ратификациялау процесін жеделдетуді қолдап, Индонезия–ЕАЭО Іскерлік кеңесін құруды ұсынды.

Стандарттау саласында тараптар Қазақстанның стандарттау және метрология институты мен Индонезияның Ұлттық стандарттау агенттігі арасындағы меморандумды әзірлеу мәселесін сөз етті.

Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азия арасындағы көлік байланысын дамытуға да ерекше назар аударылды. Тараптар мультимодальды көлік бағыттарын және Ляньюньган дәлізі арқылы контейнерлік теміржол қатынасының пилоттық жобасын талқылады.

Туристік қатынас та артып келеді. Қазақстаннан Индонезияға барған туристер саны 2023 жылғы 8,2 мың адамнан 2025 жылы 24,4 мың адамға дейін өсті.

Отырыс қорытындысында Қазақстан мен Индонезияның экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының екінші отырысының хаттамасына қол қойылды.

Қазақстанның Индонезияға экспорттайтын негізгі тауарлары — ферроқорытпалар, ақпараттық жүйелерге арналған құрамдас бөлшектер, өңделген тері, геодезиялық құралдар, металл және резеңке бұйымдары. Қазақстан Индонезиядан теледидарлар, мониторлар, құрылыс техникасын, пальма майын, аяқ киім, музыкалық аспаптар және басқа да өнеркәсіптік өнімдерді импорттайды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:127
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Мамыр 2026 10:57
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see152

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see150

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see150

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see150

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see149

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see148

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see145

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see145

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see144

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see143

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see143

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see143

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see142

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see142

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see141

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see141

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see140

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see140

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see138

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see138
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары