Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Қазақстан мен Корея ғарыш саласында күш біріктіреді

Қазақстан мен Корея ғарыш саласында күш біріктіреді

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі  Жаслан Мәдиев бастаған  Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің делегациясы бірқатар кездесулер өткізіп, ғарыш саласындағы ынтымақтастық жөнінде меморандумдарға қол қойды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Олардың қатарында ҚР ЖИЦДМ жанындағы Аэроғарыш комитеті мен Кореяның аэроғарыш агенттігі (KASA) арасындағы ғарыш қызметі саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобының үшінші отырысы өтті.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен оны одан әрі дамыту мүмкіндіктері, сондай-ақ ғарыш қызметі саласындағы өзара іс-қимылдың перспективалы бағыттары талқыланды.

Ғарыш саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге ҚР ЖИЦДМ жанындағы Аэроғарыш комитеті, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ және CONTEC Co., Ltd. компаниясы қол қойды.

Келісім спутник жасау, жерүсті инфрақұрылымын дамыту, Жерді қашықтан зондтау деректерін өңдеу және коммерцияландыру, сондай-ақ Қазақстан, Корея Республикасы, Орталық Азия елдері және басқа да мемлекеттер нарықтарындағы қатысуды кеңейту бағыттарында стратегиялық өзара іс-қимылды көздейді.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ,  Ghalam  ЖШС, CONTEC Co., Ltd. және APSI арасында қазақстандық  Ghalam  ЖШС-мен технологиялық және инвестициялық өзара іс-қимылды дамыту жөнінде инвестициялық келісімге қол қойылды. Құжат кәсіпорынның әлеуетін нығайтуға және жаңа технологиялық құзыреттерді дамытуға бағытталған.

Ынтымақтастықтың практикалық жалғасы ретінде «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мен Nara Space Technology Inc. арасында Қазақстан аумағындағы метан шығарындыларын мониторингтеу үшін спутниктік деректер ұсыну туралы келісім жасалды.

Келісім GYEONGGISat-2A және GYEONGGISat-2B спутниктерінен, сондай-ақ метан шығарындылары көздерін бақылауға арналған NarSha спутниктік тобынан деректер ұсынуды көздейді. Алынған ақпаратты Қазақстанның мемлекеттік органдары мен өнеркәсіп саласының өкілдері пайдалана алады.

Спутниктік деректерді қолданудың негізгі бағыттарының бірі мұнай-газ саласындағы нысандардан, соның ішінде мұнай өңдеу кәсіпорындары мен табиғи газ инфрақұрылымынан шығатын метан шығарындыларын мониторингтеу болады. Деректерді MRV (Measurement, Reporting and Verification) жүйелері аясында өлшеу, есептілік және верификация бойынша талдамалық ақпарат қалыптастыру үшін де пайдалануға болады.

CONTEC Space Group – Кореяның жетекші жекеменшік ғарыш компанияларының бірі. Оның негізін қалаушы Корей аэроғарыштық зерттеулер институтында (KARI) 16 жыл жұмыс істеген. Топ құрамына CONTEC, Asia Pacific Satellite Corporation және Texas Space Communication компаниялары кіреді. Компания Оңтүстік Кореяның мемлекеттік спутниктеріне борттық компьютерлер жеткізеді және әлем бойынша Чилиде, Аляскада, Техаста, Оңтүстік Африка Республикасында және Аустралияда орналасқан 17 жерүсті стансасын басқарады. Сонымен қатар Kongsberg Group, Safran және басқа да әлемдік сала өкілдерімен әріптестік байланыс орнатқан.

Nara Space Technology Inc. – шағын спутниктер мен метан шығарындыларын мониторингтеуге арналған спутниктік шешімдерді әзірлеу және пайдалану бағытында маманданған оңтүстіккореялық компания. GYEONGGISat-2A және GYEONGGISat-2B спутниктерін компания Кёнгидо провинциясымен әріптестікте әзірлеген.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:136
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қыркүйек 2026 13:25
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары